- Басты
- Жаңалықтар
- Жастарды қолдау: Тегін білім беру және жұмыспен қамту
Жастарды қолдау: Тегін білім беру және жұмыспен қамту
Бағдарламаны іске асырудың екі жылында 41 мың жас азамат тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылды, бұл оларға алғашқы мамандықты алуға мүмкіндік берді, 41,5 мыңы еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтылды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағандар қатарынан 23,4 мың адам немесе 68%-ы тұрақты жұмыс орындарына орналасқан.
«Бастау–Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне 28,3 мың адам (100%) оқытылды, олардың ішінде 19,5 мыңы бизнес жобаларын қорғады, 6,3 мыңы шағын несиелер алды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту еңбек нарығында талап етілетін біліктілік пен дағдылар бойынша жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Бағдарламаның шарттарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығының ерекшеліктері мен құрылымына сүйене отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар тізімін қалыптастырады және бекітеді.
2018 жылы Бағдарлама аясында оқыту негізінен туризм және қызмет көрсету, тамақтану орындары, жеңіл өнеркәсіп және техникалық мамандықтар бойынша сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізілді. 2018 жылдың қараша айында Бағдарлама мемлекеттік бағдарлама ретінде қайта бекітілді.
Қысқа мерзімді кәсіптік білім беруді ұйымдастыру тәсілдері қайта қаралды. Түлектердің кемінде 60% жұмыспен қамту тұрғысынан оқу орталықтарына және білім беру мекемелеріне қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді. 2019 жылдан бастап оқыту білім беру мекемелері мен оқу орталықтарының тізіліміне және Сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар тізіміне енген білім беру ұйымдарында жүргізіледі, бұл білім беруді ұйымдастырудың сапалық құрамын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, Қазақстанда 2018 жылғы қаңтардан бастап Электронды еңбек биржасы (ЭЕБ) іске қосылған, оған «онлайн» режимінде еліміздің барлық 200 халықты жұмыспен қамту орталығы тіркелген.
Жұмыс берушілер биржаға қашықтан бос жұмыс орындарының бар екені туралы ақпаратты жариялап, жұмыс іздеп жүрген адамдардың деректері жазылған ақпараттарды оқып, олардың байланыс мәліметтерін алып, жұмыс іздеушілерді іріктеп, әңгімелесуге шақырып, бос жұмыс орындарына кері жауап алады.
Ал жұмыс іздеушілер үшін түйіндеме орналастыру, бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктеу, әңгімелесуге шақырту алу, жұмыс берушілерден жұмысқа орналасу туралы хабарлама алу мүмкіндіктері қарастырылған. Кәсіптік бағдарға тест қарастырылған.
ЭЕБ порталына тіркелген жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктері де кәсіпорын атынан бос жұмыс орындары туралы ақпаратты жариялап, жұмыс іздеушілердің түйіндемелерін қарап, ұсынылған параметрлер бойынша жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындарын іріктей алады, сондай-ақ әңгімелесуге шақырту алып, өзгелерді шақыра алады, тиісті бос жұмыс орындарына белгі тастап, жарияланған бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды алуына болады.
Электронды еңбек биржасы қызметтерін 87 мыңнан астам жұмыс беруші, 416 мың жұмыс іздеуші пайдаланған. ЭЕБ арқылы 530 мың жұмыс іздеуші еңбекпен қамтылған (тұрақты жұмыс орындарына – 392 мың және уақытша жұмыс орындарына – 137 мың адам).
Деректер қоры күн сайын жаңа бос жұмыс орындарымен және түйіндемелермен толығып отырады. 2018 жылдың басынан бері жұмыс берушілер, жұмыспен қамту орталықтары, жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктері және жұмыс іздеушілер биржа порталына 745 мыңнан астам бос жұмыс орындары туралы ақпаратты, 480 мыңнан астам түйіндемені орналастырған.
Аягөз Құрмаш
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар