- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА шағын және орта бизнестің дамуын жетілдіреді
ҚХА шағын және орта бизнестің дамуын жетілдіреді
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Божко ҚХА Елбасының Жолдауын жүзеге асыру бойынша жұмысты белсенді жүргізіп жатқанын айтты.

«Біз бизнес қауымдастықты құруға қатысты заң шығару үрдісіне белсенді араласамыз. Парламенттегі жеке бизнесті ынталандыруға бағытталған заңдарға қатысты бірнеше мысал келтіргім келеді. Бізге келіп түскен Үкіметтің бюджетіне өзгертулер енгіздік. Ондағы толықтырулар мен өзгертулер Елбасының Жолдауында айтылған мәселелерді шешуге бағытталған. Бизнестің жол картасының мерзімі де ұзартылды», - деді В.Божко.
Депутат айтып өткендей, қазір Парламентте бизнеске қолдау көрсетуге қатысты заң жобасы жатыр.
«Қазір оны қарап жатырмыз. Сондай-ақ, бізде ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты заң жобасы бар. Біз барлық кәсіпкерлердің ұсыныстарымен санасамыз. Оларды сәйкес заң бастамалары арқылы жүзеге асыруға дайынбыз. Қолданыста үйренуді қажет ететін маңызды әдістер бар. Себебі, шағын және орта бизнеске қатысты мемлекет ұсынатын барлық мүмкіндіктерді кәсіпкерлер білмей қалып жатады», - деді депутат.
Өз кезегінде ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының құрамына кіретін отандық тауар өндірушілердің бірі «ВирКро» ЖШС директоры Абылай Сағалбайұлы тұрмыстық, құрылыс әрі медициналық заттарды қалдықтан өндіріп шығаратын кәсіпорынды басқарады.

«Аураханалар мен қоқыс үйінділерінен алынған қалдықтарды қайта өңдеп шығарамыз. Кәсіпорнымызда 5 адам жұмыс істейді. Жұмыстарды ыңғайландырсақ, айына 45 тонна таза битум шығара аламыз. Бүгінде ол өнім Қазақстан нарығында кем дегенде 130 мың теңге тұрады. Ал оның өз бағасы 20 мың теңге болып отыр. Импортты алмастыру және жаңа жұмыс орындарын құруды жүзеге асырып жатырмыз», - деді А.Сағалбайұлы.
Директор айтып өткендей, олар экологияның таза болуын қамтамасыз ететін технологиялармен жұмыс істейді.
«Біз нарықта 2012 жылдан бастап жұмыс істеп жатырмыз. Кезеңдеп жұмыс көлемін арттырып келеміз. Ресей технологиясын тәжірибеде қолданамыз. Өнім сапалы болу үшін тәжірибемізді жақсартып, жетілдіріп тұрамыз. Кейде тұрмыстық қалдықтарды Ресейден, Беларусьтен жеткізетін жағдайлар болады. Себебі, бізде қоқысты жинайтын алаңға қаржы жетіспей жатады. Сондықтан да бізге сырттан жеткізілген қалдық тиімді болып жатады», - деді ол.
Айта кетейік, форумда Кәсіпкерлер қауымдастығы ұсынған 5 бастамаға агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін іске асыру, жастар кәсіпкерлігін қолдау, импортты алмастыру және кооперация орталығын дамыту, технология және құзыреттерді беру, жасыл экономиканы дамыту кіреді.
Аягөз Құрмаш
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы