- Басты
- Жаңалықтар
- АХҚО Сақтандыруды халықаралық қадағалаушылар қауымдастығының мүшесі атанды
АХҚО Сақтандыруды халықаралық қадағалаушылар қауымдастығының мүшесі атанды
Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті «Астана» халықаралық қаржы орталығының тәуелсіз реттеушісі. Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» конституциялық заңына сәйкес, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтеріне байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған заңды тұлға және уәкілетті орган болып табылады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының реттеу және ережелері қаржылық фирмалардың және нарықтық мекемелердің авторизациясын, тіркелуін, мойындалуын және қадағалауын көздейді.
Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің Сақтандыруды халықаралық қадағалаушылар қауымдастығына мүше атануы «Астана» халықаралық қаржы орталығының сақтандырудың нормативтік базасын сақтандыру қызметтері нарығын реттеу және қадағалау саласындағы ең жоғары стандарттарға сәйкестендіруге көмектеседі.
Бұдан басқа, Астана қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Сақтандыруды халықаралық қадағалаушылар қауымдастығының нормативтік стандарттарды белгілеу бойынша және де Сақтандыруды халықаралық қадағалаушылар қауымдастығының комитеттерінде және жұмыс топтарында қызмет ету арқылы негізгі жаһандық іс-шараларына өз үлесін қоса алады.
Сақтандыру секторы қаржылық қызметтерді дамытуды ынталандыруда маңызды роль атқаратындықтан, АХҚО-ның негізгі бағыты болып табылады. Сақтандыру секторы экономикалық өсімді жеңілдетеді, тәуекелдерді азайтады, үнемдеуді қамтамасыз етеді және жинақ ақшаны өнімді инвестицияларға айналдырады. Сақтандыруды халықаралық қадағалаушылар қауымдастығына қосылу АФСА өміршең сақтандыру нарығын қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады.
«Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Сақтандыруды халықаралық қадағалаушылар қауымдастығының мүшесі атанғанына қуанышты. АФСА-ның СХҚҚ-ның мүшесі атануы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытудағы маңызды кезеңі. Сақтандыру секторы «Астана» халықаралық қаржы орталығының негізгі бағытының бірі болып табылады. Және де біз СХҚҚ және осы саладағы басқада әріптестермен ынтымақтастық тиімді және нәтижелі болады деп сенеміз», - деді Қаржы қызметтерін реттеу комитетінің басқарушы директоры Мұхтар Бөбеев.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды және 2015 жылғы желтоқсандағы «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңға сәйкес жұмыс істейді.
АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.
Айта кетейік, Сақтандыруды халықаралық қадағалаушылар қауымдастығы 1994 жылы негізі қаланған, Халықаралық сақтандыруды қадағалау қауымдастығы (ХСҚҚ) әлемнің сақтандыру сыйлықақыларының 97% -ын құрайтын 200-ден астам юрисдикциядан тұратын ұлттық сақтандырудың қадағалау органдарын және сақтандыру нарығының реттеушілерін біріктіретін ерікті мүше ұйым болып табылады.
Халықаралық норма белгілейтін орган болып табылады, оның міндеті сақтандыру саласын қадағалауға арналған қағидаттарды, стандарттарды және өзге де қосымша материалдарды әзірлеу және оларды іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
СХҚҚ өзінің Мүшелері үшін форум болып табылады, онда олар тәжірибе алмасып, сақтандыру қызметін және сақтандыру нарықтарын қадағалаудың проблемаларын бөлісе алады. Ұжымдық тәжірибені мойындату үшін СХҚҚ-ны «Үлкен жиырмалық» елдерінің басшылары және өзге де халықаралық норма белгілейтін органдар шақырып тұрады.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
АХҚО-ның Қазақстан экономикасына инвестиция тартудағы рөлі -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал