• Басты
  • Ұлттық мереке – тұғыры биік Тәуелсіздік
15 Желтоқсан, 2018 09:23

Ұлттық мереке – тұғыры биік Тәуелсіздік

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. 1991 жылы 16 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Айтулы мерекенің тарихы мен маңызына көз жүгіртсек...
Ұлттық мереке – тұғыры биік  Тәуелсіздік

Әр азаматқа қастерлі, тәу етер Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы.

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы»  заңды қабылдады.

1992 жыл — Тәуелсіз Қазақстан тарихының алғашқы жылы. Күні кеше егемендігін жариялаған жас мемлекет тұтастығын сақтап қалу үшін өз әскерін құрып, халықаралық аренада дербес орнын айқындап,  басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын межелеген аса жауапты кезең бұл.Қаңтарда Республикалық Ұлан құрылып, ішкі әскер жасақталды.

30 қаңтарда Қазақстан ЕҚЫҰ-ға, 3 науырызда БҰҰ-ға, 22 мамырда ЮНЕСКО-ға мүше болды.

Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне жиырма жеті жыл толып  отыр. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Бүгінде Қазақстанда  130-дан  астам ұлт өкілдері  бірлікте өмір сүріп жатыр.

Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Елдің стратегиялық міндеті- ең бірінші тұрғындар  өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы да осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталған.

Еліміздің басты құжаты – Қазақстан Республикасы Конституциясын 1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда бүкіл Қазақстан халқы бірауыздан қабылдады.

Еліміздің негізгі мемлекеттік мақсаты – Конституциямызбен бекітілген: «Қазақстан өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген.

Демек, қоғамда тұрақтылықты татулықты қалыптастырып, елдің тұрмыстық әл ауқатын жақсарту басты мәселе болып табылады.

Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекеттік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық.

Қазақстан әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 елінің қатарына енді.Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді мақсат етіп қойған «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаңа сипаттағы стратегиялық құжат болып табылады.

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары әлемдік қаржы жүйесіндегі аса жағымсыз құбылыстарға қарамастан, елімізде өндіріс пен инновацияны, әлеуметтік саланы дамытуға және жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Конституция егемендіктің саяси және құқықтық негіздерін бекітіп, адамның өмірін, құқықтары мен бостандығын, тегіне, әлеуметтік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатыстылығына қарамастан, адам мен азамат құқықтарының теңдігін мемлекеттің жоғары құндылықтары деп жариялады. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы мемлекет пен қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің мызғымас негізіне айналды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауының бірінде  Отанды сүю – ерекше бақыт, ал оның аптабына күйіп, аязына шыдау әркімге бұйыра бермейтін бөлек дүние екенін айтқан болатын.

«Оның жолында оза шапсаң да, шоқтай жансаң да, жанып жатып арманда қалсаң да жарасады. Бұл – ата-бабаларымыздың асыл арманы. Біз тәуелсіздікті бабалардың нақылымен, халқымыздың парасатты ақылымен алдық. Тәуелсіздік – тарихтың толқыны, шайқалмай, уақыттың соққысын байқамай өз бетінше тұратын тұғыр ғана емес, оны қолда ұстап тұратын тек шарболаттай шыңдалған рух, наркескен жаңашыл мінез, арайлы ақ таң үшін күрес. Міне, мәңгілік жасайтын елдің өмірлік ұстанатын кепілі – осы. Мыңжылдықтар тоғысар тұста тәуелсіздік таңын көру бақыты бүгінгі қазақстандықтардың пешенесіне жазылды», - деген еді  Президент.

Айта кетейік, биыл Қазақстан биыл Тәуелсіздігінің 27 жылын  мерекелейді. Республиканың барлық өңірлері айтулы мерекені атап өтуге дайындалып жатыр.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды