• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТарМУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамы ҚР Президентінің Жолдауын қолдады

ТарМУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамы ҚР Президентінің Жолдауын қолдады

21 Қаңтар, 2014 10:10
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050. Бір - мақсат, бір - мүдде, бір - болашақ» атты жолдауы қоғамда үлкен қызығушылық тудырғаны сөзсіз. Бүгін Тараз Мемлекеттік университеті де стратегиялық маңызы бар құжатты талқыға салды, деп Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы хабарлады.

«Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Елбасы Жолдауын зор ықыласпен тыңдап келген университет ректоры  ТарМУ ұжымына стратегиялық құжаттың  басты бағыттарын жеткізді. Әсіресе өндіріске инновациялық жоспарларды енгізу жағын ерекше атап өтті. Бұл орайда ғылымға негізделген инновациялық іс-шараларды жүзеге асыру білікті ғалымдар мен ізденімпаз студенттерімізге жүктеліп отырғаны белгілі», - делінген хабарламада.  

Профессорлық-оқытушылар құрамы да елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан әрі жақсартуға бағытталған басты құжатты, барлығы бірдей қолдауда. 

Хабарламада айтылғандай, Тараз Мемлекеттік университеті ұжымының алдында жаңа міндеттер айқындалды. Енді ЖОО-ның ұжымы да айтылған міндеттерді мүлтіксіз орындауға, бар күш-жігерлерін жұмсаймыз деп отыр. 

Барлық жаңалықтар