- Басты
- Қазақстанның энергетикалық секторы озық технологиялар ұстанымына қалай көшеді?
Қазақстанның энергетикалық секторы озық технологиялар ұстанымына қалай көшеді?

Конференцияда Қазақстанның энергетикалық саласы кәсіпорындарының ОҚТ принциптеріне көшуі бойынша дайындығына талдау жасалды, сондай-ақ халықаралық тәжірибе қаралып, ұсыныстар әзірленді. Энергетикалық секторды зерттеуге 45 электр станциясынан ақпарат жиналды. Талдауға энергетикалық саланың 13 кәсіпорны іріктелді. ХЖТИЖО болжамдары бойынша ОҚТ принциптеріне көшу үдерісі 2020 жылдан бастап 2030 жылға дейін 10 жыл ішінде жүзеге асырылатын болады.
Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының жетекшісі Рәпіл Жошыбаев атап өткендей, ҚР өнеркәсіптік және энергетикалық секторы үшін, Қазақстан 2013 жылы қабылдаған Жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы ескере отырып, қазіргі таңда ОҚТ іс жүзінде енгізу сәті өзекті мәнге ие.
«Энергия сыйымдылығын төмендету, энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесін ұлғайту, қалдықтарды қайта өңдеу, су сапасы бойынша белгіленген түйінді көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жасыл реформалардың негізі қаланатын Экологиялық кодексті жаңарту қажет»,-деді Р.Жошыбаев.
Сондай-ақ, конференция барысында Қазақстан экологиялық ұйымдар Қауымдастығы Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Сүлейменов өз ойын білдірді.
«Біріншіден, біз ірі бизнестің ең озық қолжетімді технологияларды бірлесіп қаржыландыру арқылы немесе басқа да қолдау әдістері арқылы енгізуді ынталандыруды ұсынамыз. ЕО, АҚШ, Жапония, Қытайда кейбір елдерде кредиттер бойынша пайыздарды ішінара немесе толық жабатын ПДТ-ға ауысатын кәсіпорындарға 1% - дан 6% - ға дейінгі мөлшерлеме бойынша арнайы жаңғырту қорлары арқылы кредиттер беріледі. Экологиялық-жауапты инвестициялау немесе жасыл қаржы құралдары ұғымын енгізу ұсынылады», - деді А.Сүлейменов.
Екіншіден, жергілікті жерлерде жергілікті атқарушы органдар экологияның жай-күйіне ортақ жауапты болуға тиіс. Барлық іске асырылып жатқан табиғат қорғау іс-шараларының түпкі есептелінетін мақсатты әсері болуы тиіс».
Іс-шараның қорытындысы бойынша Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы мен Ресей Федерациясының ОҚТ бюросы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстандағы экологиялық жағдай.
ҚР-да атмосфералық ауаның негізгі ластаушылары- өңдеу өнеркәсібінің салалары, электр энергетикасы өндірісінің кәсіпорындары, сондай-ақ тау-кен өндіру, құрылыс, химия, мұнай-газ өңдеу салалары саналады.
Талданатын станциялардың көпшілігінде (70% - дан астам) 30-дан 60 жылға дейінгі ескірген жабдық бар. Ең үлкен шығарындылармен көмірді пайдаланатын жабдықтардың едәуір тозуы бар станциялар сипатталады.
Қазақстанның он бес қаласында атмосфералық ауаның зиянды шығарындылармен ластану деңгейі артқан. Қарағанды облысындағы қоршаған ортаның жағдайы ең ауыр - 2016 жылы атмосфераға шамамен 593 мың тонна ластаушы заттар шығарылған. Бұл дегеніміз -Қазақстан бойынша барлық көлемнің 26,1% - ы.
-
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі
-
Парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы қалай өтті
-
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп қалай бақыланып жатыр
-
Қазақстанның зейнетақы реформалары: өзгерістер мен нәтижелер
-
Қазақстанда полиция қызметін модернизациялау процесі қалай жүріп жатыр
-
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Парламенттегі әйелдер мен жастар үлесі: Жаңа Парламенттің жұмысы қалай болмақ
-
Мемлекеттік басқару академиясының «QazaqResmiTest» тестілеуінің форматы қалай өзгерді
-
Саясаттанушы: Сайлау – Қазақстанның идеологиялық, демократиялық дамуының белгісі
-
Сайлау тәуелсіз Қазақстанның демократиялы ел екенін айқындайды
-
ЖОО-лардағы емтихандар қашан, қалай өтеді
-
Тоқаев: Еріктілер Отанға қызмет етудің озық үлгісін көрсетті
-
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады
-
Ауыл шаруашылығында цифрлы технологияларды енгізу қалай жүріп жатыр
-
Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады

