• Басты
  • 10 айлық қорытынды: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы қандай
13 Қараша, 2018 12:47

10 айлық қорытынды: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы қандай

Қазіргі таңда инфляция деңгейі 5-7% аралығында сақталып отыр. Биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындылары туралы министрліктер есептерін ұсынды. Мәселен, 10 айдың қортындысы бойынша бюджеттің барлық деңгейлерінде кірістердің орындалуы 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жақсарған. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
10 айлық қорытынды: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы қандай

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жалпы ішкі өнімнің өсуі есепті кезеңде 4,1% құрағанын атап өтті.

Оның айтуынша, жоғары инвестициялық белсенділік, инфляцияның бәсеңдеуі, сондай-ақ экономиканың базалық салаларында өндірістің ұлғаюы экономикалық өсудің негізгі факторлары болды.

«Инфляция деңгейі 5-7% аралығында сақталып отыр. Ағымдағы жылғы қазанда инфляция 0,4%, жылдың басынан – 3,7% құрады. Жылдық инфляция 5,3% құрады (2017 жылғы қазандағы 7,7% жоғары базаның есебінен). Соңғы үш жыл ішіндегі рекордтық төмен деңгейге қол жеткізілді.Инвестициялық сұраныс бір қалыпты қарқындармен өсіп келеді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 20,8% өсті.  Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша алтын валюта резервтерінің қысқаруы есебінен (7,6%-ке 29,1 млрд. АҚШ долларына дейін) елдің халықаралық резевтері 2,7%  төмендеп, 85,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, Ұлттық қордың активтері 0,1% мардымсыз өсу көрсетіп, 56,5 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды», - деді Тимур Сүлейменов.

Министр айтып өткендей,  өнеркәсіп өндірісі тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр.

«Өңдеу өнеркәсібінің (5,4%) кен өндіру өнеркәсібіне (4,6%)қарағанда озық өсу қарқындары есебінен өсім 4,7% құрады. Өңдеу өнеркәсібінің озық өсуі, негізгі өңдеу салаларында жинақталған өсу қарқындарының сақталуымен негізделеді. Бұл машина жасау (өсу 14,2%-ке),мұнайды қайта өңдеу (9,2%-ке), химия өнеркәсібі (8,5%-ке) және металлургия (4,2%-ке) өнімдерін өндіру», - деді ол.

Сондай-ақ, министр  бұл ретте, бірқатар салаларда өндірістің төмендеуі байқалатынын атап өтті.

«Төмендеу фармацевтикада -4,6%, құрылыс материалдарын өндіруде -1,7%, сусындар өндірісінде -0,8%, дайын металл бұйымдары өндірісінде -0,3%  және киім өндірісінде -0,1% құрады. Кен өндіру өнеркәсібі 4,6% өсті. Өсу қарқыны темір кенін (8,1%-ке), көмір және лигнит (5,2%-ке), табиғи газ (4,9%-ке), мұнай (4,8%-ке) және түсті металдар (3,8%-ке) өндіруіді ұлғайтумен негізделген», - деді ол.

Т.Сүлейменов атап өткендей,  жалпы алғанда экономикадағы оң өзгерістерге қарамастан, кейбір өңірлерде өндірістік белсенділік теріс аймақта қалып отыр.

«Артта қалған үш өңірде төмендеу көлемі ұлғайды. Қызылорда облысында төмендеу -7,1%, Батыс Қазақстан облысында -4,4% және Түркістан облысында -3,5%  құрады.Бұл өңірлерде мұнай, газ конденсатын және уран кенін өндіру қысқарды.Бұл ретте, өнеркәсіпте өсім бойынша Атырау (11,0%-ке), Шығыс Қазақстан (9,6%-ке) және Қостанай (8,7%-ке)облыстары лидер өңірлер болып табылады», - деді Ұлттық экономика басшысы.

Министр  қаңтар-маусымда 17 өңірдің 13 нақты табыстардың өсуі байқалып отыр. Сонымен бірге, 4 өңірде қысқару байқалып отырғанын айтты.

 «Бұл Маңғыстау (-4,5%), Қызылорда (-2,6%), Алматы (-0,4%) облыстары және Алматы қаласы (-0,6%). 2017 жылғы қараша-желтоқсандағы жоғары қарқындардың есебінен ауыл шаруашылғы және өңдеу өнеркәсібісалаларына ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Осы салалар бойынша жоғары база қалыптасты, бұл ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша Жалпы ішкі өнімнің өсуін бәсеңдетуі мүмкін», - деді ол.

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы   Данияр Ақышев  базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі теңгемен активтерге сұранысты арттыруға және қолайлы ақша-кредит талаптарын сақтауға мүмкіндік береді Инфляция 2018 жылғы қазанда 0,4% болғанын айтты.

«Бұл бұрын күтілетін болжамнан көп төмен. Нәтижесінде, жылдық инфляция, яғни 12 айдағы инфляция 5,3%-ға дейін төмендеді. Бұл 2015 жылғы қазаннан жылдық инфляцияның ең төмен көрсеткіші.Ол қазандағы инфляцияның төмен көрсеткіштері ағымдағы жылдың соңында инфляцияның 5-7% нысаналы дәліздің төмен шегінде сақталу мүмкіндігін едәуір арттырады», - деді Д.Ақышев.

 Төраға  мәлімдегендей,  Қазақстан Ұлттық Банкі қазанда базалық мөлшерлемені 9%-дан 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.

«Базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі теңгемен активтерге сұранысты арттыруға және қолайлы ақша-кредит талаптарын сақтауға мүмкіндік береді», - деп хабарлады Д. Ақышев.

Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы валюта нарығында теңге бағамы жыл басынан бастап 12 қараша аралығында 12,7%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 374,47 теңгені құрады деп атап өтті.

Олардың ішінде – АҚШ долларының нығаюы және АҚШ ФРЖ мөлшерлемесінің өсуі. Соның салдарынан – дамушы нарықтан капиталдың әкетілуі, Ресей рублінің әлсіреуі және теңге бағамының сыртқы жағдайларға тиісті өзгеруі.

«Қазақстан Ұлттық Банкі шектерді, дәлізді немесе басқа бағдарды белгілемей, өзгермелі айырбастау бағамы саясатын жүргізуін жалғастырады», - деді Д. Ақышев.

Ол Қазақстан Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері қазанның соңында алдын ала деректер бойынша 29,1 млрд АҚШ доллары, Ұлттық қордың активтері 56,5 млрд АҚШ доллары болғанын атап өтті Жалпы халықаралық резервтер 85,6 млрд АҚШ долларын құрады.

Д. Ақышев ағымдағы жылғы 9 айда депозиттер 0,8%-ға 17,6 трлн. теңгеге дейін өскенін айтты.

«Ұлттық валютамен депозиттердің өсуі 1,1% болды. Шетел валютасымен депозиттер 0,5%-ға ұлғайды. Нәтижесінде, депозиттерді долларландыру қыркүйектің соңында 47,5% болды», - деді ол.

Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы 1 қазаннан бастап жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ең жоғары мөлшерлемелерді анықтау тәсілі өзгергенін еске салды.

«Мөлшерлемелер салымның мерзімі және түрлері бойынша жіктеледі. Бұл салымдардың теңгеге одан әрі ауысуына қосымша серпін береді», - деп түсініктеме берді Д. Ақышев.

Сонымен қатар ол кредиттеу нарығы қалпына келуде екендігін атап өтті. Ағымдағы жылғы 9 айда жаңа кредиттер беру 25,8%-ға немесе 2 трлн теңгеге өсті.

«Қайта құрылымдаудан өткен және лицензиядан айырылған банктердің кредит портфелін қоспағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі 7%-ға немесе 816,2 трлн теңгеге бағаланады. Кәсіпорындарға теңгемен кредиттер бойынша мөлшерлеме жыл басындағы 13,2%-дан 2018 жылғы қыркүйекте 12,2%-ға дейін төмендеді», - деп атап өтті Д. Ақышев.

Оның айтуынша, экономиканың басым секторлары үшін ұзақ мерзімді ресурстар беру міндеті шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі Үкіметпен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп жобаларды қаржыландыру механизмін әзірлеуді аяқтауда. Бұл бағыт 2019 жылы кредиттеудің қосымша өсуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы сонымен бірге «7-20-25» бағдарламасын іске асыру туралы айтып берді. Атап айтқанда ол Бағдарлама 7 банк арқылы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. 8 қарашадағы жағдай бойынша банктер 35 млрд теңге сомаға 2900 өтінімді мақұлдады.

«Ұлттық Банк халықпен белсенді түсіндіру жұмысын жүргізуде. Бағдарламаны іске асыру барысы тұрақты түрде республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жария етіледі. Сall-орталық тәулік бойы жұмыс істейді», - деді Д. Ақышев.

Д. Ақышев сөзін қорытындылай келе таяу уақытта Баспана компаниясының базасында «Алдын ала біліктілік» атты жобаның іске қосылатынын, оның Қазақстанның кез келген азаматына «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін онлайн режимде қашықтан өз мүмкіндігін бағалауға және банкте қарыз алу уақытын көп қысқартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ал Қаржы министрі Әлихан Смайылов  өткен 10 айдың қортындысы бойынша бюджеттің барлық деңгейлерінде кірістердің орындалуы 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жақсарғанын жеткізді.

«Мемлекеттік бюджет кірістерінің өсу қарқыны 117,5%-ті құрады, республикалық – 120,6% және жергілікті бюджеттер – 110,4%.Шығыстардың орындалуы  жақсарды.Атқарылмау сомасы 2017 жылдың 10 айымен салыстырғанда азайды: мемлекттік бюджет – 58 млрд.теңгеге, республикалық – 21 млрд.теңгеге және жергілікті бюджеттер – 40 млрд.теңгеге», - деді Ә.Смайылов.

Министр атап өткендей, кірістердің асыра орындалуы себебінен бюджет тапшылығының көлемі есепті кезеңнің жоспарынан елеулі төмен қалыптасты: мемлекттік бюджет – 295 млрд.теңге (жоспар – 738 млрд. теңге), республикалық – 376 млрд.теңге (жоспар – 686 млрд. теңге) және жергілікті бюджеттер – 6 млрд.теңге (жоспар – 140 млрд. теңге).

«Мемлекеттік бюджетке 6,4 трлн.теңге кірістер (трансферттерсіз) түсті. Мемлекеттік бюджет бойынша артығымен орындау сомасы 277 млрд.теңгені, республикалық – 208 млрд.теңгені және жергілікті бюджеттер бойынша – 69млрд.теңгені құрады.Тұтастай алғанда мемлекеттік бюджет кірістері 104,5%-ке атқарылды.Республикалық бюджетке 4 514 млрд.теңге кірістер түсті, немесе жоспардан (4 306 млрд.теңге) 104,8%-ке артық орындалды. Бұған, негізінен  салықтардың асыра орындалуы себеп болды», - деді ол.

Оның айтуынша, өткен жылдың 1 қарашадағы жағдаймен салыстырғанда салықтардың өсу қарқыны 121,7%-ті яғни  783 млрд.теңгені құрады.

«Жергілікті бюджеттердің кірістері 103,8%-ке артығымен орындалды немесе 1 887 млрд.теңгені құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 178 млрд.теңге. Бұл салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Кірістер бойынша жоспар Шымкент (76%), Астана (97,8%) қалаларында және Манғыстау облысында (96,7%) орындалмады», - деді Ә.Смайылов.

Өз кезегінде,  ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман  Евниев  ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі 10 айда 102,5%-ды құрағанын атап өтті.

«Тамақ өнімдерінің өндірісі аталған кезеңде 2,8%-ға артты, жылдық жоспар – 5,0%. Өсімге қарамастан, тамақ өнімдерін өндіру көлемі төмендеген өңірлер де бар, атап айтқанда, бұл көлем Жамбыл облысында 23,6%-ға, Ақтөбе облысында 10,4%-ға және Маңғыстау облысында 3,8%-ға азайған», - деді А.Евниев.

Вице-министр атап өткендей,  Ақтөбе облысында  төмендеу негізінен өсімдік май өндірісі мен ұн өндірісінен болған.

«Өсімдік майы бойынша облыста жылдық қуаттылығы 32,0 мың тонналық бір ғана «Ақтөбе Фудс» ЖШС жұмыс жасауда.Өндіріс көлемінің төмендеу себебі а.ж. бірінші тоқсанында зауытта қондырғыларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өндіріс тоқтап тұрды. Осыған байланысты өндіріс көлемдерінде төмендеу байқалған.Алайда жылдың соңына дейін жоспарланған өнім көлемін өндіру толығымен орындалатын болады. 2018 жылдың соңына дейінгі жоспар 28,0 мың тонна.Бұған қоса облыста бүгінгі күнге тағы бір ірі өсімдік майын өндіретін зауыттың құрылысы жүргізіліп жатыр. «АкМЭЗ» ЖШС – жылдық қуаттылығы 36,0 мың тонна дайын өнім. Іске қосылу уақыты 2018 жылдың желтоқсан айы», - деді А.Евниев.


Ол атап өткендей,  қаражаттың игерілмеуінің негізгі себептері ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды БНҚ шеңберінде екінші конкурс бойынша ЖҒТК шешімінің болмауы, көрсетілген қызметтердің актілерін рәсімдеу бойынша рәсімдердің өткізілуі, оның ішінде өткізілмеген конкурстар, қызмет көрсету мен тауарларды ұсыну аяқталған соң ақы төлеу, пайдаланылмаған қаражат қалдығы болып табылады.

Инвестициялар және даму  министрі Жеңіс Қасымбек   2018 жылдың он айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 104,7%-ды құрағанын жеткізді.

«Еліміздің 14 өңірінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің оң көрсеткіші сақталды.Ал, 3 облыста өсім төмендеді: Қызылорда 7,1% (92,9%), Батыс-Қазақстан 4,4% (95,6%), Түркістан облысы 3,5% (96,5%).Кен өндіру секторында темір кенін өндіру көлемі «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамында өндіріс көлемінің артуына байланысты 8,1%-ға өсті (жоспар 105,7%). Түсті кендер көлемі 103,8% құрайды (жоспар 106%)», - деді ол.

Министр атап өткендей,  өңдеу өнеркәсібінде жылдық жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілді және бірқатар салаларда өсім байқалуда.

Атап айтқанда, машина жасау саласында 14,2%-ға, химия өнеркәсібінде 8,5%-ға, жиһаз өндіруде 3,9%-ға, қағаз 6,4%-ға, резеңке және пластмасс бұйымдары 2,1%-ға өсті.

«Көлік кешені бойынша 10 айдың қорытындысында нақты көлем индексі 104,5% құрады (жоспар – 104,8%).Бұл ретте, өсім қарқыны 9 айдың (қаңтар-қыркүйек 104,6%) деңгейінен 0,1%-ға төмен екендігі байқалады. Өсім қарқынының деңгейіне темір жол көлігімен жүк тасымалдау (0,9% төмен) және жүк айналымының (0,7% төмен) көлемдері әсер етті.Мұнай өнімдері, тыңайтқыштар және құрылыс материалдары импортының төмендеуі негізгі себептердің бірі», - деді Ж.Қасымбек.

Жалпы, транзиттік контейнерлерді тасымалдау көлемін (536 мың контейнер) және Қытайға газ экспорттауды ұлғайту арқылы жылдық жоспар көрсеткішіне қол жеткізіледі.

«Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 104,1%-ды құрап, (жоспар - 103,6%) жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілді.13 облыста оң серпін байқалады.Жалпы құрылыс бойынша жоспарланған жылдық көрсеткішті (103,6%) Атырау облысындағы 700 млрд. теңгеден (118%), Астана қаласындағы 530 млрд. теңгеден (80%) және Алматы қаласындағы 340 млрд. теңгеден астам құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі арқылы орындау күтіліп отыр», - деді ол.

Ол айтып өткендей,  тұрғын үй құрылысы бойынша 10 айдың қорытындысында 9,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,6%-ды құрады. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жылдық жоспары 81%-ға орындалды.

«Жалпы республика бойынша 85 990 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 30 704 - жеке үй бар. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемінің ұлғайуы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 14 өңірінде жалғасуда», - деді министр.

Жалпы, 2018 жылдың соңында Министрлік жетекшілік ететін барлық салалар бойынша нақты көлем индексінің жоспарына қол жеткізілетін болады.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды