- Басты
- Жаңалықтар
- Энергетикалық форум: Электр энергиясы нарығының инновациялық дамуы
Энергетикалық форум: Электр энергиясы нарығының инновациялық дамуы

Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы Жомарт Көшербаев электр энергиясының нарығын реттеу мен ҚР нарығының кеңесін құру маңыздылығын атап өтті.
«Технологиялард мен электр энергиясының дамуы нарықтың сынақтарына бейімделе алуы керек. Бұл нарықтың ішкі өзара байланысы жағдайының күрделенуі нарық қатысушыларын реттеудің жүйелік әдісіне айналады. Нарықтың дамуы мен күрделенуі, реттеу қызметі жаңа жағдайдағы жұмысқа бейімделе алуы аса маңызды. Трансформациялануыдың жылдам жүруіне байланысты электр энергиясы нарығының құрылымы мен тетіктері жедел бейімделуді қажет етеді», - деді Жомарт Көшербаев.
Ол энергия өткізу бизнесінің холдингтік ұйым «Қызылорда жарығы» ЖШС-да инновациялық технологияларды енгізу туралы айтып өтті.
«Энергия өткізу ұйымдары технологиялардың қазіргі заманғы дамуы бағытын қызмет көрсету нарығында көшбасшы деңгейінде сақталып қалудың қозғаушы күші ретінде қарайды. Бұл саясат арқылы «Қызылорда жарығы» әлеуетті серіктестері үшін тартымды болғанды таңдап, өңірдің әкімшілігіне, ТКШ ұйымдарына, энергетика саласының кәсіпорындарына жаңа «цифрлық» технологияларды әртүрлі салаға енгізуді ұсынып отыр», - деді ол.
Жомарт Көшербаев атап өткендей, холдингте АТ-компания құрылған, ол ақпараттық технологияларды енгізу бойынша ауқымды жұмыс атқарды.
«Цифрлық технологияларға көшу қазіргі заманғы технологиялармен толық қамтуды көздейді. Ең басты тетік қауіпсіздіктің ең сатылы құрылымын құру болып табылады», - деді Ж.Көшербаев.
Өз кезегінде «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев соңғы 10 жылда әлемде технология мен экономика, қоғам қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Ол бұл даму үрдісі бірқатар сынақты да алып келетінін айтты.
«Ол сынақтарға жауап әлемдік электр энергиясының дамуы - Smart Grid тұжырымдамасы, зияткерлік энергия жүйесі болмақ. Зияткерлік энергия жүйесі электр энергиясының барлық қатысушыларының әрекетін басқарады: генерация, бөлу, өткізу, жүйелік әрі оталық қолдану. Зияткерлік энергия жүйесінің негізі ретінде заманауи циярлық технологиялар мен энергия жүйесінің тетіктерін басқаруды айтуға болады.
Ол атағандай, «KEGOC» АҚ-ға келетін болсақ, бүгінгі таңда цифрлық технологияларды енгізу деңгейі жоғары қарқынға ие. Ұлттық электр жүйесінің технологиялық қамсыздандырылуы әлемдік энергия жүйелерінің деңгейімен пара-пар.
«Компания зияткерлік энергия жүйесінің тетіктерін енгізді. Атап айтсақ, бұл циярлық автоматика құрылғылары, диспетчерлік бақылау жүйесі мәліметтер базасын жинақтау мен коммерциялық есептің автоматтандырылған жүйесі», - деді ол.
Айта кетейік, шараға орталық мемлекеттік орган өкілдері, облыс әкімдіктері мен халықаралық және үкіметтік емес ұйым өкілдері, электр энергетикалық компания өкілдері қатысты.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі
-
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі
-
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары
-
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары
-
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері
-
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары
-
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары
-
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері
-
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады
-
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту
-
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы
-
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары

