- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан қор биржасы: 25 жылдық жұмыстың қорытындысы
Қазақстан қор биржасы: 25 жылдық жұмыстың қорытындысы
Биржаның қаржылық сауаттылықты арттыру және халықтың инвестициялық мәдениетін ілгерілендіру бойынша белсенді саясатының нәтижесінде Қазақстанда жеке инвесторлардың саны тұрақты түрде артып келеді. Бүгінде отандық компаниялар KASE арқылы қаржыландыруды тарта алады.
Бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін қор биржасы 2018 жылы қорда бар компаниялардың әр кезеңіне жауап беретін бірегей алаңды әзірледі. Олар: KASE startup, KASE private market, Баламалы және Негізгі.
Қазақстан қор биржасы басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк ширек ғасырдағы биржа атқарған қызмет туралы айтып өтті.
«Былтыр қор биржасындағы айналым 151 трлн теңгені құрады. Бұл өте ауқымды сома. Құнды қағаздар нарығындағы айналым 400 млн теңгеге тең. Бұл нарықта жұмыс істейтін инвесторлардың саны өте көп. Теңгелік инвестицияларға келетін болсақ, 3 жылдың ішінде теңгедегі инвестициялар кірісі долларға қарағанда әлдеқайда табысты болды. Сондықтан да, тиімді инвесторлар қор биржасында теңгемен инвестиция құяды», - деді А.Цалюк.
Сондай-ақ, төраға орынбасары биржа технологиялық тұрғыдан да өскенін атап өтті.
«Биржа шетелдік валюта нарығында орталық контрагентке айналды. Бұл биржа барлық келісімдердің жүзеге асатынына кепілдік береді деген сөз. Мәселен, кез келген банктің жағдайы алаңдатарлық болса, оған қатысты келісімді биржа жүзеге асырады. Егер біз барлық нарықты бірыңғай лимитке біріктірсек, біздің барлық инвесторлар бір мезетте шетелдік валюта нарығында, корпоративтік облигациялар нарығында жұмыс істей алады. Осы басымдылықтардың нәтижесінде біздің биржа өте тартымды», - деді А.Цалюк.
Сондай-ақ, оның айтуынша, ЕурАзЭҚ аясында біріккен кешенді нарық құру да бірқатар мүмкіндіктерді ашады.
«Қазақстандық нарық Ресейге шықса, ресейлік нарық бізде жұмыс істейтін деңгейге жетеді. Алдағы 4 жылда айтарлықтай өзгеріс болады», - деді ол.
Сондай-ақ, А.Цалюк жақында Қазақстанда ашылған екінші биржа Астана халықаралық орталығының нарыққа енуін де тілге тиек етті.
«Екі биржаны әлі салыстыру ерте деп ойлаймын. Себебі, біздің 25 жылдық тәжірибеміз бар. Ал, АХҚО еңбек жолының басында тұр. Биржа дегеніміз технология. Ірі нормативтік база. Кез келген инвесторға жайлылық қажет. АХҚО еңбек жолының басы болған соң, олар енді технологияларды дамытуды бастайды. Олардағы бар әкімшілік-қаржылық ресурстың нәтижесінде Қазақстанға көптеген жаңашылдық енгізеді деп ойлаймын. Оның ішінде, шетелдік инвесторларды тарту, жекешелендіру бағдарламасы бар. Бұл орайда нақты серпінді күтуге болады. Біз өзіміздің нарығымызда инвесторлармен жұмысты жалғастыратын боламыз. Бізге бәсекелестік орнатпай, екі бағытта жұмыс істеу дұрыс деп ойлаймын», - деді А.Цалюк.
Айта кетейік, Қазақстан қор биржасы Орталық Азия өңірінде алдыңғы қатарлы биржа. Қор биржасы Халықаралық биржалар федерациясы, Еуро-Азия биржалар қоры мен халықаралық ұйымдардың мүшесі.
Аягөз Құрмаш
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»