- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті мұнай және газ министрі Ұзақбай Карабалинмен кездесті
ҚР Президенті мұнай және газ министрі Ұзақбай Карабалинмен кездесті
«Мемлекет басшысына Ұ.Қарабалин министрліктің 2013 жылғы қызметінің қорытындылары, қазіргі кезеңдегі жоспарлар және саладағы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын стратегиялық міндеттер туралы баяндады», - делінген хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев инвестиция тартудың және саланы инновациялық дамыту жөніндегі жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ ірі мұнай-газ кен орындары мен нысандарының төңірегінен өндірістік кластерлер құру қажеттігіне ерекше назар аударды.
Кездесу барысында министр Мемлекет басшысына Қазақ мұнай және газ институтының жетекшілігімен ғылыми-зерттеу ұйымдары тобы әзірлеген Қазақстанның перспективалық мұнай-газы бар бассейндері атласын таныстырды. Атлас өңірлік геологиялық барлауда одан әрі перспективалық жұмыстарды қарастыруға мүмкіндік береді.
Бұған қоса, министр Қазақстанның 15 шөгінді алабына кешенді зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыс қорытындылары, сондай-ақ елімізде отандық геологиялық барлаудың перспективалары мен мұнай-сервистік кластерлерін қалыптастыру туралы баяндады.
2013 жылдың қорытындысы бойынша республикада 81,8 млн. тонна шикі мұнай өндірілді, яғни 2012 жылмен салыстырғанда 103,2%-ға жетті. Өңделген газ көлемі өткен жылы елімізде 42,3 млрд. текше метр, ал өңделген мұнай көлемі 14,3 млн. тонна болды. 2014 жылы 83 млн. тонна мұнай және 41 млрд. текше метр газ өндіру, 14,7 млн. тонна мұнай өңдеу жоспарланып отыр.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар