- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасының идеяларын жүзеге асыру жолында алдымызда ауқымды жұмыстар тұр – Қ. Тоқаев
Елбасының идеяларын жүзеге асыру жолында алдымызда ауқымды жұмыстар тұр – Қ. Тоқаев
Қ. Тоқаевтың айтуынша, Президент жаңа мақаласында Ұлы даланың бірегей тарихи мұрасын жүйелі түрде жан-жақты талдайды, оның әлемдік тарихтағы рөлі мен орнын ғылыми тұрғыдан байыптауды ұсынады.
«Елбасының идеяларын жүзеге асыру жолында алдымызда ауқымды жұмыстар тұр»,- деп жазды Қ.Тоқаев.
Өз кезегінде Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Измирде өтіп жатқан Түркі елдері Парламенттік Ассамблеясының отырысында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты ауқымды мақаласы туралы айтты.
Мәжіліс Төрағасы Елбасы мақаласының басты идеясы мен негізгі ұсыныстары біздің еліміздің ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін тарихи шаралардың басты оқиғасы болып табылатынына назар аударды.
Мемлекет Басшысы өз мақаласында қазіргі Қазақстан мен түркітілдес елдер және өткен ұлы дала империяларының арасындағы ажырамас ішкі байланыстарды көрсеткеніне тоқталған Мәжіліс Төрағасы, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаһандық саясаткер, болашақты дәл және нақты түрде болжайтын біздің заманымыздың шынайы философы екенін тағы да дәлелдегіне мән берді.
«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың теңдессіз ерекшелігі өз халқының тарихымен бірлікте болуының және оның болашағын қалыптастыру болып табылады, - деді Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс Төрағасы осындай ауқымды жобалардың бүкіл түркі әлемі үшін маңызы мен өзектілігіне мән беріп, Елбасының «Архив – 2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» сияқты ауқымды бастамаларына тоқталды.
Ал Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы дала жеті қыры» мақаласында біздің тарихымыздағы ұмытуға болмайтын негізгі мәселелерді атап өткенін жеткізді.
« Біз тарихымызды толыққанды түсіну және түйсіну үшін Ұлы Даланың барлық қырлары объективті зерттелген әрі нақты ғылыми деректерге сүйену қажет. Елбасы ол үшін өз мақаласында бірқатар ірі жобаларды ұсынып отыр. «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасы, «Ұлы даланың ұлы есімдері» энциклопедиялық саябағы, Ұлы дала тұлғалары ғылыми-көпшілік сериясы, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін», «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейі, «Ұлы даланың көне сарындары» жинағы осы жобалардың аясында қамтылған. Басқа да жобаларды іске асыру «Қазақстан» атты мемлекеттік брендімізді қалыптастыруда және отандық туризмді дамытуда зор қолдау болатыны сөзсіз», - деді депутат.
С. Ершовтың айтуынша, Елбасы мақаласына орай Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданының аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге назар аударған жөн.
«Ұлытау – ел есіміндегі киелі орындардың бірі. Бұл жер ғұн, көктүрік, Алтын Орда мен Қазақ хандығының орталығы болған. Ерте заманда бұл өлкеде тау-кен өндірісі дамып, қола, жез, қорғасын және темір қорытылып шығарылған. Орта және қола ғасырлар мен сақ заманында ежелгі ауылдар және Жезқазған, Ұлытау мен Жезді аймақтарының кен орындарында жез рудаларының үлкен мөлшері өндірілді. Қазіргі таңда металлургияның ежелгі орталығының бірі ретінде Талдысай мекені жақсы сақталып, оған тарихи ескерткіш мәртебесі берілді», - деді ол.
С.Ершовтың айтуынша, Жезқазғанның солтүстік-шығысынан 50 шақырым жерде Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның кесенесі орналасқан.
«Одан сәл ары Қазақстанның ежелгі ескерткіштерінің бірі, Қарахан кезеңіне дейінгі VIII-IX ғасырларда салынған Домбауыл кесенесі бар. Ал Малшыбай ауылының тұсында ең үлкен әрі көрнекті ескерткіш – Алашахан кесенесі тұрғызылған. Алашахан туралы нақты тарих қалмаса да, ел арасында жүрген аңыздар аз емес. Жезқазған қаласынан 85 шақырым жерде жартасқа ежелгі суреттер салынған археологиялық ескерткіш – Теректі әулие орналасқан. Бұл тарихымыздағы ерекше ескерткіш екенін атап өткен жөн. Мұнда бабаларымыздың материалдық, рухани және әлеуметтік өмірінің ерекшеліктері туралы мәліметтер беретін тасқа қашалған петроглифтер сақталған. Жалпы алғанда Жезқазғанның айналасында он бес шақты кесене бар», - деді депутат.
Халық қалаулысы айтып өткендей, Ұлытау өңірінің тарихи мен табиғатын жан-жақты насихаттау, ең алдымен өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуде аса маңызды.
«Бұл ретте, Үкімет Ұлытау өңірінде мәдени-туризм аймағын, соның ішінде тарихи ескерткіштерге апаратын жолдар мен инфрақұрылымды одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылдауы тиіс», - деді ол.
Айта кетейік, Ұлы даланың жеті қыры мақаласында «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау,Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру керек, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу,Түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашу, «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құру, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығару, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, Өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру, Ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасау, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу, «Дала фольклорының антологиясын» жасау, «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару тапсырмалары жүктелді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады