- Басты
- Азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі - Елбасы
Азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі - Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық қызметтерінің ресми түрде басталуымен құттықтап, бүгінгі салтанатты рәсімнің Тәуелсіздік күні қарсаңында өтуінің символдық мәніне тоқталды.
«Біз 27 жыл ішінде экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан заманауи мемлекетке айналдық. Бүгінде елімізде бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға баса мән береміз. Әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосылу мақсатымен ауқымды бағдарламалар мен реформаларды жүзеге асырып келеміз», – деді Қазақстан Президенті.
Елбасы азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екенін айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық және өңірлік қақтығыстарды шешу жөніндегі қызметіне ерекше тоқталып, соның бір айғағы ретінде Сирияда бейбітшілік орнатуға бағытталған «Астана процесін» атап өтті.
« Әлемде әскери қақтығыс ошақтары көбейіп, санкциялық текетірес пен сауда соғысы өршіп тұрған жағдайда өзара сенім болмаса, дағдарысқа қарсы кез келген іс-қимылдың оң нәтижесі болмайды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы еліміздің Қырғыз Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастық пен достық қатынастарды одан әрі дамытуға ниетті екеніне тоқталып, бұл ел Орталық Азиядағы маңызды әріптесіміз ғана емес, сондай-ақ тарихи тамырымыз тереңге жайылған бауырлас мемлекет болып саналатынын айтты.
«Біз Қырғызстанмен достыққа және өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестікті дамытуға айрықша мән береміз. Үкіметтеріміздің осы бағыттағы тиімді жұмысы екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жаңа белестерге көтереді деп сенемін», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Армениямен саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық өзара сенім мен сыйластық рухында дамып келе жатқанын айтып, Астана мен Ереванның Еуразия экономикалық одағы аясындағы байланыстарының перспективасына ерекше тоқталды.
« Соңғы жылдары өзара тауар айналымының көлемі артып келеді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 68,4 пайызға жетті. Сонымен қатар, елдеріміздің сауда-экономика саласындағы әлеуетін толық пайдаланған жөн», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Иран өңірдегі Қазақстанның маңызды серіктесі саналатынын айтып, Тегеранмен көлік, логистика, ауыл шаруашылығы, пайдалы қазбалар өндіру және металлургия салаларындағы ынтымақтастық аясын кеңейту қажеттігіне назар аударды.
« Ақтауда қол қойылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция елдеріміз арасындағы өзара ықпалдастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенімдімін. Біз Иранның ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық келісімнің сақталуын және оның әрі қарай тиімді жүзеге асырылуын құптаймыз», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы еліміздің Ауғанстанмен қарым-қатынасы достық пен өзара түсіністік рухында ілгерілеп келе жатқанына тоқталып, Қазақстан бұл елдегі жағдайды тұрақтандыруға, оны әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.
«Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде Ауғанстан мәселелерін шешуге атсалысып келеміз. Кабулға жыл сайын қаржылай, техникалық және гуманитарлық көмек көрсетілуде. Ауған жастарына арналған білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, біз Кабулға азық-түлік тауарларын жеткізетін негізгі елдердің бірі болуға әзірміз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті еліміздің Литвамен ықпалдастығының бүгінгі деңгейін жоғары бағалап, көлік-транзит саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Астана мен Вильнюс арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы екі жақты байланысты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретінін айтты.
Соңында Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы жауапты әрі мәртебелі миссияларының басталуымен тағы да құттықтап, олардың қызметтері елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосатынына сенім білдірді.
-
Германия – Қазақстанның негізгі еуропалық серіктесі – Қ.Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жоспарлаған ресми сапарының қарсаңында «Немецкая волна» телерадиокомпаниясына сұхбат берді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында.
04 Желтоқсан 2019, 16:08
-
Үкімет Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын қарастырды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды.
03 Желтоқсан 2019, 11:38
-
ҚР Тұңғыш Президенті: 5-бөлім. Елбасы жолы
Биыл наурыздың 19-ы күні Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік телеарналар арқылы ҚР президенті ретінде өкілеттілігін тоқтатанын мәлімдеді. Осылайша Назарбаев президенттіктен өз еркімен бас тартқан Орталық Азия кеңістігіндегі алғашқы басшы болып тарихта қалды. Осы орайда, Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасының президенттіктен кеткеннен кейінгі кезеңдегі маңызды оқиғаларға, саяси шешімдеріне шолу жасағанды жөн көрдік.
29 Қараша 2019, 18:24
-
Алматы "Doing Business" рейтингі бойынша өңірлер арасында бірінші орынды иеленді
Алматы қаласы "Doing Business" рейтингі бойынша өңірлер арасында бірінші орында тұр. Бұл туралы Алматы қаласының биылғы он айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қараша 2019, 13:30
-
Н. Назарбаев Елбасы Қоры сыйлығының лауреаттары мен талантты жастармен кездесті
Назарбаев орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаттары мен еліміздің талантты жастарымен кездесті.
27 Қараша 2019, 18:21
-
Қарағанды облысында 43 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында 43 853 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 33 901 адам жұмысқа орналастырылса, оның 30 621-і немесе 90% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
27 Қараша 2019, 09:50
-
Д.Назарбаева Татарстан Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасымен кездесті
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Фарид Мұхаметшинмен кездесті.
26 Қараша 2019, 19:22
-
А.Мамин мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін 90%-ға дейін жеткізу міндетін қойды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «электрондық үкіметті» дамыту және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері қаралды. Жиында А. Мамин интернет арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін 90%-ға дейін жеткізу міндетін қойды, деп хабарлады Strategy2050.kz.
26 Қараша 2019, 11:02
-
БҚО-да 23 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында 23 346 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 14 748 адам жұмысқа орналастырылса, оның 9 978-і немесе 68% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
19 Қараша 2019, 16:26
-
Биыл балалары бар отбасыларға мемлекеттік бюджеттен 162 млрд теңгеден астам қаражат төленді
2019 жылы балалары бар отбасыларды қолдауға және әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 196 млрд теңгеден астам қаржы көзделген, оның 162,5 млрд теңгесі игерілді.
18 Қараша 2019, 16:02
-
Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын таныстырды
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй коммуналдық мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Аталған жобаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында таныстырып, осыған дейін жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталып өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
18 Қараша 2019, 11:11
-
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 162 миллиард теңгеден астам төлем төленді
2019 жылғы 10 айда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жалпы сомасы 162,1 млрд. теңге көлемінде төлемдер жүргізілді.
11 Қараша 2019, 16:46
-
Б. Нұрымбетов «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларын құттықтады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен кездесті.
08 Қараша 2019, 16:26
-
Елбасы Қоры мен британдық ғалымдар бірлескен жобаларды жүзеге асырады
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының делегациясы Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен Лондонда Қор бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде ынтымақтастық бойынша бірқатар кездесулер өткізді.
07 Қараша 2019, 09:13
-
Елбасы Түркістанда БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға жұмыс сапарының қорытындысы бойынша отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Елбасы журналистер алдында сөйлеген сөзінде Түркістан аумағында қарқын алған құрылыс жұмыстарының ауқымын атап өтті.
05 Қараша 2019, 17:43
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды