- Басты
- Жаңалықтар
- Инновациялар: Елорданың цифрлық әлеуеті қалай артады
Инновациялар: Елорданың цифрлық әлеуеті қалай артады
Қазіргі таңда Астананың интеллектуалдық әлеуеті маңызды стратегиялық ресурс ретінде қаралады. Оның экономикалық тиімділігі жиі тауар айналымынан түсетін табыстан асып түседі.
«Астана Innovations» АҚ қаланың цифрлық экономикасын өсіру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде, елордаға Қазақстанның ең жайлы әрі орнықты қалаларының біріне айналуға мүмкіндік беретін көптеген смарт жобалар іске асырылуда.
«Бүгінде біз міндетті түрде сервис сапасының жақсаруына әкелетін бәсеке туғызудамыз. Ол үшін біз ашық мәліметтер порталын іске қостық, оны ұдайы жаңарту бойынша жұмыс жүріп жатыр. Осы мәліметтер негізінде стартап пен бизнес қауымдастық өзінің жаңа сервистерін жасай алады. Біз қалаға не қажет екенін және елорда тұрғындары мен қонақтары нені қажет ететінін айқын түсінеміз, компаниямыз бизнес пен ІТ қауымдастыққа жаңа мүмкіндіктер ашады.», - деді Олжас Сартаев.

Сонымен қатар, инновациялық жүйенің, оның базалық институттарының, инновациялық жүйенің, оның базалық институттарының тиімділігін арттыру маңызды екенін атап өткен жөн. Олардың белсенділігін стартаптар мен венчурлық мәмілелерді қолдауға бағыттау керек.
Осы мақсатта 2017 жылы компания Astana Innovations Challenge жобасын іске қосты.
Ол жас новаторлардың, кәсіпкерлердің, стартаптардың, сарапшылар мен түрлі салалардағы менторлардың басын қосты. Аталмыш бағыт «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспарының стартаптар мен хакатондарды өткізу бойынша 76-тармағына сәйкес жүзеге асырылуда, сондай-ақ «Смарт Астана» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.
«Астана Innovaitions» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда 12 стартап-байқау (7 стартап уикенд және 5 хакатон) өткізілді. Әрбір шараның тақырыбы мегаполис тұрғындарының түйткілді мәселелерінен құрылған Астана қаласы әкімдігінің қалалық технологиялық міндеттер пулынан анықталды. 2017 жылдың басынан бері төрт мыңға жуық адам мұндай хакатондарға қатысып, онда біршама стартап-жобалар жасалды.
«Біз үшін бұл адамдардың Startup және хакатон сияқты форматпен танысқаны, өздерін бәсекелі жағдайда сынап көріп, команда құрып, бірлесіп жұмыс жасауды үйренуі маңызды. Біз мұның тек елорданың ғана емес, бүкіл елдің инновациялық экожүйесінің дамуына қосылған үлес екеніне сенеміз. Біздің шараларымыз көптеген дарынды әрі белсенді жандардың басын біріктірді. Біз әрі қарай да Астананың инновациялық жобаларын дамыта береміз», - деді Олжас Сартаев.

Жақында елордада ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдауға арналған жаңа алаң ашылады.
Ол мегаполистің стартап қауымдастығын дамытуға және қолдауға мүмкіндік береді. Жобаны Астана қаласының әкімдігі «Астана Innovations» АҚ-мен, халықаралық «Seedstаrs» бизнес-инкубаторымен және «Bi Group» компаниясымен бірлесіп іске асыруда.
Компания басшысы аталмыш алаңның желісіне бүкіл әлем бойынша 70 мыңнан астам стартап кіретін «Seedstаrs» компаниясының ТМД-дағы алғашқы коворкинг орталығы болатынын айтып өтті.
Ол жылдың 365 күнінде 24 сағат бойы ашық тұрып, қалалық мәселелерді шешетін болады. Резиденттерге менторлардың, кеңесшілердің, техникалық мамандардың ауқымды желісі ұсынылады. Мұнан басқа, мұндай формат тек коворкинг-кеңсені ғана емес, сондай-ақ қатысушылар тұратын алаң – коливингті де қамтиды.
«Болашақта біз акселерация бағдарламаларын құруды, қатысушыларымыздың лайықты стартаптарын халықаралық деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді «Астана Innovaitions» АҚ басшысы.
Айта кетейік, 2017 жылдың басынан бері 4 мыңға жуық адам стартап-байқауларға қатысты. Стартап-марафон барысында қазылар алқасы 120 финалисті анықтады, олардың арасында 36 команда оқ бойы озып шықты. Жобаларды бағалауға әлемнің 13-тен астам елінің халықаралық ұйымдарындағы 160-тан астам басшылар мен сарапшылар шақырылды.
Келесі іске асырылған стартап – көлік қоятын орынды жалға беруге арналған мобильді қосымша TuraQShare жобасы. Бүгінгі таңда жоба Астана қаласының 6 ТК іске қосылған.
«Docchain» жобасы – blockchain технологияларын пайдалана отырып, заңды құжаттарды алмасудың қауіпсіз сервисі. Жоба Қазақстанның түрлі алаңдарында тестілеуден өтті.
«Kompra» жобасы – іскери әріптестердің сенімділігін тексеру сервисі. 3 минут ішінде кез келген қазақстандық компанияны 40 заңды және қаржылық көрсеткіштер бойынша тексеруге мүмкіндік береді. Олар: салық, сот істері, жосықсыз жабдықтаушылар, банкроттар және жалған кәсіпорындар тізілімдерінде болуы және басқасы. Бүгінде жоба Астана Хабтың резиденті болып табылады және Қазақстан нарығына шықты.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет