• Басты
  • Екінші бесжылдық: Елбасы бірқатар индустриялық жобаларды іске қосты
11 Желтоқсан, 2018 16:43

Екінші бесжылдық: Елбасы бірқатар индустриялық жобаларды іске қосты

Астанада Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» телекөпірі өтті. Онлайн режимде бірқатар индустриялық, инфрақұрылымдық, аграрлық және цифрлық жобалар іске қосылды. Индустрияландырудың екінші бесжылдығы басталғалы (2015-2017 жылдар) 3,1 трлн. теңгенің 378 жобасы іске қосылып, 31 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. 2018 жылы жалпы сомасы шамамен 1,2 трлн. теңге болатын 100 нысан қатарға қосылып, 13 мың адамға жұмыс берілді.
Екінші бесжылдық: Елбасы бірқатар индустриялық   жобаларды іске қосты

 Индустрияландыру бағдарламасы іске асырылған жылдары барлығы 6,6 трлн. теңгеден астам соманың  1 148 жобасы іске қосылып, 107 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Соның ішінде индустрияландырудың бірінші бесжылдығында (2010 – 2014 жылдар) Индустрияландыру картасы аясында 3 трлн. теңгенің 770 жобасы іске қосылып, 76 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Телекөпір аясында Қазақстан Президенті  Шығыс Қазақстан  облысындағы «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» мен Қарағанды облысының катодты мыс өндіретін «Алмалы»  кен орнындағы құрылысы аяқталған және өндіріс қуатына шығуға дайын «Sary-Arka Copper Processing» кәсіпорынын іске қосуға пәрмен берді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тау-кен  өндіру кәсіпорны бұрыннан жо спарда жүргенін айттып, ұжымға сәттілік тіледі.

Машина жасау және құрылыс индустриясы саласында Қазақстан Президенті Павлодар облысындағы «Проммашкомплект» темір жол доңғалақтарын өндіретін кәсіпорынды онлайн-режимде іске қосты. Ол теміржол доңғалақтары өндірісін жылына 75 мыңнан 200 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Елбасы Шымкенттегі қуаты 110-220 кв трансформатор шығаратын «Asia Trafo» зауытын, Қызылорда облысындағы қуаты жылына 1 млн тонна болатын «Гежуба Шиелі Цемент» Қазақстан-Қытай инвестицялық жобасын іске қосты.

Президент кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысына табыс тіледі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы телекөпір аясында сондай-ақ, Алматыдағы қуаты жылына 550 мың тонна қоқыс өңдейтін «Green Recycle» ЖШС кешенін және  Петропавлдағы қажетті халық тұтынатын тауарлар мен полимерлерді толық циклда қайта өңдейтін «Радуга» ЖШС металл пластикалық бұйымдар зауытын іске қосты.

Телекөпір барысында «KEGOC» АҚ 500 килоВольттық «Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы» желісін іске қосты, сондай-ақ Ақтөбе облысында қуаты 300 млн. м3 болатын Қожсай кен орнында «Gas Processing Company» ЖШС ілеспе мұнай газын қайта өңдеу жобасы жұмыс істей бастады.

«Баламалы энергетика» саласында «Samruk Kazyna – United Green» ЖШС Жамбыл облысында қуаты 100 МВт болатын Қазақстан-Британ бірлескен жобасы - «Бурное» күн электр станциясын пайдалануға берді. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы "KТ Редкометальная компания" ЖШС бірлескен кәсіпорны жел энергетикасының бірінші кезеңі іске қосылды (43,6 МВт) (1-кезең).

Телекөпір барысында аграрлық сектор бойынша заманауи қондырғылармен жабдықталған «Карат» ЖШС (Атырау облысы) автоматтандырылған диірмені, қуаты жылына 50 000 тонна ет өндіретін соңғы жылдары аграрлық саладағы ірі жобалардың бірі Макинск (Ақмола облысы) құс фабрикасының бірінші кезеңі, сондай-ақ, Арқалық қаласындағы ет өңдейтін «Торғай Ет» ЖШС кешені пайдалануға берілді.    

Бұдан бөлек, тамақ өнеркәсібі саласында Mareven Food Holdings трансұлттық холдингі Алматы облысында ұнды терең өңдейтін және тамақ өнімдерін дайындайтын зауыт салды. Түркістан облысында түйе мен бие сүтін өңдейтін «Golden Camel Group LTD» ЖШС кәсіпорны іске қосылды. Онда құрғақ сүт, балалар тағамы және энергетикалық сусындар әзірленеді.

Телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «5 әлеуметтік бастаманың» бірі ретінде Астананы газдандыру жобасындағы Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағыты бойынша ұзақтығы 1061 км болатын және жылына 2,2 миллиард текше метр газ өткізу мүмкіндігі бар «Сарыарқа» газ магистралінің 1-ші кезеңін іске қосуға пәрмен берді.

«Бұл біздің ірі жобамыз. Біз  мұнай мен газ өнідретін мемлекет ретінде орталықты газдандыруға көңіл бөлдік. Біздің индустрия бұл істі қалыптастыра алды.  Келесі жылы барлық қалаларды қамтитын газ құбыры іске қосылады деп үміттенеміз. Баршаңызға сәттілік тілеймін», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Президент онлайн режимде республика тарихындағы алғашқы концессиялық  жоба – Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы құрылысының барысын бақылады. Онда 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, Президент Батыс Қазақстан облысындағы елімізді Ресеймен және Шығыс Еуропамен байланыстыратын Орал-Тасқала автожолы учаскесінде автокөлік қозғалысын ашты.

«Инфрақұрылымдық бағдарлама негізгі бағдарламалардың бірі. Еліміз, жеріміз кең. Даламыз байтақ. Аарасында қарым-қатынас жоқ болса, жүк тасымалдау жүрмесе, экономикамыз да дамымайды. Жол саласын жөндеу- үлкен шаруа. Көп қаражатты қажет етеді. Қазір біздің қауқарымыз жетеді. Темір жол мен тас жолдарды салып жатырмыз. Еш уақытта Қазақстан осындай жолдармен жүрген емес. Табысты болыңдар. Құттықтаймын. Жұмысқа кірісейік», - деді Елбасы.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың арқасында Шығыс Қазақстан облысының Озерка ауылы мен Жамбыл облысына қарасты Өрнек ауылының тұрғындары кең жолақты интернетке қол жеткізді.

«Цифрландыруға Қазақстан жақында ғана кірісті. Бұл бойынша барлық әлем жұмыс істеп жатыр.  Бұл болашақ. Цифрландыру арқылы экономиканың  өнімділігін 2,5 есеге арттырамыз  деп отырмыз. Барлық қызмет  мәселесі бойынша баршамызға көмектесетін технологияның болашағы. Біздің аймағымыз өте үлкен. 7 мың жергілікті жер бар. Сондықтан осындай технологияларды енгізу үлкен жетістік. Жұмыс істейік», - деді Н.Назарбаев.

Цифрландыру аясында Екібастұзда Орталық Азиядағы ең ірі дата-орталық, Қостанайда еліміздегі ең цифрлы диірмен кешені - «Бест Костанай» ЖШС іске қосылды.

Астанада модем, коммутатор және автоматты цифрлы телефон станциясын өндіретін «DigitalSystemServis» ЖШС зауыты құрылды. Алматыда прибор жасау және радиоэлектроника инновациялық «Kaz Tech Innovations» ЖШС зауыты іске қосылды.

Соңғы үш ірі жоба  Астана қаласында орналасқан.  Мемлекет басшысы жүк әуе тасымалы саласында e-Freight және «Қазпошта» компаниясының фулфилмент-орталық қағазсыз құжат айналым ақпараттық жүйесінің жұмысын, «ҚазТрансОйлдың» мұнай тасымалдауды басқару digital-жүйесін іске қосты.

«Мықты Қазақстан-цифрлық Қазақстан. Біз осы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Цифрлық технологиялар жұмысты сапалы атқаруға сепігін тигізеді. Сәттілік тілеймін», - деді Елбасы.

Сондай-ақ,  Елбасы ашылған кәсіпорындар Қазақстанның жаңа экономикасының көрінісі екенін атап өтті.

 Айта кетейік, шара  қорытындысында Елбасы  бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық «Парыз» сыйлығының Бас жүлдесі  - Қазақстан Республикасы Президентінің Гран-приін  «КазЦинк» компаниясына табыстады. «Алтын сапа» Президент сыйлығының «Үздік инновациялық жоба» арнайы номинациясының жүлдегері - «КазТехИнновэйшнс» компаниясы мен «АЗАЛА ТЕКСТИЛЬ» компанияларын марапаттады.

Бизнесті енгізуге қолайлы аудандар мен қалалардың рейтинг қорытындысы бойынша 2017 жылы бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасаған үздік аудан болып Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы танылды.   

Сондай-ақ, 2018 жылдың  қорытындысы бойынша   бизнесті енгізуге қолайлы өңір болып Қызылорда облысы таңдалды.  Сыйлықты  Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев алды.

Аягөз Құрмаш 

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды