• Басты
  • Елбасының мақаласы - ұлт рухының айрықша салтанат құруына негіз болған ерекше оқиға
21 Қараша, 2018 11:30

Елбасының мақаласы - ұлт рухының айрықша салтанат құруына негіз болған ерекше оқиға

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жарияланды. Мақалада қазақ халқы тарихының ерекшеліктері мен мәдениеттің үздіксіз дамуына орай бейімделу, дамуына қатысты мәселелер көтерілген. Аталған мақалаға қатысты қоғамның белсенді мүшелері мен қайраткерлері өз пікірлерін білдірді. Мемлекет басшысының мақаласына қатысты алғашқы пікірлерді келесі материалдан оқи аласыздар.

Елбасының мақаласы - ұлт рухының айрықша салтанат құруына негіз болған ерекше оқиға | Strategy2050.kz

ҚР Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан  Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – ұлт рухының айрықша салтанат құруына негіз болған ерекше оқиға деп атап өтті.

« Желмен жарысқан жүйрікті қолға үйретуімен ата-бабаларымыздың адамзат өркениетіне үлес қосқаны белгілі. «Ер қанаты – ат» деп білген алаш баласы әр сөзінің астарын атпен сабақтайды. Айтар ойын атпен байланыстыра бейнелейді. Жылқы мінезді жұрттың адам ұғлының мінезін, өмірінің әрбір белесін, тұлғаның қалыптасу кезеңдерін жылқымен қатыстыра суреттеуі – бұл құбылыстың дүниетанымымызға қаншалықты сіңісті болғанына дәлел», - деді Б.Тілеухан.

Депутат айтып өткендей, сөзінің мәніне бойлаған ел өзінің болмысын танымақ.

« Атты әспеттеу – болмысыңды зерделеу. Сонысымен де, осы мақаланың меңзері алыс, мәні терең. Ұлттық код, генетикалық жадыңның бір ұшығы, қордалы қоры осында жатыр. Дәлелге тартсақ, мысалда қисап жоқ. Дегенмен, еске түскен бірен-саран тіркестерді тізіп көрсек. Қоғамнан орын таппаққа бет алған жанды қазекең «ат жалын тартып мінді» десе, мансапқа қолы жеткенді «атқамінер» дейді. Ұшқыр (бұл да атқа қатысты сөз) ойлы жанды «ат сүрінгенше ақыл тапқан» деп, баршаның көңілінен шыққан кісіні «су төгілмес жорға» дейді. Билік алғанды «екі тізгін, бір шылбырды қолына алған» десе, әріптесіне «үзеңгі жолдас» деп ат қойған. Сыйы асып, елге еңбегі өткен егде кісінің қадіріне байланысты «жақсы аттың жағын ашпайды» дейді. Ақылы асқан жасты «тайында тұлпардан озған» деп бейнелейді. Өзі біліп, іс қылғанды «қамшы салдырмас» десе, ісі баяу жайбасарды «шабан» деген», - деп атап өтті.

Б.Тілеуханның айтуынша, істің байыбына бойламайтын, шала шешімді «ат үсті» деп атап, аңқауды «астындағы атын алты ай іздеген» деп қағытады.

«Ала қотырын үйірге жұқтырған кеселді малдай бүлікшілді «ел ішін алатайдай бүлдірген» деп сипаттаса, кетіскен жанды «ат құйрығын кесісті», табысқан жанды «ат айналып, қазығын тапты» дейді. Ақылы шолақты «ат құлағынан әріні көрмес» десе, әрнәрсеге орынсыз ұрынған сұғанақты «соқыр құлын аттан емшек іздейді» деп әжуалайды», - дейді депутат.

Ол айтып өткендей,  өнер оздырғанды «ақтаңгер», бәсі жоғарыны «шоқтығы биік», жарысты «бәйге», таласты «дода» деуі, бәрі-бәрі – жылқымінез халықтың болмысымен біте қайнасып кеткен ұғымдар.

«Берекені «ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп» деп суреттейді. Айыбына ат-шапан беріп, бәсіреге тай атап, құрметтісіне ат мінгізу – бұл сөз ғана емес, сан ғасырдан жеткен салт еді. Ұлттық ойындарымызды да атсыз елестету әсте мүмкін емес. Бәйгеңіз де, аударыспақ, көкпарыңыз да, теңге ілу мен жамбы атуыңыз да ат үстінде өтеді. Санаға сіңісті болған сөз орамдары – ұлттық болмысыңның ұстыны. Ат айбарым ғана емес, адамзат өркениетінде орнымды көрсеткен айғағым. Аяғы жерден көтеріліп, атқа қонған қазақ ешкімге кеудесін бастырмаған. Тағы да атқа қоныппыз. Тарихи сана қалыптаспай, мемлекетшілдік сана орнықпасы белгілі. Ал тарихи сананың тұғыры қашанда ұлттық болмыстан. Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатыңды сақтай отыра ілесу Елбасы мақаласының негізі өзегі деп түсіндік. Осындай игі бастамаға атсалысу – әрқайсымызға қастерлі міндет», - деп түйіндеді Б.Тілеухан.

Өз кезегінде  Кәсіподақтар ұйымы басшысының орынбасары, саясаттанушы Ерлан Саиров Елбасының мақаласы көңілге қонымды екенін жеткізді.

«Өзіңнің тарихыңмен мақтанып қана қоймай, сол тарихтың қыр-сырларын сараптап, ғылыми негізде болашаққа бағдар жасау өте өзекті.Біз жаһандану заманына өзіміздің тамырымызбен, сол тамырымызды тереңдете отырып енуіміз өзекті.Осы тұрғыда, өзіміздің толағай тарихымызды түлету күн тәртібінде, және өзекті», - деді Е.Саиров.

Ол атап өткендей,  отарлау кезеңінде, бізді, қазақтарды, тарихы болмаған, болмысы, бет-әлпеті жоқ, даланы кезіп жүрген халық ретінде көрсету әрекеттері болды.

«Біз сол жүйелі әрекеттердің арқасында өзімііздің тарихымыздан айрылып қалдық, тарихты есімізге алғымыз келмеді, "тарихтан шаршау" синдромына іліктік."Халықты құртқың келсе, оның тарихын құрту керек, тарихын білмеген халық тобырға айналады" деген аспект бар.
Біз осынау "мәңгүрттік" заманды да басымыздан өткердік.Жаһандану процесстері ұлттың өткені мен өткергенін басқаша көзқараспен сараптай отырып, болашаққа бағдар жасауды талап етеді.Жаһандану әрқашан болған», - деді ол.

Е.Саиров айтып өткендей,  халықтардың Ұлы көші, Алтын Орда, Дели сұлтанаты Ұлы даланың сценариімен болған жаһанданудың жобалары.

«Осы тарихи жобалардың жетістіктерін әлі күнге дейін батыс иеленіп, пайдаланып келеді.Атты қолға үйрету, үзеңгі, металлургия, алтыны өңдеу технологиялары біздің қасиетті жерде пайда болған.Осы жайт батыс тарихнамасында жабулы қазақн болып тұр.Ғылыми-техникалық прогресстің тарихшысы Линн Уайт "Үзеңгіні жасау адамзат тарихында ұшақ, автомобильді жасаумен тең революция жасады" дейді.Бізге тарих арқылы, өзіміздің болашағымызға жол салу қажет», - деді Е. Сайыров.

Айта кетейік, Ұлы даланың жеті қыры мақаласында «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау,Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру керек, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу,Түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашу, «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құру, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығару, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, Өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру, Ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасау, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу, «Дала фольклорының антологиясын» жасау, «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару тапсырмалары жүктелді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды