- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздік пен Елбасы – ажырамас ұғым – Мәжіліс депутаты
Тәуелсіздік пен Елбасы – ажырамас ұғым – Мәжіліс депутаты

-Генадий Геннадийұлы, Тәуелсіздік мерекесі қазақ мемлекеті үшін қаншалықты маңызды?
- 1991 жылы Тәуелсіздігімізді алғаннан бастап осы күнге дейін толағай табысты істер жүзеге асырылды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясатының нәтижесінде біздің мемлекетіміз халықаралық аренада өзінің орны, дербес пікірі бар. Тәуелсіздік жылдары жүзеге асырылған жобалар мен шаралар да аз емес. Оның ішінде, былтыр өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі бар. Осы халықаралық көрменің нәтижесінде біздің елімізге күллі әлем көзін тікті, танысты. Барлық мемлекеттерді достастық, ынтымақтастық қарым-қатынасқа шақыратын «Astana Club» жиналыстары да нәтижесін беріп жатыр. Еліміз әлемде болып жатқан даулы мәселелердің шешуіне бастамашы болды. Осы істердің барлығы Тәуелсіздік жылдары еліміздің тағдыршешті оқиғасы елорданың Алматыдан Астана қаласына көшуі нәтижесінде жүзеге асты. Бас қаламыз –Астана әлем қалаларымен бәсекеге түсе алатын дәрежеге жетті. Сондай-ақ, туристердің назарын аудара алатын болашақтың әсем қаласына айналды.
- Тәуелсіздік пен Елбасы ұғымын ажыратып қарауға бола ма?
- Атап өткенімдей, дербестік алған соң көптеген мемлекеттер «басын көпке дейін көтере алмай» қиын жағдайға душар болды. Біздің Елбасымыз қиын-қыстау кезеңде биліктің тізгінін қолына алып, барлық тараптан айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Әрине, Тәуелсіздік пен Елбасы –егіз ұғым. Себебі, Қазақстанның барлық жетістігі Президент саясатының нәтижесінде жүзеге асты. Қазір егер мемлекет басында басқа адам болса, Қазақстан қазіргі деңгейіне жетер ме еді? деген сұрақ туындайды. Сондықтан да Елбасының Тәуелсіз Қазақстандағы тарихи орны ерекше, тарихта қалып, болашақта ұрпаққа насихатталатын айтулы тарихи тұлғаға айналады деп кәміл сенемін. Қазақстан ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ЕАЭО, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨСШК, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі және Түркі кеңесі сияқты ірі халықаралық ұйымдардың мүшесі. Цифрландыруға қатысты мақсатты жүзеге асыру үшін IT-стартаптардың Халықаралық технопаркі Astana Hub құрылған болатын. Ол IT жобаларды жүзеге асыруға, инвесторларды тартуға, жоғары технологияларды енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл тек қана бастамасы. Болашақта одан да көп жетістікке жетеді деп ойлаймын. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтсақ, осы аталған жетістіктерден кейін Елбасы мен Тәуелсіздік ұғымын ажырата аламыз? Әрине, ол екеуі бір ұғым.
- Тәуелсіздікке дейінгі және кейінгі азаматтардың сабақтастығы туралы пікіріңіз қандай?
- Жалпы, адам өзінің тарихын, әлемнің тарихын білмесе, оқымаса алдағы уақытта ол қиындықтарға ұрынуы мүмкін. Себебі, тарих- өте терең ұғым. Жақында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жарияланды. Былтыр «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарыққа шыққан болатын. «Ұлы даланың жеті қыры» «Рухани жаңғырудың» жалғасы болып табылады. Қазақстанның тарихына әр адамның назарын аудартатын дүние. Мақалада түркі тілдес елдерге байланысты, ата-бабамыздың батырлығы, даналығы, атқа міну туралы тарихи мәліметтер жазылған. Біз тарихи құндылықтарымызды келер ұрпаққа қалай насихаттаймыз, қалай бөлісеміз осы мәселелер маңызды. Бүгінгі оқиға мен осы заманға дейінгі тарихты ұштастыра білген адам ұзаққа барады. Мақалада «Архив-2025» жобасын іске асыру айтылды. Қазақ мемлекеті мен Қазақ хандығының тарихы, Тәуелсіздіктің тарихын ұштастыру болашақта жақсы идеологиялық құралға айналады деп ойлаймын.
- Тәуелсіздік күні барша қазақстандықтарға айтатын тілегіңіз...
- Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Әр шаңыраққа тек қана бақыт тілмеймін. Елімізде береке, бейбітшілік болсын. Еліміздің көркеюіне бірге атсалысайық.
-Сұхбатыңызға рақмет.
Аягөз Құрмаш
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар