- Басты
- Жаңалықтар
- Кәсіптік білім – жастарды жұмылдыратын сала
Кәсіптік білім – жастарды жұмылдыратын сала
Тіркеудің қолданыстағы тәртібін халықаралық стандарттарға, оның ішінде Еуропа кеңістігіндегі жоғары білім (ESG) сапасын қамтамасыз етудің стандарттары мен нұсқаулықтарына сәйкес жетілдіру үшін Америка, Еуропа және Азия елдерінде мойындалған тіркеу агенттіктері желісін кеңейтуге бағытталған Тіркеу органдарын тану ережесіне өзгерістер енгізілді. Білім беру рейтингтері әлемдік тәжірибеде қолданылатын білім беру сапасын өлшеу құралдарының бірі болып табылады. Білім беру жүйелерінің сапасын бағалау және салыстыру үшін әртүрлі рейтингтер (Quacquarelli Symonds, Times Higher Education AcademicRankingofWorldUniversities) пайдаланылады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдар қызметінің Бірыңғай ережелеріне тәжірибелік-бағдар беруді оқуын қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарына өнеркәсіптен сарапшыларды тартуға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді. Бұл ретте оқытылатын пәндерге негізгі білім немесе ғылыми және академиялық дәрежесі сәйкес келуі міндетті емес және оқу орны өзі шешеді.
Жоғары оқу орындары түлектердің еңбекке орналастыру жоспарына елеулі талаптар қойылады. Жоғары оқу орындары мамандар даярлау барысында түлектердің 50 пайызынан астамын жыл бойына жұмысқа орналастыруы тиіс. Бұл шартқа сәйкес келмейтін оқу орындарының лицензиялары тоқтатылатын болады.
Білім берудің сапасын бағалаудың басты құралы тіркеу болып табылады. Қазіргі кезде білім беру ұйымдарының тізімдемесіне 102 жоғары оқу орны енген.
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Бақытжан Жұмағұлов жоғары білім беру саласында әзірге өнеркәсіп пен жұмыс берушілерден алшақ қалып келе жатқанын атап өтті.
«Мамандарға сұраныстың негізделген жүйесін ешкім білмейді, ол туралы Мемлекет басшысы бірнеше мәрте тапсырған болатын. Бұл жерде сөзден іске көшетін уақыт келді», - деді сенатор.
Ол сондай-ақ тіркеудің маңызды екенін де айтты.
«Егерде Білім және ғылым министрлігі өзінің тетіктерін қолдана отырып оған тиімді қолдау білдіріп, кеңінен насихаттаса – ол білім беру сапасын арттыру міндетін адал атқаратын болады», - деді сенатор.
Кәсіптік білім берудің маңызды мәселелерін егжей-тегжейлі талқылағаннан кейін Б.Әйтімова кәсіби білім беруді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатындығын атап өтті.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік жүйесін, кәсіби стандарттарды, кәсіби жоғары білімі бар мамандардың біліктілігін сертификаттау жүйесін тиімді дамыту және құқықтық қолдау; еліміздің және оның аймақтарының нақты қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған кәсіптік стандарттарды және білім беру бағдарламаларын әзірлеуге жұмыс берушілердің қатысуын құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау; жекеменшік жоғары оқу орындарында студенттерді мемлекеттік білім беру грантының құнына қосымша бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру; халықаралық конкурстардың жеңімпаздары үшін бакалавриатта білім беру бағдарламалары үшін мемлекеттік гранттарға қабылдаудың басым құқықтарын анықтау мәселесін қарастыру; «Жоғары білім көшбасшылары» жобасына республикалық бюджеттен бөлінген қаржы бөлу туралы және басқа мәселелер бойынша шаралар қабылдау қажет.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері