• Басты
  • Заң жобасы: ЕАЭО аясында тауарлар таңбаланады
19 Желтоқсан, 2018 16:15

Заң жобасы: ЕАЭО аясында тауарлар таңбаланады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Құжат аясында ЕАЭО аясында тауарларды таңбалауды енгізу мәселесі де қаралды.
Заң жобасы: ЕАЭО аясында тауарлар  таңбаланады | Strategy2050.kz

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин  дәрілік заттарды таңбалауға жататын тауарлардың  тізіміне енгізілуі туралы шешімді қолдады.

«Бүгінде барлық дамыған елдер дәрілік заттарын таңбалайды. Біз де осы ағымнан тыс қалмауымыз керек. Халық дәріханалар мен ауруханаларда жоғары сапалы дәрілер қолданатынына толық сенімді болу қажет», - деді Н. Нығматулин.

 Сондай-ақ,  Мәжіліс төрағасы  ол өнім бағасының негізсіз өсуіне жол берілмеуі керектігін атап өтті.

«Таңбалауды енгізу дәрі-дәрмек бағасының өсуіне ықпал етпеуі керек.  Бұл мәселе аталған қадамдар тұрғысында негізге алынуы қажет. Себебі бұл тақырып халық үшін маңызды», - деді Н.Нығматулин.

Сонымен қатар, Н.Нығматулин ел бюджеті кірісінің өсуі маңыздылығын  атап өтіп,  ЕАЭО  жұмыс істеу  мәселелерінің  негізі -  тауарлармен қызметтің, капитал мен еңбек ресурстарының еркін қозғалуы екенін жеткізді.

Нұрлан Нығматулин бүгінде отандық дүкендерде Беларусь пен Ресей тауарларының сатылуы, ал қазақстандық тауардың  Мәскеу мен Минскінің сөрелерінде тұруын оңтайлы көрсеткіш деп бағалады.

«Бүгінде бірыңғай энергетикалық және қызмет нарығы  қалыптасу кезеңінде тұр. Біздің тауардың ең басты бәсекеге қабілеттілігі  ЕАЭО тәртібінде екенін  ұмытпау керек. Бұл тауарлар мен қызметтер ортақ нарық тәртібінде  үлкен қажеттілік тудырған кезде  бюджеттің кірісі мен толығуы мәселелері лезде шешіледі. Бұл нәтижеге сапалы әрі бәсекеге қабілетті тауарлар есебінен жетуге болады», - деді Н.Нығматулин.

Айта кетейік,  аталған келісімге Алматы қаласында 2018 жылдың 2 ақпанында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы шеңберінде ЕвразЭО елдерінің Премьер-Министрлерімен қол қойылды.

Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтып өткендей, келісімнің негізгі мақсаттары тауарлар айналымының заңдылығын қамтамасыз ету, тұтынушылардың құқығын қорғау, көлеңкелі экономиканы азайту, бюджетке салықтардың түсімін арттыру, одақ шеңберінде бизнесті жүргізудегі бәсекелестік шарттарын теңестіру болып табылады.

«Келісімнің ережесі таңбалау енгізудің тәртібі мен мерзімін белгілеуді, тауарға сәйкестендіру құралдарының және оларды тауарларға желімдеу біріңғай талаптарын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер арасында таңбаланған тауарлар туралы берілетін мәліметтердің құрылымы мен құрамын реттейді», - деді Ә.Смайылов.

Министр атағандай,  келісім бойынша кедендік одақ аумағына әкелінген және Одақ аумағында өндірілген тауарлар таңбалануға жатады. Бұл ретте, тауарларды кедендік Одақ аумағынан тысқары жерлерде де таңбалауға рұқсат етіледі.

«Таңбаланатын тауарлардың тізбесі одаққа кіретін елдердің ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесімен бірауыздан бекітіледі. Ол үшін таңбалау енгізудің мақсатқа сай екендігі туралы толық талдау ұсыну қажет.Одақ аумағында жеке тауарлар топтамасына таңбалау енгізу туралы ортақ шешім қабылданған жағдайда, бастамашы мемлекет өзінің заңнамасына сүйене отырып таңбалау енгізуге құқығы бар. Бұл ретте, басқа мүше-мемлекеттер өздерінің ниеттері пайда болған кезде осындай таңбалауға қосыла алады», - деді министр.

Министр айтып өткендей,  кейбір жағдайларда тауарлар таңбалауға жатпайды. Мысалы, өндірілген тауарларды Одақтың кедендік аумағынан сыртқа шығарған жағдайда және жеке тұлғалардың өз қажеттілігі үшін әкелген тауарларды таңбалаудың қажеті жоқ.

Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда таңбалау институты әлемнің көптеген дамыған елдерінде, мәселен АҚШ, ЕО елдері, Бразилия, Қытай және басқа да мемлекеттерде ойдағыдай қолданылуда.

«Тауарлардың әрбір бірлігін таңбалау және оны импорттаушыдан және өндірушіден бастап соңғы тұтынушыға дейін қадағалау экономиканы цифрландырудың тиімді құралдарының бірі болып табылады деп есептеймін.Келісімді іске асыру республикалық бюджеттен қаржы шығаруын қажет етпейді», - деді ол.

Айта кетейік, екінші оқылымда Палата өндірістік өнеркәсіп пен мемлекеттік қорғаныс тапсырмасына қатысты заң жобаларына енген өзгертулерді мақұлдады.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды