Халықаралық интеграция

ЕАЭО-ның цифрлық саудасы қалай дамиды

Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕАЭО цифрлық саудасын дамыту және 2019-2021 жылдарға арналған ЕАЭО цифрлық саудасын дамытудың жол картасы бойынша ұсыныстарды талқылауға қатысты жиын өтті. Одаққа мүше 5 мемлекеттің (Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей) өкілдері құжаттарды әзірлеу дәрежесіне жоғары баға берді. Осы ретте мемлекеттік органдар тарапынан да, бизнес тарапынан да жою қажет болатын ескертулер айтылды.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 10:29

ЕАЭО Іскерлік Кеңесі Комитетінің цифрлық күн тәртібі жөніндегі төрағасы Владимир Басько Одаққа мүше мемлекеттер қаралып жатқан Жол картасының тармақтарын жүзеге асыруға дейін ақпараттандыру бойынша саясаттарды жақындастыру қажеттігін алға тартты.

Сонымен қатар, шығарылатын өнімдерді экспорттау бойынша шаралар кешенін қарастырып қана қоймай, сондай-ақ импортты шектеуді де қамтамасыз ету маңызды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева осы мәселе жөнінде қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың пікірін білдірді.

«Бизнестің пікірінше, Жол картасының жүзеге асыруға ұсынылған іс-шараларының басым бөлігі жасырын реттеуге жатады. Мәселен, шағын және орта бизнеске өз тауарларын сипаттау арқылы интернет-сөрелерді қою талабы. Сауда және интернет-алаңдарына белгілі бір пайызда еуразиялық өндірушілердің өнімін орналастыру. Төлем сервистерін реттеуді жалпы нормаларын әзірлеу және тағы басқа талаптар», - деді Ю.Якупбаева.

 Бизнеске шығын әкелетін нормаларды алып тастау немесе қайта құру қажеттілігі барлық елдердің кәсіпкерлері тарапынан қолдау тапты.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары сонымен қатар құжатта ұлттық заңнамаларда жоқ терминдер – біріктірілген деректер, еуразиялық тауар, элиталық сатып алушы, ЕАЭО серіктесі және басқа да атаулар барын атап өтті.

 «Бұл терминдерге қатысты тағы да реттеу нормалары енгізіледі, демек Одаққа мүше мемлекеттердің бизнесі мен мемлекеттік органдарына қосымша ауыртпалық әкеледі. Сонымен қатар ЕЭК-тың түрлі цифрлық жобалары бойынша енгізілуге ұсынылған анықтамалықтардың сан түрлі құрылымы да үлкен мәселе. Мысалға, Тауарлар анықтамалығы кем дегенде  3 жобада жүруі керек, бірақ оның құрылымы әр жоба әр түрлі», - деді ол.

 Ресей Федерациясы Сауда-өнеркәсіптік палатасы өкілдері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының біріктірілген деректерді реттеу және анықтамалықтардың бірыңғай құрылымын әзірлеу туралы тармақтарды алып тастау қажеттілігіне қатысты ұсынысын қолдады. Сондай-ақ, жеке деректерге қолжетімділікті оңтайландыруға қатысты алаңдаушылық айтылды, өйткені бұл шара жалпыәлемдік тенденцияларға сәйкес келмейді.

 Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасының Ұлттық (Орталық) банктері    Жол картасынан бірыңғай төлем сервистері мен еуразиялық қаржы платформасын құру туралы тармақтарды алып тастауға табандылықпен кеңес берді.

 Негізгі себеп – елдердегі валютаны реттеу бойынша заңнамалық талаптардағы сәйкессіздіктер.

Бизнес өкілдері және мемлекеттік органдар тарапынан сөз етілген маңызды месседже – мемлекеттер және ЕЭК өкілдері процестер мен сауданың  электронды платформаларының қатысушылары болмауы керек

Айта кетейік, 2015 жылдың  1 қаңтар күні Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шарт күшіне енді. Шартпен экономикалық одақтың құрылуы бекітіледі, оның шеңберінде тауарлар, қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз етіледі, осы құжатпен және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен белгіленген, экономика салаларындағы үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясаттың өткізілуі қамтамасыз етіледі. 

Еуразиялық экономикалық одақ халықаралық құқық субъектілігіне ие, аймақтық экономикалық ықпалдастықтың халықаралық ұйымы болып табылады. 

Одақ мүше-мемлекеттердің халқының өмірлік деңгейін арттыру үшін экономикаларын тұрақты дамытуға арналған жағдай жасауға, сонымен қатар ғаламдық экономика жағдайларында ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттігін жоғарылату, жан-жақты жаңарту және кооперациялауға арналған. 

Одақтың басты органы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) болып табылады, оның құрамына мүше-мемлекеттердің басшылары кіреді, ЖЕЭК отырыстары жылына кемінде 1 рет жүргізіледі. ЕАЭО органдарының құрылымын үкімет басшылары деңгейіндегі Үкіметаралық кеңес, Еуразиялық экономикалық комиссия мен Одақ соты қалыптастырады. 




Яндекс.Метрика