- Басты
- Жаңалықтар
- Міндетті медициналық сақтандыру пішіні туралы ұсыныстар форумы ДСМ сайтына шығады
Міндетті медициналық сақтандыру пішіні туралы ұсыныстар форумы ДСМ сайтына шығады
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында міндетті медициналық сақтандыру моделі туралы нақты ұсыныстар форумы ашылады. Аталмыш мәселені пациенттердің құқын қорғау бойынша Қоғамдық кеңестің отрысында жан-жақты талқылау жоспарланып отыр.
ҚР денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың айтуынша, Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы елімізде саяси үрдіске айналды. Ол өз кезегінде еліміздің тарихын тағы бір парақты қосып отыр. Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – оның «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру жоспарын қарастыруында. Әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің құрамына ену «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының нақты өлшемін көрсеткендей.
Жиында министр міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мен есептеу-есеп беру құжаттарын оңтайландыру туралы мәселелер бойынша жұмыс топтарына нақты тапсырмалар берді.
«Көрсетілетін медициналық қызметтердің спектрін кеңейту керек, жоғары маманданған медициналық көмекті барынша дамытып, кардиохирургия, нейрохирургия, транплантологияның даму қарқынын күшейтіп, оларды шет елдерде белсенді насихаттап, көршілес елдерге тарату керек. Халық арасында аурудың енді басталып келе жатқан кезінде денсаулық сақтау қызметкерлеріне жүгінудің маңызын кеңінен насихаттаған жөн. Соның ішінде жастардың денсаулық сақтау орталығы мен денсаулық сақтау мектептерінің қызметімен таныстыру керек», - деді Бас дәрігер.
Сонымен қатар, министр денсаулық сақтау қызметкерлер жалақысының 28 пайызға дейін өсетініне де тоқталды. «Бұл мамандардың жұмысқа деген құлшынысын арттыра түседі. Айта кету керек, денсаулық сақтау жүйесіне ынталандыру компоненті енгізілген. Соңғы нәтижеге қол жеткізген жағдайда медицина қызметкерлеріне жалақыға қосымша сыйақы алу мүмкіндігі бар», - деді министр.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы