• Басты
  • Тұңғыш Президент күні: Мерекенің халықаралық маңызы
26 Қараша, 2018 14:51

Тұңғыш Президент күні: Мерекенің халықаралық маңызы

Әлемдік саясаткер, тарихи тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген, салиқалы саясатының арқасында жаңа Қазақстанның, жаңа экономиканың, жаңа қоғамның іргесі қаланды. Дәл осылай Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Астана – жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы» халықаралық конференциясының жұмысын ашты. Жиынға Әзербайжан, Италия, Қырғызстан, Литва, Ресей, Түркия және Өзбекстан Парламенті өкілдері, сондай-ақ, Германия, Үндістан, Қытай, Швеция және басқа елдердің сарапшылары мен халықаралық ұйым мүшелері қатысты. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Тұңғыш Президент күні: Мерекенің халықаралық  маңызы | Strategy2050.kz

Дәстүрге айналған конференцияда Нұрлан Нығматулин   «биыл 27 жыл толатын егемен еліміздің әрбір күні, әрбір айы, әрбір жылы тікелей Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен байланысты»  екенін атап өтті.

«Шын мәнінде, әлемдік саясаткер, тарихи тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген, салиқалы саясатының арқасында жаңа Қазақстанның, жаңа экономиканың, жаңа қоғамның іргесі қаланды. Мемлекеттің шекарасы бекітіліп, дамудың қазақстандық жолы қалыптасты. Бүгін міне бірлігі жарасқан, болашағы жарқын, тәуелсіз еліміз бүкіл әлем таныған абыройлы, беделді және мәртебелі мемлекетке айналды»,-деді Н. Нығматулин.

Осының барлығы Елбасымыздың ерен еңбектерінің, сонымен бірге әрқашан да президентімізге тірек болып, қолдау білдірген халқымыздың береке-бірлігінің жемісі екенін атап өткен Н. Нығматулин дәстүрлі конференция Мемлекет басшысының елімізді дамыту жолындағы тарихи ерліктерін, халықаралық батыл қадамдарын ұрпақтарға жеткізуге арналған игі шара екеніне тоқталды.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Елбасының ұлы ерліктерінің бірі Астана екенін атап өтіп,  биыл 20 жыл толған бас қаламыз бүгінде отандық және халықаралық ірі бастамалардың орталығына айналғанына ерекше назар аударды.

«Мысалы, конфессия және өркениетаралық диалогты көздейтін әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің алтыншы съезі біздің елімізде, осы Астанада өтті. Өткен жылы мемлекетімізде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі де өткізілді. Бүкіл әлем назарын аударған Сирия дағдарысы бойынша Астана процесінде жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Сондықтан бүгінгі конференцияда жеткен жетістіктермен қатар жаһандық интеграцияның, қауіпсіздік пен бейбітшіліктің маңызды сұрақтары талқыланады», - деді Нұрлан Нығматулин.

Ал Қазақстанның сыртқы саясатын жүзеге асырып жүрген Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов өткелі жатқан жыл тек сыртқы саясат  саласында ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанның  нығаю мен орнығуының тағы бір кезеңі екенін атап өтті.

«Бүгінде Қазақстанның дипломатиялық  дамуының кеңеюін халықаралық аренадағы қатысуымыз бен ел ішіндегі саяси оқиғаларға қарап айтуға болады. Тұңғыш Президенттің сыртқы саясатының нәтижесінде Қазақстанды тұрақты дамушы ел ретінде  халықаралық аренада құрметпен қарсы алады. Астана ашықтық пен толеранттылық символына айналды. Астананың  20 жылдық мерйетойында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «20 жыл ішінде Астана  жаһандық ынтымақтастықтың, бітімгершіліктің  орталығына айналды» деген еді», - деп атап өтті. Қ.Әбдірахманов.

Сондай-ақ, министр Қазақстан халықаралық жүйеде жауапкершілігі мол, көпвекторлы сыртқы саясаты ел ретінде елдердің  достастық қарым-қатынасын орнатуға ұмтылған ел ретінде қабылданды.

«Елбасының сыртқы саяси бастамалары Қазақстанның сыртқы саясатындағы ұстанымын нық көрсетеді. Бүгінгі таңда  тапшылықты сенімсіздік тудырып отыр. Сауда және санкциялық даулар мен жаһандық соғыстардың орын алуы жиі кездеседі. Жаһандық сын-қатерлердің ішінде климаттың өзгеруі, халықаралық лаңкестік бар екнін қаперімізде ұстауымыз керек», - деді министр.

2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылы екенін атап өту керек.  Жиында   Өзбекстан Республикасы  Олий Мажлисі Заң шығарушы палатасының спикері  Нурдинжон Исмоилов Қазақстандағы басқару моделінің негізгі ерекшелігі Көшбасшы екенін атап өтті.

«Тәуелсіз Қазақстанның  жетістіктері, барша әлем мойындап отырған бірегейлігі Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есміміен тығыз байланысты. Оның  қазақстандық мемлекетшіліктің қалыптасуындағы рөлі теңдессіз. Осы орайда Президенттің тәуелсіз мемлекетті құрудағы  тарихи рөлі ерекше аталады. ҚР Президентінің өмірбаяны елдің заманауи тарихымен байланысты», - деді Нурдинжон Исмоилов.

Қазақстанның серіктесі әрі бауырлас ел саналатын Әзербайжан Милли Меджлисі  Төрағасының бірінші орынбасары Зияфет Аскеров Қазақстан мен Әзербайжан халқы көпжылдық тарихи әрі  достастық қарым-қатынаста  екенін атап өтті.

«Тарихи  бауырластығымыз көрсеткендей, біз өңір мен әлемге пайда тигізетін істерді атқара аламыз», - деді Зияфет Аскеров.

Айта кетейік, конференция  аясында «Астана векторы: сенімділік, қауіпсіздік  және ынтымақтастық», «Қазақстанның  жаһандық  бастамалары: бейбітшілік пен келісім идеяларын алға жылжыту»  екі панельдік сессия өтті.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды