• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев ҚР құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті

Н. Назарбаев ҚР құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті

21 Қаңтар, 2014 10:28
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті , деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Бағдарламаның негізгі мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету арқылы құқықтық тәртіп органдарына деген сенім деңгейін арттыру.Бағдарлама құқық қорғау саласында мемлекеттік қызмет түрлерін кеңейтіп, стандарттауды, сонымен қатар олардың сапасын арттыру шараларын қамтыған.Құқықтық тәртіп органдарының халықпен, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылының жаңа түрлері дамитын болады.Құқық қорғау қызметінің құқықтық және ұйымдық негіздерін жетілдіру, оның ішінде қылмыстық қуғындау органдарының жұмысын бағалаудың жаңа критерийлерін әзірлеу көзделген», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бағдарламада сот актілерін мәжбүрлеп орындаудың тиімді жүйесін құру және сот-сараптама қызметтерін бір органға шоғырландыру белгіленген.

Бағдарламаны іске асыруды екі кезеңде: бірінші -  2014-2016 жылдары, екінші - 2017-2020 жылдары жүзеге асыру жоспарланған.

«Бағдарламаның іске асырылуы «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттарына және жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сай құқық қорғау жүйесін қалыптастыру процесін аяқтауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.   

Жарлықтың толық  мәтінін мына жерден оқи аласыз.

 

Барлық жаңалықтар