- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік органдар тиімділігін арттыру бойынша ауқымды жұмыс жасап жатыр – Ә.Ахметов
Мемлекеттік органдар тиімділігін арттыру бойынша ауқымды жұмыс жасап жатыр – Ә.Ахметов
Ә.Ахметовтың айтуынша, мемлекеттік органдар қазіргі таңда көбінесе операциялық қызметтермен айналысады. Бұл ретте стратегиялық және инновациялық қызметке көшуі қажет.
«Бүгінгі күнде мемлекеттік органдар өз тиімділігін арттыру бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Шешім қабылдау барысында азаматтардың әл-ауқатын арттыру басым болу керек. Тиісінше, азаматтардың пікірін толықтай есепке ала отырып, шешімдерді қоғамның және бизнестің ұстамына қарай қабылдау керек. Кейбір мемлекеттік органдардың қызметі үнемі ашық әрі айқын бола бермейді. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жиі айтылады. Сондықтан қазіргі кезде Агенттік пен көптеген мемлекеттік органдар жағынан ашықтық әрі қолжетімділік қамтамасыз етіледі», - деді Ә.Ахметов.
Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры айтып өткендей, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметке заманауи технологиялар енгізілуде.
«Сондықтан талант-менеджментті енгізуді және мемелкеттік қызметшілердің құзыреттіліктерін арттыру, оларды инновацияларды енгізу және әлеуетті ашу процестеріне қатыстыру қажет.Әлемде және біздің елімізге жылдам өзгерістер; жаңа геосаяси сын-тегеуріндер; белгісіздік деңгейінің өсуі, азаматтық белсенділік деңгейінің өсуі сынды мега-трендтер үдетіле түсуде», - деді ол.
Ә. Ахметов айтып өткендей, бүгінде өзгеріске немесе жетілдіруге көптеген аспектілер жатуы мүмкін, дегенмен Академияның сарапшылары мынадай маңызды немесе жүйелі өзгерістер бағыттарын баса атап көрсетуде, олар: мемлекеттік органдардың ұйымдық мәдениті,шешім қабылдау технологиялары,формализм және бюрократия,мемлекеттік қызметшілердің білім алуға және өзін-өзі дамытуға деген қатынасы.
«Мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметшілердің жұмысын өзгерту тетіктері қатарынан келесілерді атап өтуге болады.Кейінге қалдырмаушылық атмосферасын құру.Бизнес үдерістерге бірінші басшылардың қатысуын қамтамасыз ету.Мемлекеттік органдарда«реформаторлар командаларын – өзгеріс агенттерін», жоғары мінез-құлық мәдениетімен, қоғаммен өзара қарам-қатынас және идеялар жасаудаүлгі бола алатынмемлекеттік қызметшілердіұйымдастыру.Төменнен-жоғары қарай» шешім қабылдау тетіктерін қолдануды бастау сынды бастамалар кіреді», - деді ол.
Аягөз Құрмаш
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді