- Басты
- 2019 жылы тарифтер қалай өзгереді
2019 жылы тарифтер қалай өзгереді

Ұлттык экономика Вице-министрі Серік Жұманғарин тарифтерді төмендету жөніндегі шаралар туралы айтып берді.
«Бүгінгі күні жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электр энергиясын тарату және жабдықтау саласындағы 40 монополист бойынша тарифтердi 28,8 млрд теңгеге төмендету туралы шешім қабылданды.Сонымен қатар, жыл соңына дейін жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электр энергиясын тарату және газды тасымалдау саласындағы 15 монополист бойынша тарифтерді 2,7 млрд. теңгеге төмендету күтілуде», - деді С.Жұманғарин.
Вице-министр еліміздің қай өңірінде қандай салаларында тарифтер төмендетілетіні туралы жақын арада хабарланатынын айтты.
«Монополистердің негізсіз алған кірістерін анықтау және оларды тұтынушыларға қайтару максатында монополисттерге қатысты 53 жоспардан тыс тексерулер ашылды. Оған жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, электр энергиясын тарату және электрмен жабдықтау, газды тасымалдау жұмыстары жатады», - деді ол.
С.Жұманғарин осы бойынша қазіргі уақытта 53 тексерудің 26 аяқталғанын айтты.
«7 тексеру бойынша жалпы сомасы 9,8 млн. теңгеге заңнаманы бұзушылықтар анықталды.Көтерме бағаларын төмендету кезінде, Ұлттық экономика министрлігі соңғы тұтынушылар үшін бөлшек саудадағы бағаларды төмендету бойынша жұмыс жүргізетін болады», - деді С.Жұманғарин.
Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Елбасының Жолдауында тапсырылған тарифті қалыптастырудағы ашықтық бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.
«Қазіргі таңда «Табиғи монополияларды реттеу» заң жобасы әзірленді. Қазір ол Сенатта. Президенттің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында заң жобасына тарифті қалыптастырудағы ашықтықты күшейту, бұқаралық, орындалуды бақылау нормалары енгізілді. Жаңа заңның қабылдануы монополия субъектілері қызметінің сапасын арттырады. Қызметтерді реттеудің сапасын арттыруға өз септігін тигізеді», - деді М.Қазбекова.
Ал Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқов инетернет пен телефон байланысына қатысты тарифтердің төмендеуі туралы түсінідіріп өтті.
«Тарифтерді төмендету бойынша 23 қарашада министрлікте барлық операторларды шақырып отырыс өткіздік. Жиын барысында байланыс операторлары әлеуметтік тариф жасайтын мүмкіндіктердің бар екенін айтты. Ол барлық абонементтер мен әлеуметтік аз қамтылған санатқа бірдей қатысты болмақ. Барлық операторлар бойынша сараптама жүргіздік. Мәселен, «Қазақтелеком» 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік тарифті енгізеді. Бұл әрекеттегі тарифтен 5 пайызға төмен болып отыр», - деді Д.Тұяқов.
Вице-министр айтып өткендей, «Кар-Тел» желі операторы әлеуметтік тарифтік жоспар бойынша қызметтердің құнын 50 пайызға дейін арзандатынын айтқан.
«Қазіргі таңда министрлік желі операторлары бойынша сұрақтарды шешіп жатыр. Қазір кейбір операторлар өздерінің ұсыныстарын жеткізген жоқ. Жақын арада барлық ұсыныстарды айтатын боламыз», - деді Д.Тұяқов.
Ал ТКШ саласына халықаралық қаржы ұйымдарының инвестициясын тарту бойынша көшбасшы болып табылатын ЕҚДБ өкілі Григорий Савва коммуналдық салада 12 қалада 22 жоба 350 млн еуроға қаржыландырылғанын жеткізді.
«Біз үшін тарифтердің қолжетімділігі басымдыққа ие. Біз инвестиция тартумен қатар халыққа қолжетімді болу маңыздылығын теңдікте ұстаймыз. Тарифтерді ұзақмерзімге төмендету үшін кәсіпкерліктердің тиімділігін арттырып, олардың шығынын азайту қажет», - деді ол.
Григорий Савваның айтуынша, тарифтер ең алдымен әлеуметтік аз қамтылған тұлғаларға қолжетімді болуы тиіс.
«Тұрмыстық көмек көрсететін жүйенің дұрыс жұмыс істеуі өте маңызды. Осы орайда біз Үкіметпен бірігіп жұмыс істейміз. Мекен-жайлық көмек көрсетуді тиімді ету жобасын келесі жылы жүзеге асыруды көздеп отырмыз», - деді ол.
Облыс әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес, биылдың желтоқсанында ПИК, автобус, троллейбус пен трамвай тасымалдау, қоқысты шығару мен лифт кызметтеріне тарифтердің төмендеуі Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Казакстан мен Түркістан облыстарында болады.
Айта кетейік, шараға орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың кұкыктарын қорғау комитетінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Аягөз Құрмаш
-
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр
-
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді
-
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады
-
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды
-
COVID-19-ға қарсы вакцинаны алу үшін қалай тіркеледі
-
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады
-
Вакцина оразаға қалай әсер етеді
-
Әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қалай құтқарылады
-
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Қазақстандық энергия өндірушілердің шекті тарифтері 15%-ға артпақ
-
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты
-
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі
-
Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қалай өзгерді
-
COVID-19: Созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина қалай салынады
-
Пандемияға бір жыл: Қазақстанға қалай әсер етті

