• Басты
  • Қуат тарифінің шекті шамасы төмендетілді
21 Желтоқсан, 2018 15:26

Қуат тарифінің шекті шамасы төмендетілді

ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген электр энергиясын өндірудегі тарифтердің объективті деңгейі талқыланды. Елбасының тапсырмасына сәйкес Энергетика министрлігі электр энергиясын өндіру тарифінің объективті деңгейін белгілеу бойынша жұмыстар атқарды.
Қуат тарифінің шекті шамасы төмендетілді

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда «электр қуатының нарығы» жұмыс істейтін болады. Электр энергиясының құны қуат тарифі және электр энергиясының тарифі болып бөлінетін болады. Бөлшек тұтынушылар (халық) үшін электр энергиясына төлем жүйесі өзгеріссіз қалады, яғни төлем, қазіргі уақыттағыдай, тұтынған электр энергиясын есептейтін аспаптар бойынша жүргізіледі.

Министрлік электр қуатының нарығын енгізу шеңберінде электр энергиясының тарифін екі компоненттің (электр энергиясының және қуаттың құны) қосындысы бойынша төмендету мақсатында ауқымды жұмыс атқарды.

Бірінші кезеңде нормативтік-құқықтық база сәйкестікке келтірілді.

Министрлік «Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларына» (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы                № 458 бұйрығы) өзгерістер енгізілді.

Энергетика министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы №464 бұйрығымен бұрын бекітілген қуат тарифінің шекті шамасы өзгертілді.

Қуат тарифі төмендетілген кезде Қазақстанда бірінші рет электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді. Сауда-саттықтың нәтижесі бойынша қуат бағасы шекті деңгейден 9%-ға төмендеді.

Нормативтік базаның өзгерістеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы  № 476 бұйрығымен энергия өндіруші ұйымдардың топтары бекітілді, онда әр энергия өндіруші ұйым бөлек топқа анықталған. Аталған шаралар жекелеген электр энергиясын өндірушілер үшін жоғары тариф орнату мүмкіндігін жояды.

Министрлік электр энергиясының құнын төмендету мақсатында электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындарды талдау бойынша жұмыстар жүзеге асырды, электр энергиясын сататын барлық энергия өндіруші ұйымдар тыңдалды және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып энергетикалық кәсіпорындарға бару арқылы жекелеген энергия өндіруші ұйымдарда тексерістер жүргізді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижелері Президент Әкімшілігінің, Бас Прокуратураның, мемлекеттік органдардың және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысатын жұмыс тобының қарауына енгізілді.

Отырыс барысында Энергетика министрлігінің тәсілі тұжырымдамалы қолдау тапты.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрық қабылданды.

Энергетика министрлігі Елбасының Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмаларын орындады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды