Атырау облысының активі ҚР Президентінің Жолауын талқылады

21 Қаңтар, 2014 10:00
Атырау облысының актив отырысында Президенттің 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»Жолдауының маңызды тетіктері атап өтілді, Атырау облысы ішкі саясатының басқармасы хабарлады.

«Актив отырысында Атырау қаласы әкімі мен аудандар әкімдері, мәслихат депуттары, басқарма мен өндіріс басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен партия төрағалары, студенттер, белсенділер қатысты», - делінген хабарламада.

Президенттің Жолдауын түсіндіре келе, облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов оның орындалысы үшін 7 бағытта жұмыс жасауымыз керек деді. «Көптің қолы көкке жетеді» демекші, Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер мен мақсаттар ел болып жұмылсақ қана жүзеге асады» - деді әкім.

Елбасы Жолдауы бойынша ақпараттық-насихаттық топ пен БАҚ басшыларына биылғы Жолдауды халыққа жетік түсіндіруді тапсырды. Бұл жұмысты орындау үшін көлемді тапсырмалар айтылды.

 

Барлық жаңалықтар