- Басты
- Жаңалықтар
- Түркі кеңесі: Мүше елдердің жастарын ортақтастыру
Түркі кеңесі: Мүше елдердің жастарын ортақтастыру
Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев келер жылы Қазақстанда мерекеленетін жастар жылы түркі елдері жастарына да ортақ екенін атап өтті.
«Бұл кеңес діні ортақ, ділі ортақ адамдардың жиыны. Елбасының күні кеше шыққан «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ортақ түркі халықтарының алдында тұрған мәселелер айтылды. Қабылдайтын шешімдерге елдер жастарының араласуы өтең маңызды. Өскелең ұрпақ даму кезінде өз халықының тарихы мен мәдениетін сақтауға көңіл бөлу керек», - деді Д.Кәлетаев.
Министр Жастар жылы да Түркі кеңесі министрлерінің кеңесін өткізуді ұсынды.

«Келер жылы аталған шараны өткізуге Түркі елдерінің де атсалысқанын сұраймыз. 2019 жылы Қазақстан тарапы Түркі кеңесі жас көшбасшыларының II форумын өткізуге дайын. Ендігі жылы өткізілетін барлық шаралар жастарға бағытталған. Елбасы жастармен кездескен сайын өзекті мәселелерді талқылайды. Алға үлкен мақсаттар қояды», - деді министр.
Өз кезегінде Түркияның жастар және спорт министрі М.Қасапоғлы елдер арасындағы ынтымақтастықтың тамыры тереңде жатқанын айтып, болашақта достастық қарым-қатынастар жалғасын табатынын жеткізді.
«Біз тарихи отанымыз Қазақстанға келгенімізге қуаныштымыз. Бізге атадан қалған жер бұйырды. Енді сол нығметті ұрпағымызға қаймағы бұзылмаған күйі жеткізуге тырысуымыз керек. Біздің жеріміз бен мәдениетіміз ұқсас болған соң, біздің мақсатымыз осы мұра бойынша күні-түні қызмет ету. Бізді бір тіл мен бір мәдениет біріктіреді. Экономикамыз бен технологиямыз да бір-бірінен ажырамауы тиіс», - министр.

Сондай-ақ, министр жастарға қолдау көрсету Түркі кеңесінің жұмысына да енуі керектігін айтты.
Сонымен қатар, отырыс барысында жас көшбасшылардың II форумы мен IV халықаралық жастар лагерін және Түркі кеңесінің III халықаралық жастар фестивалін өткізу мәселелері талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, Түркі кеңесі қазіргі заманғы түркітілдес мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым болып табылады. Оның басты мақсаты мүше мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Түркі кеңесі 2009 жылдың 3 қазанында Нахичевань қаласында құрылды.
Аягөз Құрмаш
Фото: ашық дереккөз
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 29 жыл толды -
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар -
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті