- Басты
- Жастардың басты өмірлік бағдары еліміздің тәуелсіздігі болуға тиіс – Н.Назарбаев
Жастардың басты өмірлік бағдары еліміздің тәуелсіздігі болуға тиіс – Н.Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев қайырымдылық кешіне қатысушыларға арнаған сөзінде өтіп бара жатқан жыл бүкіл еліміз үшін жемісті болғанын атап өтті.
« Әлемде еліміздің беделі айтарлықтай нығая түсті. Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 17,5 пайызға артты. Жалпы, экономикамыз 4 пайыздан астам өсті. Бұл – бірлесе атқарған жұмысымыздың нәтижесі. Сондықтан, барлығыңызға алғыс айтамын», – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы алдағы жылы елімізді одан әрі дамытуға септігін тигізетін көптеген шаралар өтетіні жөнінде айтты.
«2019 жылдан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есе өседі. Бұл 1,3 миллион адамды қамтитын болады. Біліктілігін растаған мұғалімдердің еңбекақысы 30 пайыздан 50 пайызға дейін көбейеді. Құқық қорғау органдарының қызметін жақсартуды көздейтін жұмыстар атқарылады. Туризмді ілгерілету үшін де шаралар қабылданады», – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев келер жылы жастардың әлеуетін дамытуға ерекше мән берілетінін айтты.
«Жастарға арналған арнайы мемлекеттік бағдарлама төрт міндетті жүзеге асыруға бағытталады. Бұл – білім беру, баспанамен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және патриоттық тәрбие беру мәселелері. Бүгінгі жұмыстардың бәрі болашағымыз үшін жасалуда. Жастардың басты өмірлік бағдары еліміздің тәуелсіздігі болуға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
Соңында Елбасы шараға қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен тағы да құттықтап, барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке мен табыс тіледі.
Жаңа жылға арналған кешті өткізуден түскен қаражат қайырымдылық мақсатқа жұмсалатын болады.
-
Д.Назарбаева: Жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция беріледі
Елордада Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай республикалық конференция өтіп жатыр. Конференцияға қатысып, мәслихат депутаттарын аталмыш мерейтоймен құттықтаған Сенат төрағасы Дариға Назарбаева келер жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция берілетінін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 11:51
-
Біздің мақсатымыз экологияның проблемалық мәселелерін шешу-Ә.Назарбаева
Қостанай облысында нан бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен қсымша қаржы бөлінді. Бұл туралы аталған облыстың биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
05 Желтоқсан 2019, 13:31
-
Дариға Назарбаева «Таңғажайып әуен» қайырымдылық фестиваліне қатысты
Сенат Төрағасы, «Дегдар» гуманитарлық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева Урюпинск балалар үйінің 90 баласы мен Оқушылар сарайының тәрбиеленушілеріне арналған «Таңғажайып әуен» фестивалі аясындағы Open space шарасына қатысты.
05 Желтоқсан 2019, 09:52
-
Елордада Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі талқыланды
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің төрағалығымен «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне және Халықаралық толеранттылық күніне орай «Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» атты халықаралық конференция өтті.
29 Қараша 2019, 12:08
-
Н. Назарбаев Елбасы Қоры сыйлығының лауреаттары мен талантты жастармен кездесті
Назарбаев орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаттары мен еліміздің талантты жастарымен кездесті.
27 Қараша 2019, 18:21
-
Д.Назарбаева Татарстан Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасымен кездесті
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Фарид Мұхаметшинмен кездесті.
26 Қараша 2019, 19:22
-
Дариға Назарбаева ресми сапармен Арменияға барды
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясы Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Арарат Мирзоянның шақыруымен Армения Республикасына ресми сапармен келді.
14 Қараша 2019, 11:55
-
Үлкен Еуразияда жаңа ойын ережелерін анықтау қажет – Н.Назарбаев
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Астана клубының» бесінші мерейтойлық отырысы өтіп жатыр. Отырыс «Үлкен Еуразияны құру: серіктестіктің жаңа үлгісі» тақырыбына арналып отыр. Клуб сарапшылары пікірталасына АҚШ, Қытай мен Ресей үштігі арасында ушыққан текетірестің ағымдағы ахуалы, сауда протекционизмі мен популистік көңіл-күйдің артуы, сондай-ақ Иран мен Солтүстік Корея төңірегінде жаңа шиеленістердің бой көтеруі сынды мәселелер арқау болды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
12 Қараша 2019, 11:05
-
Astana Club: Еуразия үшін 10 басты сын-қатер анықталды
Қазақстан астанасында «Астана Клубы» саяси форумының бесінші мерейтойлық отырысы кезінде «Еуразия 2020 үшін 10 басты сын-қатер» тәуекелдер рейтингісінің екінші басылымының тұсауы кесілді. Аталмыш зерттеу жұмысына 70 елдің 1100–ден аса кәсіби сұхбаткері сауалнамаға тартылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Қараша 2019, 13:32
-
Д.Абаев: Мәдениет пен білім саласындағы телеарналарды мемлекет қолдауы тиіс
Мәдениет пен білім саласындағы телеарналарды мемлекет қолдауы тиіс. Бұл туралы елордадағы "Нұр Отан" партиясы алаңында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев азаматтарды қабылдап, көкейде жүрген сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
08 Қараша 2019, 14:57
-
Н. Нығматулин: Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуға тиіс
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинннің төрағалығымен өтіп жатқан жалпы отырыста мемлекетіміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды.
06 Қараша 2019, 15:01
-
Д.Назарбаева: Қазақстан мен Өзбекстанның өзара іс-қимылын одан әрі тереңдетудің келешегі зор
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Қазақстанға ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті.
05 Қараша 2019, 15:57
-
Д.Назарбаева: Елдің басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару толыққанды әрі күшті буын болуы тиіс
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
01 Қараша 2019, 18:38
-
Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді. Сенат Төрағасы Д.Назарбаева облыстық, қалалық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді.
01 Қараша 2019, 10:33
-
Дариға Назарбаева Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Ресейге жасаған ресми сапарының аясында Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті.
23 Қазан 2019, 13:01
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды