• Басты
  • Өткенді құрметтеу – өскелең ұрпақтың мүддесі
28 Қараша, 2018 16:12

Өткенді құрметтеу – өскелең ұрпақтың мүддесі

Ақтабан шұбырынды кезінде 1 млн 100 мың қазақ ашаршылықтың құрбаны болған. Бұл оқиғадан кейін де талай зияткер, білімді, көзі ашық азаматтар нақақтан нақақ халық жауы атанып жапа шекті. Деректерді сөйлететін болсақ, Сібірге жер аударылып оралмағандар, Қазақстандағы Карлаг, Алжир, Степлаг, Гулаг түрмелерінде опат болғандар саны 125 мыңға жетеді. Оның ішінде Алжир лагерінде халық жауы атанған азаматтардың 8 мыңға жуық әйелі мен баласы тұтқында болған. Бүгінде ол жерде «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мемориалды-мұражай кешені орналасқан. Бүгінгі мен өткеннің арасында көпірге айналған орын ұрпақтарды тарихты ұмытпауға шақырады.
Өткенді құрметтеу – өскелең ұрпақтың мүддесі

Қазақ халқының мәрттігі мен мейрімділігі жайында  әңгімелер  аз емес.  Алжирде тұтқындалған  жазықсыз  аналар мен қыз-келіншектер де осы туралы айтып өткен екен. Ел арасында  қазақ ұлтының игі ісі мен мейірімділігіне қатысты  кеңінен  тараған бір оқиғаны тілге тиек етсек.  Лагерьде  тұтқындарға  тек қара жұмысшыға қараған күзетшілер жаз демей, қыс демей қамыс жинатады-мыс.

 Жалаңашкөл жанындағы   жергілікті халық,  жұмыста жүрген әйелдердің қасынан өткен сайын тас лақтырып өтеді. Онсыз да жапа шегіп жүрген жазаланушылар, балаға дейін жек көрінішті болдық деп қынжылады екен. Бірде неміс әйелі шалынып құлаған кезде  мұрнына сүттің иісі келеді. Сол кезде лақтырылған тастардың барлығы  құрт болғандығы белгілі болады. Аш-жалаңаш   жүрген  жазаланушылардың сол кездегі алғысы шексіз болғаны айтпаса да түсінікті.

ГУЛАГ-тың Қазақстандағы басты лагері Карлаг.  Ал Алжир сол КАРЛАГ-тың  26-нүктесі. 1938-1953 жылдар арасында жұмыс істеген лагерьде болған жауыздық туралы адамдардың басым бөлігі босап шыққан соң да тіс жаруға батпаған.

Бүгінде «Алжир» мемориалды-мұражай кешеніне қазақстандық, шетелдік азаматтармен  қоса,  лагерьде жапа шеккендердің ұрпақтары да келіп тұрады. Кешенде  16 мыңға жуық  экспозиция бар,  дегенмен   толықтыру жұмыстары үздіксіз жүргізіледі.  «Алжир» залындағы  жаңартылған және кеңейтілген экспозиция да ашылды.

Келушілердің назарына  қуғын-сүргінге ұшырағандардың  ұрпақтары,  сондай-ақ, зерттеу  іс-шаралар барысында  Қазақстан қалалары  бойынша  және ТМД елдерінен жеткізілген  жәдігерлер қойылды.

Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нарима  Мұхамбеталинаның айтуынша,  музейге қойылатын материалдар ешбір жанды бей-жай қалдырмайды.

«Жаңадан құрылған экспозициялардың мазмұны терең, келушлер үшін өте маңызды. Оның ішінде әуелде көрсетілмеген жәдігерлер  бар. Ол материалдар  елдің облыс орталықтары мен көршілес елдердің мұрағаттарынан жиналған заттар. Атап айтқанда, жәдігер болып қойылған құжаттардың ішінде лагерь тұтқындарының суреттері бар. Мәселен, олардың арасында  қазақтың жазушысы, публицист Әбдірахман Айсариннің жолдасы Мәдина Айсаринаның суреті қойылды», - деді Н. Мұхамбеталина.

Оның айтуынша, өткен кезеңнің қиындығын, тұтқындардың жан-айқайын қазіргі жастарға, тек қазақстандықтарға ғана емес, шетелдік азаматтарға де жеткізу үшін  дыбыстық сүйемелдеу енгізілді.

«Залда дыбыстық сүйемелдеу енгізілді, тігін цехында тігін машинасының жұмысын имитациялайтын дыбыстық сүйемелдеу, барак пен түрме  камерасында әйел мен баланың  жылаған дауыстарын  қосу және өшіру автоматты тетігі бар», - деді ол.

Н. Мұхамбеталина айтып өткендей, жасалып жатқан жұмыстардың барлығы тек бір мақсатты көздейді.

«Осындай өткен қиын-қыстау кезең қайталанбаса  екен дейміз. Алайда, тарихымызды есте сақтап, бүгінгі күнімізді бағалау үшін өскелең ұрпаққа жеткізуіміз міндет», - деді ол.

Сондай-ақ, «АЛЖИР» залында интернетке  қосылған сенсорлық басқару панелі бар 3 мультимедиялық экран енгізілген, солардың көмегімен  мұражай келушілері  өз бетінше  оларды  қызықтыратын Алжир лагерінің тұтқындары және олардың отбасы мүшелері туралы ақпаратпен таныса алады.

Айта кетейік, «Алжир» мемориалды-мұражай кешені 2007 жылдың  31 мамырында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Қазақстанда 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.Былтыр музейге келушілердің саны   26 мың адамды құрады. 

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды