- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы қалай жүзеге асырылуда
Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы қалай жүзеге асырылуда
Облыс әкімі айтып өткендей, бизнес өкілдері де бұл шешімді қолдау үшін әрбір кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізіліп, жұмыс жүргізілуде.
«Бүгінде облыстағы белгілі кәсіпорындар бұл шешімді қолдап,9 мыңқызметкердің еңбек ақысын көтергелі отыр. Облыстағы 95 ірі және орта бизнес субъектілерімен жыл соңына дейін келіссөздер жүргізіліп бітеді.«Бизнестің жол картасы» бағдарламасының мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылуын ескере отырып, келесі жылға жоспарланған 1,2 млрд.теңге, кемінде 2 есеге ұлғайтылғалы жатыр», - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, әкім айтқандай, биыл шағын несие беру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 1,0 млрд.теңге бөлініп, жалпы сомма 6,3 млрд.теңгеге жетті. Келесі жылы бұл қаржының көлемін 7,5 – 8,0 млрд.теңгеге дейін көтеруді жоспарланып отыр.
«Өңірімізде «қолма-қол ақшасыз экономикаға» көшудің қадамдарын байқауға болады. Мәселен, соңғы 5 жылда пластикалық карточка ұстаушылар саны 2 есе артып отыр. Бүгінде 2343 POS-терминал, 379 банкомат, 732 төлем терминалдары мен банктік киоскілер жұмыс істеп, 1085 сауда(4,8%)орнында кассалық операциялар электронды түрде жүзеге асырылуда», - деді ол.
Сонымен қатар, Жолдаудың міндетін орындау үшін жұмыстардың келесі жылға нақты индикаторлар айқындалуда.
««Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша жылдың басында қабылданған облыстық кәсіпкерлікті қолдау Картасына өзгерістер енгізілуде.Бүгінгі таңда бір (Әулие-Ата Феникс) кәсіпорнында құс етін қайта өңдеудің жаңа технологиялық желісі(жылдық қуаттылығы 800 тонна)және Меркі шағын мұнай өндеу зауытын (Са-Ба ЛТД)қайта жаңарту жобасыіске қосылды,жыл соңына дейін тағы 5 жоба іске қосылады», - деді А.Мырзахметов.
Іске асырылатын жобалардың ішінде экспортқа бағытталған Казфосфаттың аммофос өндірісінің көлемін көбейту жобасын атап өтуге болады.
«Шикізаттық емес секторда жобаларды іске асыру үшін «Инвесторларға қызмет көрсету орталығының» жұмысы қайта қаралып, күшейтілді. Ағылшын, қытай, түрік, корей тілдерін білетін жастар жұмысқа алынды.Бүгінде бұл салаға салынған инвестициялар 100 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға артқан», - деді А.Мырзахметов.
Ал, инвестициялардың ай сайын өсуінің оң үрдісі жеке меншік капиталының 30%-ға(68,8 млрд. теңгеден 92,2 млрд. теңгеге өсуі)өсуімен байланысты.
«Қазіргі таңда облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 13 жоба іске асырылуда.Агроөнеркәсіптің қайта өңделген өнімінің экспортын көбейту мақсатында жыл басынан 2,3 мың тонна ет экспортқа шығарылды. (оның ішінде 1,3 мың тн қозы еті, 0,6 мың тн –сиыр еті). Бұл өткен жылдың көлемінен 3 есеге артық», - деді ол.
Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 183 кәсіпорын жұмыс істеуде. Бірақ сапалы, терең өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың санын арттыруға қатысты жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін осындай 4 жоба іске қосылады.
«Құны 21,6 млрд.теңгені құрайтын 9 инвестициялық бастама бекітілді.Ауыл шаруашылығымен тиімді айналысу үшін үлгілі шаруа қожалықтарының базасы жасақталды.Онда келесі жылдан бастап арнайы оқыту, таныстыру жүргізілетін болады.Осы орайда заманауи тұрғыдағы облыстық агроколледж құруды да қолға алдық. Бастамасына биыл 200 млн.теңге бөлінді», - деді А.Мырзахметов.
Сервистік секторларды дамытуды айтатын болсақ,«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолдың 500-ге жуық шақырымы облыстың 6 ауданының үстінен өтеді.Тәулігіне 8 мыңнан аса көлік өтіп жатыр.
«Сервистік қызмет сапасын арттыру үшін тиісті талдау жүргізіліп, қосымша жұмыс көлемі анықталды. Ендігі жерде кәсіпкерлерді тарта отырып, бұл жұмысты атқару міндеті тұр», - деді әкім.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады