• Басты
  • 2018 жыл: Мәдениет пен спорт саласының жетістігі
28 Желтоқсан, 2018 18:13

2018 жыл: Мәдениет пен спорт саласының жетістігі

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының тиімді жалғасы ретінде Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында аталып өткен тапсырмаларын орындау тұрғысынан 2018 жылдағы мәдениет және спорт салаларын дамыту қорытындылары туралы мәлімдеді.
2018 жыл: Мәдениет пен спорт саласының жетістігі

Өз сөзін бастаған А. Мұхамедиұлы өтіп бара жатқан жыл жағымды оқиғаларға толы болғанын атап өтті. Жалпы, 2018 жыл Астананың 20 жылдығын кең ауқымда тойлаумен өтті.   

Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында халықаралық аренада мәдени мұрамызды таныстырып, жүйелеу бойынша шараларды күшейту қажеттігін атап өтті. Осы бағытта Мәдениет және спорт министрлігі өткен ғасырдың ұлы ойшылдары, ақындарының суреттерінің галереясы мен «Ұлы даланың ұлы есімдері» энциклопедиялық паркінің жобасын дайындады. «Дала фольклорының антологиясы» мен «Ұлы даланың көне сарындары» жинағы басылымға шығуға дайындалып жатыр. Бұдан басқа, «Ежелгі өнер және технологиялар музейін» ​​құру туралы тұжырымдама мен Отырар қалашығын қалпына келтіру жобасы әзірленуде.

Сонымен қатар, министр ұлттық мәдениеттің шетелдегі жетістіктері туралы сөз қозғады. Мәселен, ҚР Ұлттық музейі өткен жылдан бастап «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» ауқымды халықаралық жобасын іске қосты. Көрмелер Ресейде, Беларусьте, Әзербайжанда, Қытайда, Кореяда, Польшада өтті. 2019–2020 жылдарға арналған жоспарда — Ұлыбритания, Жапония, АҚШ, Грузия, Италия, Франция, Австрия музейлері бар. «Алтын адам» анимациялық фильмі мен ғылыми-зерттеу фильмдерінің циклі дайындалу сатысында тұр.

Ұлттық өнер жоғары халықаралық деңгейде танылып жатыр. Қараша айында «Астана Опера» театры әлемнің ең айтулы әрі үлкен залдарының бірі — опера отаны Италияның Генуя қаласындағы «Карло Филиче» театрында қазақ тілінде «Абай» операсының қойылымын көпшілікке ұсынды. Қойылымның барлық билеті түгелдей сатылып, театр ұжымы халықаралық танымалдылыққа ие болды.

«Театр өнері саласында айтарлықтай жетістіктер бар. Қазіргі таңда Астана-Опера балет труппасы Италияда жүр, 13 спектакль қойылады. “Жизель” балетін ұсынады, коммерциялық негізде де қойылады. Біздің театр труппамыздың ірі театр сахналарында коммерциялық негізде өнер көрсетуінің өзі өте салмақты қадамдардың бірі», — деді министр.   

Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігі осы жылдың 19 қарашасында Лондондағы ең үлкен сахнада Димаш Құдайбергеннің концертін ұйымдастырды. Бұл эстрадалық әнші үлкен сахнада өнер көрсеткен алғашқы жоба болды. 4600 билет сатылған. Министр тағы бір айшықты оқиға деп бүкіл Кеңес және посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі болып отандасымыз Самал Еслямованың басты әйел рөлін сомдағаны үшін Канн кинофестивалінің бас жүлдегері атанғанын айтты.

«Самал Еслямова үздік әйел рөлін сомдағаны үшін үздік деп танылды. Бұл – үлкен жетістік. Посткеңістік елдердің бірде-бірі мұндай жоғары марапатқа ие болмаған. Бұл сыйлықты өнер саласындағы Нобель сыйлығына теңестіруге болады», — деді А. Мұхамедиұлы. Сондай-ақ, ол «Айка» фильмінің «Оскардың» қысқа тізіміне енгенін хабарлады. 3 қаңтарда Самал Еслямова Лос-Анджелеске жол тартады. 

А. Мұхамедиұлы Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында көптеген іс-шаралар өткізілнгенін атап өтті. Бұған қоса, министр іс-шараларды өткізу кезінде қазақстандық әртістер әрқашан басымдықта болғанын атап өтті. Атап өтсек, Халықаралық Айтыс байқауы, «Алтын домбыра» ақындар сайысы, «Ән мен әнші» фестивалі және басқа да шаралар өткізілді.

Бурабай курорттық аймағында тұңғыш рет ашық аспан астында «Біржан-Сара» ұлттық операсының қойылымы ұсынылды.

«Бүгінде қойылымдар халық арасында үлкен сұранысқа ие болғандықтан, орындар тез толады деп мақтанышпен айта аламын. Астана Опера театрында барлық билеттер бір-екі ай бұрын сатылып кетеді. Ең алдымен, ұлттық опера — "Абай", "Біржан-Сара", "Қыз Жібек" билеттері өтеді. Өйткені, халық арасында қызығушылық жоғары. Сапа жоғары болған соң, қызығушылық та артып отыр», — деп түйіндеді министр.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды