- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат мемлекеттік шекара туралы заңды бірінші оқылымда қабылдады
Сенат мемлекеттік шекара туралы заңды бірінші оқылымда қабылдады
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы Тұрғанбек Стамбеков баяндап өткендей, Заң жобасы Мемлекеттік шекара туралы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік органдардың өкілеттілігі мен функцияларының аражігін нақты ажыратуға бағытталған.
Сонымен қатар заң жобасында мемлекеттік шекараның шекаралық қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын және қол сұғылмаушылығын қамтамасыз етуге тиісті орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің тапсырмалары, құқықтары мен міндеттері көзделген.
Сонымен қатар жоғарғы палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын екінші оқылымда қабылдады.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне әскерге шақырылушылардың іріктелуін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру үшін заң жобасы әскерге шақыру комиссияларының құрамына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары басшылығының өкілдерін енгізу белгіленген.
Заң жобасымен Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекстерге және 9 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Сенат заң жобасын екінші оқылымда қарап, қабылдады.
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай