- Басты
- 2018: Қазақстанның экспорттағы жетістігі
2018: Қазақстанның экспорттағы жетістігі

Биылғы екінші жарты жылдықта шағын және орта шаруашылықтарға негізделген «Етті мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасын іске асыру басталып кетті. Оны жүзеге асыру үшін арнайы жеңіл несие беруді қарастыратын «Сыбаға» бағдарламасы бастау алды. Жұмыс жылдың екінші жартысында басталғанымен белгіленген межеден артық орындалды. Бүгінгі таңда 700 фермер несие алды.
Шаруашылықтардың ірі қара мал сатып алу бойынша жылдық жоспары 50,0 мың бас. 11 айда 67 мың басқа өтінім қабылданып, 55 мың бас малға берілген өтінім қабылданып, несие берілген. Сондай-ақ «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 170 мың бас қой сатып алынған
Аналық малды асылдандыру бойынша жоспар 1,0 млн.бас. Бүгінгі таңда асылдандыруға 977 мың бас мал тартылды.Қазақстанға 14,5 мың бас ірі қара әкелінген. Аз уақыт мал әкелуде кідіріс болды, оған себеп импорттаушы елдердің эпизоотиялық жағдайы.
Жалпы, 32 тонна ет және ет өнімдері экспортталды. Экспорт негізінен Ресей, Өзбекстан нарықтарына бағытталып отыр. Мал шаруашылығы өсімі 4 пайызға өсіп, 1,8 трлн теңгені құрады.Биыл қой еті де белсенді экспортталды. Иран, Бахрейн, Өзбекстан мемлекеттеріне 3300 тонна ет экспортталды. Соның бірі қараша айында алғаш рет Қытай нарығына қой етін экспорттадық. Қытай нарығымен келісім орнатылғаны белгілі. Қазіргі таңда Қытай бағытымен өзара келісім жасалынды.
Сондай-ақ, 2018 жылы 15,1ц/га астық өнімділігінен 22,8 млн.тонна бидай жиналды. Жалпы астық көлемі өткен жылдан 760 мың тоннаға немесе 3%-ға артық, астық өнімділігі 0,6 ц/га немесе 4%.
Қияр бағасына қатысты айтатын болсақ, спикерлер биылғы жылы қияр егу көлемі 2,5 мың гектарға артқан, жалпы өнім көлемі 460 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдан 50 мың тоннаға артық. Ішкі нарықтағы сұраныс 480 мың тоннаны құрап отыр.
Көкөніс бағасының күрт өсуі күннің мерзіміне байланысты. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген себептен бөлек азық-түлік тауарлары бағасының өсуі – тауарлардың және өнімнің бағасының артуына тікелей әсер етеді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында өңірлер азық-түлік өнімдеріне өңірлік тұрақтандыру қорларын құрып жатыр, Қазақстанның 5 ірі қалаларында көтерме және бөлшек сауда орталықтары құрылысы жүргізілуде.
Аягөз Құрмаш
-
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 29 жыл толды
-
А.Райымқұлова: Құжат - ЮНЕСКО жүйесiнде Қазақстанның бастамаларын iске асыруға ықпал етпек
-
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
Қазақстанның зейнетақы реформалары: өзгерістер мен нәтижелер
-
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Саясаттанушы: Сайлау – Қазақстанның идеологиялық, демократиялық дамуының белгісі
-
Сайлау тәуелсіз Қазақстанның демократиялы ел екенін айқындайды
-
Қазақстанның халық партиясы сайлауға қатысатын кандидаттар тізімін жариялады
-
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде өзгеріс көп
-
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай
-
Қазақстанның қай қалаларында және қандай азық-түліктің бағасы қымбаттады
-
Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуі қалай жүзеге асып жатыр
-
ИНФОГРAФИКА: Қазақстанның сауда саясаты

