• Басты
  • Салықтық рақымшылық - кәсіпкерлерді қолдаудың пәрменді механизмі
27 Желтоқсан, 2018 15:18

Салықтық рақымшылық - кәсіпкерлерді қолдаудың пәрменді механизмі

Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды және айыпұлды есептен шығару жөнінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізу туралы тапсырма берді. Осыған байланысты салықтық рақымшылықты жүргізу үшін Қаржы министрлігімен Қазақстан Республикасы заңнамаларына тиісті түзетулер әзірленді, аталған түзетулер бүгінгі күні ҚР Парламентінің Сенатында қарауында. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізу тәртібі туралы айтып берді.
Салықтық рақымшылық - кәсіпкерлерді қолдаудың пәрменді механизмі

Салықтық рақымшылық шағын және орта бизнес субъектілеріне 2018 жылдың 1 қазанындағы негізгі қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлды есептен шығаруды көздейді.

Бұл ретте әзірленген түзетуге сәйкес мониторингке жататын, ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар, акцизделетін өнімді өндіретін өндірушілер салықтық рақымшылыққа жатпайды.

«Алдын-ала деректер бойынша 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес 340,6 млрд. теңге салық берешегі бар 90 077 шағын және орта бизнес субъектілері (31 210 заңды тұлғалар және 58 867 дара кәсіпкерлер) рақымшылыққа жатады.Бұл ретте, егерде негізгі қарызды 210,4 млрд.теңге көлемінде төлеген жағдайда есептен шығаруға жататын өсімпұлдың жалпы сомасы - 122,9 млрд.теңге, айыппұлдың сомасы – 7,3 млрд.теңгені құрайды», - деді М.Сұлтанғазиев.

Бұл ретте 2018 жылғы 1 қазаннан бастап негізгі қарыз сомасын төлеу күніне дейін есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылады.

Ол айтып өткендей, өсімпұл мен айыппұл сомасы негізгі қарызы төленген жағдайда ғана есептен шығарылады.

«Түзетулер енгізу қарастыратын заң жобасын қол қойылғаннан кейін, Қаржы министрлігімен салықтық рақымшылықты өткізудің егжей-тегжейлі механизім қарастыратын өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару қағидасы бекітілетін болады.Тәуелсіз Қазақстанның тарихында кәсіпорындарды сауықтыру үшін өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық үш рет жүргізілді», - деді М.Сұлтанғазиев.

Осылайша, мемлекеттік кірістер органдары өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару бойынша тікелей жұмысына шамамен 2019 жылдың наурызында кіріседі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы айтып өткендей, салықтық рақымшылық кәсіпкерлерді қолдаудың пәрменді механизмі болады және негізгі салықтарды төлеуге жақсы мүмкіндік береді деп күтілуде.

«Мемлекеттік кірістер комитеті жинақталған қарызынан босатуы шағын және орта бизнеске кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді, бұл соңғы нәтижесінде қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуін, сонымен қатар кірістер мен тұрмыс деңгейін көтеруге мүмкіндік пайда болады деп ойлаймын» - деп қорытындылады М.Сұлтанғазиев өз сөзін.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды