- Басты
- Жаңалықтар
- Кәсіпорындарды басқару: Болашақтың трендтері қандай болмақ
Кәсіпорындарды басқару: Болашақтың трендтері қандай болмақ
Форум жұмысына бизнес пен мемлекеттік органдардың өкілдері, техникалық және АТ-директорлары, сондай-ақ, өндірістерді ақпараттандыруға жауап беретін жетекшілер қатысты.

Іс-шараны ашқан Қазақстандағы «1С» өкілдігінің директоры Дмитрий Годун Қазақстанда жұмыс істеген 15 жылда фирма біршама жетістіктерге жеткенін атап өтті.
«Бүгінгі форумның басты міндеті – Қазақстандағы «1С» компаниясының барлық серіктесі мен клиентін бір алаңға жинап, жаңа технологияларды енгізу мен жұмысты жеңілдету бойынша тәжірибе алмасу. Қазақстандық АТ-компаниялардың басым бөлігі ақпараттық жүйені енгізу бойынша бірнеше кезеңдерді аяқтады. Сондықтан да, жұмысты қалай жалғастыру керектігі бойынша бағыт-бағдар көрсету қажет. «1С» бизнеске белсенді ақпараттық қолдау көрсетеді, оның ішінде қазақстандық серіктестерге қызметті автоматтандыру бойынша жол көрсетеді», - деді ол.
Ол айтып өткендей, форумға мұнай-газ секторы, телекоммуникацияларды өңдеу, бөлшек саудамен айналысатын шағын және орта бизнес өкілдері тәжірибе алмасуға келген.

«Қазақстанда 680-ге жуық АТ-компаниясымен бірігіп жұмыс істейміз. Олар бизнес тұтынушыларға ақпараттық жүйені енгізумен айналысады. Бүгінде шараға 300-ге жуық адам тәжірибе алмасуға келді», - деді Дмитрий Годун.
Ал ERP – шешімдері бойынша директоры Алексей Нестеров жаһандық кезеңде экономиканы цифрландыру мен бизнесті стратегиялық тұрғыда басқару туралы айтып берді.
«Қазір ауқымды компаниялардың барлығында цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. Цифрлық шешімдерді енгізген соң бизнесті басқару моделі өзгеруі мүмкін. Осы сынды компанияларға кешенді шешімдерді ұсынамыз. Энергетиканы өндіру саласына цифрландыру мен «Индустрия 4.0» енгізуді қарастыратын болсақ, онда жұмыс өнеркәсіптік интернет деңгейінен басталады», - деді ол.
Сондай-ақ, форумда тақырыптық сессиялар мен талқылаулар өтті. «Бизнесті басқару шешімдері» тақырыптық сессиясы корпоративтік сектордың стратегиялық басқару жүйесінде жаһандық жүйелерді жетілдіру мәселелеріне арналды. Ал, «Бюджеттік саланың бұлтты шешімдері» сессиясының қатысушылары бұлтты жүйелерді жасау тәжірибесі мен аймақтық ақпараттық жүйені құрудың алғышарттарын талқылады.
Айта кетейік, «1С» компаниясы Қазақстанда 2003 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Платформаның негізгі міндеті – қазақстандық АТ-компанияларына зерттемелер ортасын ұсыну. Қазір компанияда 700-ден астам қызметкер бар. Компанияның серіктестік желісіндегі 10 000-нан астам тұрақты серіктес әлемнің 23 еліндегі 750 қалада жұмыс істейді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі