• Басты
  • Жастар жылы: Маңғыстау облысы жылды қалай өткізеді
4 Қаңтар, 2019 17:56

Жастар жылы: Маңғыстау облысы жылды қалай өткізеді

Биыл Маңғыстау облысында Жастар жылына орай 100 шара өткізіледі. 3000 орындық жатақхана салынып, 200 ден астам жасқа үй алуға несие беріледі. Оның ішінде Каспий маңы мелекеттері жастарының форумы бар. Маңғыстау облысы Жастар жылы қандай шара өткізуді жоспарлап отырғанын келесі материалдан оқи аласыздар.

Жастар жылы: Маңғыстау облысы жылды қалай өткізеді | Strategy2050.kz

Маңғыстау облысы бойынша бүгінгі таңда 14 пен 29 жас аралығында 145 657 жас бар, бұл жалпы облыс тұрғындарының 22,1% пайызын құрайды. Қалаларда – 70 174, ауылдық жерлерде 75 483 жас тұрады.

Аймақта 8 жастар ресурстық орталығы  қызмет атқарады, оның ішінде 1-облыстық және аудан, қала деңгейінде,  7 - «Жастардың ресурстық орталықтары» коммуналдық мемлекеттік мекемелері.

Шаралар

Жыл басында «Жастар жылының» ашылу рәсімін ұйымдастырып, өңір жастарына жобаларды таныстырылады.Оның ішінде 2 ірі халықаралық шара ұйымдастыру көзделіп отыр.

Бірінші, тамыз айында Ақтау саммитінің 1 жылдығы аясында Маңғыстауға шекаралас мемлекет жастарының «Жастар достығы – 2019» форумы.

Екінші халықаралық ауқымды шара – Жастар марафоны. Мамыр айына жоспарланған шараға тек Каспий маңы емес, дүниежүзі елдерінен ниеттілер қатыса алады. Бұл шара – Ақтаудың танымалдылығына, Маңғыстау облысының имиджіне оң әсерін тигізеді. 

 «Туған жер upgrade» Шерқала немесе Айрақты тауы етегінде өтетін көшпелі жастар кездесу-тренингі. Республика бойынша «100 жаңа есімге» енген, жетістікке жеткен тұлғалар шақырылады. Жас блогерлердің медиа-туры қыркүйек айына жоспарланған шараға әлеуметтік желіде танымал жастар, вайнерлер қатыстырылмақ.

Әлеуметтік грант әлеуметтік жобаны іске асыруды көздеген жастарға Бүкіләлемдік банк 1 млн теңгеге дейін қаржы бөлмек. Олар өндірген өнім сатылымға емес, балалар үйіне, аз қамтылған отбасыларға беріледі.

Өңірдің жас ғалымдарын инвесторлармен таныстыру, оларды халықаралық көрмелерге қатыстыру және еңбегін таныту мақсатында «Жас ғалымдар» форумы өтеді.

Жастардың сапалы білім алуы үшін облыс әкімінің арнайы грантын бөлінеді. «Серпін» бағдарламасы бойынша 600-700-ге жуық жасты оқуға тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ барлық мектепте кәсіптік бағдарлау кабинеттерін ашатын боламыз.

Қорытынды нәтижелер

Өткен жылы  9119 жас жұмысқа орналасқан. Жарты жылда бір рет облыстық қоғамдық тыңдау өткізіледі. Еңбек нарығына қажет мамандықтар картасын әзірлеп, оқу орындарына таратылады.«Жасыл ел» бағдарламасымен жаз айларында жұмыспен қамтылатын жастар саны 1500-ге жетпек. Қазір облыста «7-20-25» бағдарламасымен 241 отбасы баспаналы болса, соның 200-і жас отбасы. Сонымен қатар, 3000 орындық жатақхананың құрылысы басталады. Ал «Дипломмен алуға» бағдарламасы бойынша 200-ден астам жасқа үй алуға несие беріледі.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды