- Басты
- О.Өксікбаев: Монополистерге заңдық шектеу қою керек
О.Өксікбаев: Монополистерге заңдық шектеу қою керек

- Қайырлы күн, Омархан Нұртайұлы! Соңғы 20 жылдың көлемін алатын болсақ, суға, жылуға, көмірге, газға жалпы, коммуналдық қызметтің барлық түріне баға тек қана өсумен келеді екен. Осының ішінде мына жарықты алатын болсақ, тек солтүстік аймақтарымыз солтүстік көршімізге сәл тәуелді демесек, қалғанының бәрі өзімізден шығады. Газымыз да бар, суымыз да бар, қазандығымызды қайнататын көміріміз де өзімізден шығады. Олай болса, тарифтердің осынша өсуіне негіз бар ма?
- Жалпы сөзің дұрыс, бізде бәрі бар, бүгінгі таңда. Халықтың мұқтажына керек, электроэнергия өзімізде, тіпті, бүгін ашық айтуға болады. Бізде профицит деуге болады, элетроэнергия өндірісінен. Көмір өзімізде, су өзімізде, еш жақтан біз тәуелді емеспіз. Газымыз да бар, бірақ енді оны барлық жерге жеткізе алмай отырмыз. Елбасының қазір көздеген үлкен бағдарламаларының арқасында орталыққа да келетін болып жатыр. Сондықтан, бұның бәрі шешіліп жатыр. Екінші мәселе, кезінде Кеңес заманында тиын болған дүние, бүгін неғып соншалықты шарықтап аспанға шықты. Нарық дегенді пайдаланып, бізде шексіздік кетті. Нормативтік шектеулердің бәрі алынып тасталды да, әркім өзі ойына не келеді, соны істеп жатыр. Мен мына бір мәселені айтқым келеді, сол Бас прокуратура, Монополияға қарсы комитет бар, басқа да құзырлы органдар Елбасының нұсқауын күтіп отырмай өзі баяғыдан соны зерттей берсе де болатын еді ғой. Олардың құқықтары де жетеді, мүмкіншілігі де жетеді. Барлық функционалдық заңдық мүмкіндіктерінің бәрі оған жасалған. Ал осыған дейін солар қайда қарап отырды? Соны түсінбеймін. Солардың бәрі қазір, өндірушінің басындағы тарифі мен анау пайдаланушының жеткендегі тарифін салыстырып көрсінші.
Мен мынандай бір мысал айтайын. Ол кезде әлі Оңтүстік Қазақстан облысы болатын, біз іс сапармен Түркістан жақтан келе жаттық. Жаз кезі. Жол бойындағы бақшаларда үлкен камаздарға қарбыз тиеп жатыр екен. Бақшалардың біріне әдеуілеп тоқтадық. Қарбыз алдық. Келісі 5 теңгеден. Ал сол кезде Астанада қарбыздың келісі 70 теңге болып тұрды. Ал енді қараңызшы, бүкіл бейнетін көретін, зардабын тартатын, бар ауыртпалығын көтеретін дихан 5 ақ теңге көреді. Қалған 65 теңге ортадағы делдалдың қалтасына кетіп жатыр. Және одан мемлекетке көк тиын пайда жоқ. Міне, бұл біздің өндірушіден, сатып алушыға, тұтынушыға тауарды жеткізудегі дұрыс ұйымдастыра алмағанымыздың кесірі. Мәселе делдалдардың көптігінде, біз соны қысқарта алмай отырмыз. Үкімет соны өзіне тиесілі ұйымдастыру жұмыстарын атқарып, соны мүмкіндігінше қысқарту үшін жол жасауы керек. Сонда барып осы мәселенің бәрі шешілген болар еді. Бүгінгі жағдай газға қатысты да, көміріңіз де, элетроэнергияңыз да, тіпті суыңыз да осының кебін киіп отыр.
Қазір мен Үкіметке смұрақ қойғым келеді. Екібастұзда 1 киловатт электроэнергияны қанша теңгеден өндіріп жатыр? Айтсыншы осыны халыққа, олар айтпайды, жабық информация деп. Ал менің білуімше, сол онша қымбат емес, өйткені көмірі жанында. Бірақ, сол электр қуатын Астанаға 14 теңгеден әкеліп сатып отыр. Міне, осылардың бәрін айтатын уақыт келді ғой. Мынаның ортасында кім тұр? Кімнің қалтасында қалып жатыр, анау қаншама ақша? Кім байып жатыр, халықтың есебінен? Енді осыған біреу арзан баламалы электр қуатын жеткізетін жол ұсынған шығар, соларға біз қандай жағдай жасап отырмыз. Оны ешкім зерделеп жатқан жоқ. Осыдан 2-3 теңге арзан электр қуатын әкелеміз дейтіндер бар. Ал соларға жол бермейді, ана РЭКтің бәрін алып алған. ... Сол көмірді де, мұнайды да, газды да реттеу керек. Мысалы, жыл сайын дәл егін науқаны кезінде жанар-жағар май қымбаттайды. Бұл не сонда? Әдейі істей ме? Қазір, Үкіметтің кезек күттірмейтін шаруасы осы, шұғыл түрде, кешегі Елбасының тапсырмасынан кейін, тарифтерді реттеуді қолға алу керек. Экономика қай кезде дамиды, инфляцияны тоқтатқан кезде. Ал инфляцияны тоқтатату мына үлкен энергетикалық салада жатыр. Осы саланы қолға алып, мына бағаның өсуін шектейтін болсақ, ең болмаса тізгіндейтін болсақ, сонда біз көп дүниені жөндейтін едік.
Екінші бір мәселе, әрине, оларда техникалық өңдеу деген болады. Кезінде Елбасының өзінің нұсқауымен оларды жаңартуға мүмкіндік туғызып, тарифті өсіруге мүмкіндік берілді. Ал қаншалықты жаңарды, қаншасы жаңартты? Оған есеп алған ешкім жоқ. Ал қазір тағы да ол айтады, «ойбай тоқтаймыз, апаттық жағдай болады, тарифті төмен түсірсеңдер, бізде мынандай катастрофа болады» дейді. Сосын, біз қайтадан оларға не ақша беруіміз керек, немесе тарифтерін өсіруге мүмкіндік туғызуымыз керек.
- Осыны жүргізіп, тексеруге хақысы бар өкілетті органдар бізде бар. Бәлки, қолын байлап отырған бізде бір Заң немесе тағы да басқа құжаттары жоқ шығар?
- Ал айтсыншы соны, қай Заң қолын байлап отыр екен? Заң жағынан барлық жағдай жасалған. Мүмкіндіктердің бәрі туғызылған. Бізде ешқандай да бір шектейтін ештеңе жоқ. Екінші мәселе – соны орындауында. Талап бере білуде. Анау кішкене болса да азуын көрсете білуде. Жан жақа алаңдамау, жалаңдамай. Жалаңдайтыны да бар, қолына қарап, шын жұмыс істеу керек. Біз осы тарифті өсірдік қой, оларға норматив бекітуіміз керек еді. Тапқан табысыңның 30% техникалық өңдеуге жіберуің керек, деп. Ал қазір, «алдыңа ас қойдым, екі қолыңды бос қойдым» бұлардың бәріне мүмкіндіктер бердік та, «ал асай бер» дедік. Әне асап жатыр. Оның барлығының салмағы кімнің мойнында? Халықтың мойнына келіп отыр. Тариф болып. Халық және соның тұтынушылары төлейді. Міне, инфляцияның өсетін себебі осы.
- Міне қазір тексеру жүргізіліп жатыр ғой, тарифтер бойынша. Қандай жаза немесе қандай жауапкершілік болуы керек, бұндай монополистерге?
- Біздің монополияға қарсы өкілетті органымыз бар, олардың өздерінің құқытары бар. Еегер заң бұзып, тарифті негізсіз өсірсе, оларға айыппұл салады. Ал айыпұл деген аты ғана. Кезінде мен де айтып едім осыны, «кішкене масаның шаққанындай емес, араның шаққанындай болсын» деп. Ол тағы да кімнің қалтасынан төленеді, ол ана басшысының қалтасынан төленбейді. Айыпұл мекемеге салынады. Мекемеге салынғаннан кейін, ол мекеменің шығынына кетеді. Ол шығын болғаннан кейін, қайтадан сол тарифке енгізіліп, халыққа коммуналдық қызметақы болып келеді. Басшыларға да салынады, ол енді бір масаның шаққанындай да болмайтын дүние. Ол керісінше, ана жақтан дивидент ретінде өзінің бонусын алып алды ғой, оны қайтармайды ешкім. Өйткені, оған негіз жоқ. Жаңағы менің айтып отырғаным сол. Біз оларға норматив қоюымыз керек еді. Тапқан таза пайдаңның 10% немесе 15% ғана осы сыйақыға жібересің. Қалғаны тек өндірісіңді жаңартуға, соның ішіндегі әлеуметтік мәселені, жаңа технологияны енгізуге деп нормативті бекітіп заңдастырып тастасақ, мүмкін сонда жағдайдың барлығы өзгерер ме еді.
Бізде әлі күнге дейін ертеңгі күнге қарайтын көзқарас жоқ, тек бүгінгімен өмір сүріп жатыр. Бүгін ұстап қалуым керек, бүгін басып қалуым керек деумен ғана өмір сүріп жатыр... Екіншіден, сол басшыларға да талап қоюымыз керек. Ол қатты қиналып бара жатса, орнына кетеді де басқа бір креслоға барып отырады. Біздің анау банкирлеріміз де сондай ғой. Бірін қысса, екіншісіне барып отырып жатқан. Сол сияқты мына жерде де сол ешқандай жауапкершілік жоқ, ертеңгісін басқа креслоға барып отыра салады. Уақытша орынбасар болады, келесі күні бастық болады.
- Үлкен монополист компаниялардың өзіне тісі батпай отырған жоқ па, құзырлы мекемелердің? Монополияға қарсы комитет болсын, мейлі Бас прокуратура болсын, Ұлттық экономика министрлігі болсын...
- Біздің мемлекетте бәрі заңның төңірегінде жұмыс істеуі керек. Әрине, әр үлкен өндірушінің артында оның меншігі деп айтайықшы, көбісі бізде меншікке беріліп кеткен, өте үлкен дүние тұр, үлкен мүдделер тұр. Құқық қорғау органы болсын, мемлекеттік орган болсын, соның басшысы сөйтіп алаңдап жұмыс істейтін болса ол 1 минут ол орында отырмау керек, кетуі керек. Ол өзінің құзырын толыққанды пайдалана алмайтын басшы болса, ол жерде отырмауы керек. Алаңдаушылық та істейтін басшының 1 тиын да пайдасы жоқ, мемлекетке де, өкіметке де. Сондықтан ондай басшы басын ауыртпай кетуі керек ол жерден. Бірақ, сол жерге Елбасына жұмыс істеймін, сенімді ақтаймын деп барады ғой. Барғаннан кейін алаңдамай жұмыс істеуі керек. Мен бір нәрсені айтқым келеді. Тариф саясатының кешегі қауіпсіздік кеңесінде қаралып жатқанының өзі бұл мәселенің мемлекеттің экономикасына қауіп төндіргенін көрсетіп отыр. Ушығып кеткендігін көрсетіп отыр. Ол соншалықты қатерлі жағдайға келгендігін көрсетіп отыр. Олай болса сол қатерлі жағдайға кім әкелді? Артында сол өзінің құзырын толыққанды атқара алмаған азамат тұр, қызметкер тұр, сол қызметті атқаратын басшы тұр. Солардан да сұрау керек. Күні бұрын соның бәрінің жағдайы неге реттелмеді. Неге талдау болмай отырды. Бұның бәрін сұрау керек. Және халыққа айту керек, талдадық, сұрадық, білдік, ол былай екен деп. Қазіргі Үкіметтің мойнындағы ең бірінші міндет осы!
- Әңгімеңізге көп рахмет, Омархан Нұртайұлы!
Сұхбаттасқан Д.Жиенқұлов
ФОТО: ғаламтордан
-
Р.Рымбаева: Әрбір сыйлы азамат өзін-өзі дамыту үшін жұмыс істеуі керек
Әрбір сыйлы азамат өзін-өзі дамыту үшін жұмыс істеуі керек,деді әнші Роза Рымбаева Президент Қ.Тоқаевтан "Қазақстанның Еңбек ері" орденін алған соң.
12 Желтоқсан 2019, 16:18
-
Қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек - А.Шпекбаев
Елордада "Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі –Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ресми тұсаукесері өтті. Жиынға қатысып, сөз сөйлеген ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек екенін атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Қараша 2019, 16:54
-
Әл-Фарабидің әндері мен шығармаларын жарыққа шығаруымыз керек - Б.Сапарбаев
Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкімет мүшелері Түркістан облысына келді. Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдаудауының орындалуын насихаттауға келген топ тарихи Отырар ауданын аралады.
25 Қазан 2019, 16:14
-
Мака Махатадзе: Білім берудегі әдіс-тәсілдерді өзгерту керек
"Digital Bridge" халықаралық технологиялық форумы аясында өтіп жатқан "Болашақтағы білім: технологиялардың білім беру жүйесін өзгертуі" панельдік сессиясында білім саласының мамандары технологияның білім беру саласындағы рөлі, болашақтағы білім беру мәселелерін талқыға салды. Жиынға қатысқан Грузиядағы Шығыс Жерорта теңізі халықаралық мектебі (EMIS) білім берудегі инновация және технология бөлімінің жетекшісі Мака Махатадзе бүгінгі білім саласындағы оқытудың әдіс-тәсілдерін өзгерту керектігін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
25 Қазан 2019, 16:12
-
А.Фазылжан: Латын графикасымен жазам деген қазаққа шектеу қоймауымыз керек
2017 жылы 12 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау қажеттігін айтқан еді. Содан бері латын графикасына көшу мәселесі қоғамда қызу талқыланып келеді. Кейбірі ұсынылған нұсқамен келіспесе, кейбірі емле бекітілмей жатып, латын графикасының халық тарапынан қолданылып кеткендігін айыптауда. Ал, "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-хатшысы Анар Фазылжан латын графикасымен жазам деген қазаққа шектеу қойылмауы керек деді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
22 Қазан 2019, 15:35
-
Тоқаев: Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек
Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттер парақшасына жазды.
21 Қазан 2019, 15:10
-
М.Башимов: Митингтер халықаралық адам құқығы жөніндегі шарттардың аясында болуы керек
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында бейбіт акцияларға заң бойынша рұқсат беруді тапсырған еді. Мемлекет басшысының мұндай шешімі қоғам тарапынан да, заңгерлер мен халық тарапынан да жақсы қабылданды. Осыған байланысты белгілі заңгер, профессор Марат Башимовтың пікірін білген едік. Ол митингтер халықаралық адам құқығы жөніндегі шарттардың аясында болуы керектігін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
15 Қазан 2019, 17:33
-
Жұмыс істеу керек – көпбалалы ана
7 қазандағы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті алу тәртібі өзгеретінін айтқан болатын. Осы орайда Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Арбузинка ауылының атаулы әлеуметтік көмек алушысы Макка Асхабова өзінің тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
08 Қазан 2019, 17:22
-
«Дипломмен ауылға» бағдарламасының шекті мағынасын түсіне білуіміз керек – И.Дастан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауына қатысты «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ жетекшісі Исламбек Дастан өз пікірін білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
26 Қыркүйек 2019, 16:05
-
Біз ең таза өңір болуымыз керек – Ө.Шөкеев
Түркістан облысында «Ашық бюджеттік интерактивті картасы» жүзеге асып, мемлекеттік мекемелерде «Халықтық кеңсе» ашылмақ. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің басқаруымен өткен жиында айтылды, деп хабарлады Strategy2050.kz.
25 Қыркүйек 2019, 18:14
-
Сенатта мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары талқыланды
Сенатта мүгедектікке ұшыраған адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы болды. Жұмыс тобы Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның тапсырмасы бойынша құрылған болатын.
13 Қыркүйек 2019, 16:41
-
ҚР Бас санитары: Жаңа оқу жылына қалай дайындалу керек
Әлемдік тәжірибе мектеп сөмкесі, мектеп формасы, мектеп оқушысының аяқ-киімдерінің сапасы стандарттарға сай келуі өте маңызды екендігін көрсетті. Себебі аталған факторлар болашақ қоғам мүшесінің денсаулығына әсер етеді. Оқушылардың ауыр мектеп сөмкелері мен рюгзактары балалардың денсаулығына кері әсерін тигізіп, сколиоз, остеохондроз, грыжа және басқа да ауру түрлерінің туындауына себепші болады. Сондықтан да баланы мектепке дайндауда мұқият болған жөн. Осы орайда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа оқу жылына оқушыларды қалай дайындау керектігі туралы бірқатар кеңес берді.
01 Тамыз 2019, 18:58
-
Қоғамның этноәлеуметтік құрылымын қалай жақсарту керек?
Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысында қазіргі кезеңдегі Қазақстан халқының бірегейлігі мен бірлігі: даму үрдістері, Қазақстандық қоғамның этноәлеуметтік құрылымы талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
19 Маусым 2019, 17:50
-
Қазақстан 10 жылдан кейін қандай болады деген сұраққа жауап іздеу керек – А.Сарым
Қазақстан 10 жылдан кейін қандай болады деген сұраққа жауап іздеу керек, деді танымал саясаттанушы Айдос Сарым 9 маусым күні өткен президент сайлауына қатысты өз пікірінде. Strategy2050.kz сараптамалық порталы сарапшылардың пікірін ұсынады.
10 Маусым 2019, 16:26
-
Қазіргі заманның түлектері қандай болуы керек?
Назарбаев Университетінде Жоғары білім көшбасшыларының жыл сайынғы VIII Еуразиялық форумы ашылды. «Болашақ талабына сай түлектер» атты форумның басты тақырыбына байланысты қызықты сессиялар, пікірталастар мен семинарлар ұйымдастырылды. Форумға 12 елден 300-ге жуық делегат қатысты. Түлектердің қандай заманауи талаптарға сай болуы керектігі жайлы келесі материалдан оқи аласыздар.
06 Маусым 2019, 17:40
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды