• Басты
  • Жолдау: 2019 жылы қандай төлемақылар артады
19 Желтоқсан, 2018 09:38

Жолдау: 2019 жылы қандай төлемақылар артады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында негізінен әлеуметтік салаларды қамтып, халықтың бірқатар санатына әртүрлі жеңілдіктер жасалатыны туралы айтылған. Соның ішінде еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге көтеру тапсырылған еді. Осыған орай, Strategy 2050.kz ақпараттық-сараптамалық порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әлеуметтік салада жасалған мүмкіндіктер мен алдағы жылы енгізілгелі отырған жаңалықтар туралы ресми сауал жолдаған болатын. Құзыретті ведомстводан келген жауаптарды назарларыңызға ұсынамыз.
Жолдау: 2019 жылы қандай төлемақылар  артады

- Ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге өсірудің мүмкіндіктері қарастырылды ма? Осы мақсатқа, жалпы республикалық бюдждеттен қанша қаржы жұмсалмақ?

- Мемлекет басшысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауында жатқан «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұл ретте, ҚР Конституциясына және Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшеріне мемлекет тарапынан кепілдік берілген.

Яғни, еңбек міндеттерін толық орындаған жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауы қажет.

Осыған байланысты, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының өсуі, еңбекақылары ең төменгі жалақы мөлшерінен, яғни 42 500 теңгеден төмен болатын жұмыскерлердің еңбекақысына әсер ететін болады.

Сол себепті, бюджет саласында лауазымдық жалақысы жаңа ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болатын азаматтық қызметшілердің жекелеген топтарының жалақысы арттырылатын болады. Бұл шамамен 275 мың азаматтық қызметшілерді қамтиды, олар үшін жалақы өсімі ең төменгі жалақыны арттырғаннан кейін орта есеппен 35%-ды құрайды.

Бюджет саласындағы азаматтық қызметшілердің жалақысын арттыруды қаржыландыру үшін 2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетте Үкіметтің резервінен жыл сайын 86 (сексен алты) миллиард теңге көзделетін болады.

Қосымша, салық салу кезінде жұмыскерлердің табысынан ең төменгі жалақы шегерілетін болғандықтан, жеке табыс салығы бойынша салық шегерімін ұлғайту есебінен барлық қызметкерлердің (6 миллионнан астам адамның) алатын  табысы арттырылады.

Жеке табыс және әлеуметтік салықтардың жеткілікті түспеуіне байланысты жергілікті бюджет түсімдерінің орнын толтыруға республикалық бюджетте 10,5 млрд. теңге қарастырылатын болады.

Нәтижесінде халықтың нақты табысының, төлемдік қабілеттігінің өсуі, ішкі жиынтық сұранысының артуы сияқты айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық тиімділікке ие боламыз.

Экономиканың барлық саласы бойынша жалақылары төмен 1,3 миллион жалдамалы жұмыскерлер үшін жалақы орта есеппен 30%-ға дейін арттырылады деп күтілуде.

- Жалпы бүгінгі таңда ел азаматтарына қарастырылған қандай төлем түрлері бар және олар қандай көлемде, кімдерге төленеді?

Бүгінгі таңда мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемақылар жүйесімен көрсетілген балалы отбасыларды қолдаудың ұлттық моделі қалпытасқан.

1) отбасындағы балының тәрбиесіне қолдау көрсету және туу көрсеткішін реттеу

-  2003 жылдан бастап бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы еңгізілген, 2005-2018 жылдар аралығында  10,4 есе артты (14 565 теңгеден 151 515 теңге). 2018 жылдың  1 желтоқсанынан бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік  жәрдемақыны 332,3 мың адам алды.

 2006 жылдан бастап, бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы еңгізілді, бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толық толғанға дейiн және отбасындағы бала санына байланысты тағайындалады, 2006-2018 жылдар аралығында жәрдемақы көлемі 4,6 есеге артты (4 635 теңгеден 21 405 теңге). 2018 жылдың 1 желтоқсаннан бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны орта есеппен 125 мың адам алды.

-Қандай санаттағы азаматтарға әлеуметтік жеңілдіктер берілген, бұл мақсаттарға бюджеттен қанша қаржы жұмсалады?

-  Көп балалы аналардың мәртебесін арттыру. Ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар көп балалы аналарға "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы 2005-2018 жалдар аралығында 8,3 есеге артқан (1 845 теңгеден 15 392 теңге), 4 және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға төленетін жәрдемақы көлемі 2005-2018 жылдар аралығында 5,4 есеге артты (1 845 теңгеден 10 005 теңге).

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды