• Басты
  • Балет әртісіне қажет ең басты қасиет – интеллект – Т.Тен
24 Желтоқсан, 2018 10:33

Балет әртісіне қажет ең басты қасиет – интеллект – Т.Тен

«Астана балет» және Қазақ ұлттық хореография академиясымен бірлесе отырып жыл соңында көрерменге П.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетін ұсынып отыр. Спектакльге 150-ден астам академия тәрбиеленушілері мен театрдың 40 әртісі қатысты. Ұйымдастырушылар сиқырлы қойылымды жас бүлдіршіндерге жаңа жыл алдында таптырмас оқиға болатынына сенімді.
Балет әртісіне қажет ең басты  қасиет – интеллект – Т.Тен

«Астана балет» сахнасын   Василий Вайноненнің декорациясымен безендірілген спектакль әрледі. Көп жылдар бойы   аталмыш   спектакль Мариин театрында қойылып жүр. Үшактілі балетті сахналандырған  Қазақ  ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратова.

 «Астана балет» театрының жетекшісі солисі  Татьяна Теннің айтуынша,  спектакль балаларға арналғандықтан, балалық шаққа қайта оралу дайындықты қажет етеді. 

«Балғын кезіңдегі сезімді басыңнан қайта кешіру, өткенге оралу күрделі деп те айтуға болады. Тәжірибесі мол, есейген кез келген адамға бұл қиындық туғызады деп ойлаймын. Мен бұл  қойылымға екінші жыл қатысып отырмын. Аталмыш балет Мариин театрында бұрыннан қойылып жүр. Барлық қойылымдар бір-бірінен ерекшеленеді. Жеңіл спектакль деп айтуға болмайды. Еңбекті, қажырды қажет етеді», - деді Т.Тен.

Бас солистің айтуынша, аталған қойылымға белсенді түрде  дайындалуға   толық бір ай қажет болған.

«Жас әртістердің дайындалуына біршама көп уақыт қажет. Бұл қойылым балалар үшін ертегі болғандықтан, біз оларға қуаныш, шаттық сыйлай алатынымызға қуанамыз. Себебі, балетке ең алғаш келген балалардың өздері ең әсерлі қойылым десе «Щелкунчик» деп жатады. Сондықтан, бүлдіршіндерге көңіл-күй сыйлап, өзіміз де рахаттанамыз», - деді Татьяна Тен.

Т.Тен айтып өткендей, спектакльге  150-ден астам баланың көңіл күйін бақылау ерекше.

«Біз сияқты ересек адамдардың өздері сахна алдында қобалжиды. Ал, балалардың дайындығын бақылау өте әсерлі. Олар гримге  төрт сағат бұрын келіп, күтіп отырады. Бұның бәрі тәжірибе. Біз жаңа әртістерді дайындап жатырмыз. Олар ертең Қазақстан мен мәдениетіміздің болашағы», - деді ол.

Сондай-ақ,  Т.Тен   балет әртісі үшін  ең қажетті қасиет – интеллект екенін айтты.  

« Әрине,  әртіс үшін еңбекқорлық, шыдамдылық, үлкенді құрметтеу, ұстазды тыңдау, пікірмен санасу  қасиеті маңызды. Алайда, балет әртісі үшін ең басты қасиет ол – интеллект деп ойлаймын. Ол әрқашан дамуға, білімге, өсуге ұмтылуы керек. Көпшілік балетке спорт ретінде ғана қарайды. Бұл  қате қалыптасқан таптаурын. Бір қозғалысты жасау үшін ақыл, парасат керек. Көрерменмен жұмыс,сезіміңмен билеу үшін шыдамдылық керек», - деді Т.Тен.

Айта кетейік, «Астана балет» театры  «Щелкунчик» спектакліне жас әртістерді қатыстыру тәжірибесін алғаш қолданған болатын.  Қойылым жаңа жылға дейін және кейін жалғасын табады.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды