- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы су тарифтері әлемдегі ең төменгі тарифтердің бірі – А.Евниев
Қазақстандағы су тарифтері әлемдегі ең төменгі тарифтердің бірі – А.Евниев
Салыстырмалы талдау бойынша ылғалды қамтамасыз етуден өнімнің қатыстылығы, мысалы үшін картоп өнімін өсіру үшін суаруды ұйымдастыру қажеттілігі көрсетіледі. Өзендердің және уақытша су ағыстарының жиынтықтығы орташа көп жылғы ағыстарын 3,5 млн.га суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету үшін ұстап қалуға мүмкіндік береді.
Бюджеттік инвестиция есебінен ирригациялық инфрақұрылымды дамытудың қолданыстағы схемасында бірқатар кемшіліктер бар:бюджеттік қаражаттың шектелуі,жеке инвестицияларды тарту мүмкін болмауы,инвестициялық құрамы мүлде болмағанда, тарифтер төмендетілген.
Сонымен қатар, 2017-2021 жылдары бекітілген тарифтік сметалардың шығындар бөлігінде нормативтік 4,2% болғанда, жылына амортизация 0,33% ғана қарастырылған.
А.Евниев айтып өткендей, су шаруашылығы инфрақұрылымын қалпына келтіруге соңғы 5 жылда орташа есеппен жылына 7 млрд.теңгеге жуық жұмсалған.
«Қаржыландыру тапшылығы қолданыстағы қуаттылықты қалпына келтіруге және жаңаны енгізуге мүмкіндік бермейді. Ол ирригация жүйелерінің тозуына және нормадан жоғары судың ысырабына әкелді.Қазақстанда қолданыстағы су тарифтері әлемдегі ең төменгі тарифтердің бірі және ГТҚ мен каналдарды қайта жаңарту және жөндеу шығындарын жабуға мүмкіндігі жоқ», - деді А.Евниев.
Дүниежүзілік банктің есебі бойынша ГТҚ қайта жаңарту және жетілдіру бойынша 925 млрд.тг. көлемінде қаржының жетіспеуі жинақталған, ал ирригациялық жүйелердің қазіргі уақыттағы жаңарту жылдамдығына байланысты 44 жылдың ішінде толығымен істен шығады.
«МЖӘ арқылы модельдердің ұсынылған схемасы ХҚҰ-дан, БЖЗҚ немесе Қаржы министрлігінің сенімі арқылы екінші деңгейлі банктерден инвестицияларды тарту үшін Арнайы қаржылық компанияны құрылтайшысы болатын Жеке әріптестіктің болуын қарастырады.Инвестицияны кейін қайтару – пайдаланушы ұйымдардан суару суын пайдаланғаны үшін қаражат жинау арқылы жүзеге асырылады», - деді бірінші вице-министр.
А.Евниевтің айтуынша, 1-ші типтік шаруашылық үлгісінде 5 мың га алаңында егін егу айналымын пайдаланумен дақылдар бойынша есепке талдау жүргізілген, онда бітік кіріс 1 га жерге 1 607 мың теңгені құрады.
«Біздің АШТӨ алған өніміндегі суға жұмсалатын шығынның үлесі 0,43% құрайды.Дүниежүзілік банктің ұсынысы бойынша аталған шығындар 4% деңгейінде болуы тиіс.20 жылға 7%-бен заемды алған кездегі есеппен 1 га жерді енгізуге жұмсалатын шығын 676 мың теңге көлемін құрайды, инвестицияның жалпы көлемі 1 127 млрд.теңгеге тең, онда инвестициялық құрамдас тариф бір текше метр суға 12,8 теңгеге тең болады, ал операциялық шығындар бір текше метрге 6 теңге болса, онда суармалы суға шығынның үлесі АШТӨ 5,8% құрайды», - деді А.Евниев.
Қазіргі уақытта Қ. Сәтпаев атындағы каналға қызмет көрсету аймағында картоп өндірісі кезінде АШТӨ-де суару суына жұмсалатын шығын – 1 текше метрге 19 теңгені құрайды.
Сондай-ақ, залда 1 гектарды 200 мың теңгеден суармалы жерлерді жалға алып отыр.Суармалы жерлердің болмауына және суару суы бағасының қымбат болғанына қарамастан, екі АШТӨ тұрақты кіріс алуда.
«Осыған байланысты 10 жыл ішінде 4% деңгейіне дейін су беруге тарифтің біртіндеп өсуі көзделеді, бұл АШТӨ шығындарының үлесінде бір текше метр суға 12,8 теңгені құрайды.Осылайша, тарифтің біртіндеп өсуін есепке алып, бюджетке келетін орташа жүктеме – 43 млрд.теңгені құрайды», - деді ол.
Сонымен бірге, 1 667 мың га. суармалы жерлерді енгізу -суармалы егіншіліктен 2 667 млрд.теңгеге өнімнің өсімін береді.Бюджетке салықтан жыл сайынғы түсім – 106,7 млрд.теңгені құрайды, ауыл шаруашылығы саласындағы салық жүктемесінің орташа коэффициенті – 4%.
«Осылайша, 2020-2043 жылдар кезеңінде 1 текше метр суару суына субсидия 16-дан 1 теңге/м3 дейін азаяды, ал фермерлер үшін қорытынды тариф біртіндеп, 13 теңге/м3 дейін өседі, заемдық инвестицияны қайтарудан кейін пайдалану шығындарды ғана жабу тарифіне дейін төмедетіледі», - деді А.Евниев.
Бірінші вице-министр айтып өткендей, 265 мың га қалпына келтіруге қажетті қосымша инвестициялар есебімен және жаңа 1 667 мың га суармалы жерлерді пайдалануға енгізуді қаржыландыру көлемін суаруды, өндірісті, қайта өңдеу және сақтауды ұйымдастыру үшін 6 737 млрд.тг. құрайды.Олар – еліміз экономикасының аралас отырыстарын дамытудың мультипликативтік әсерін береді.
«Осы бағдарламаның концептуалдық әдісі әзірленді және бизнес тарапынан қаралды.2028 жылға қалпына келтірілетін және жаңадан пайдалануға енгізілетін суармалы жерлерде бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер 3 727 млрд.теңгеге дейін суармалы жерлердің бітік кірісінің өсімін, 1 қызметкерге 5,8 млн.теңгеге дейін өнімді өндіру өсімін қарастырады», - деді ол.
А. Евниев атап өткендей, 2028 жылға дейін суармалы жерлерді дамытудың ұсынылған бағдарламасы Ауыл шаруашылығы, қаржы және ұлттық экономика министрліктерімен, халықаралық қаржылық ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың өкілдерінің қатысуымен қаралды және келісілді, қорытындысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тарапынан қызығушылық бар.
Аягөз Құрмаш
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді