- Басты
- Жаңалықтар
- ДЖБ: Озық 30 елдің қатарына кіру үшін Қазақстан өнімділікті арттыру бағытын ұстануы керек
ДЖБ: Озық 30 елдің қатарына кіру үшін Қазақстан өнімділікті арттыру бағытын ұстануы керек
«Соңғы жылдары Қазақстанда өнімділіктің өсуі біршама баяулады, оның салдары халық табысының өсуіне және олардың әл-ауқатына кері әсерін тигізеді. Осы мәнмәтінде елге жеке меншік секторын нығайтуға арналған ауқымды реформалар қажет. Бұл өз кезегінде әртараптандыруға және бәсекелестік қабілетті арттыруға, жалпы экономикалық өсуге алып келеді», - деді Дүниежүзілік банктің Орта Азиядағы аймақтық кеңсесінің жетекші экономисі Хулио Ревилла.

Оның айтуынша, микроэкономика сааласында кейбір нарық көрсеткіштері жұмыс істеп жатыр.
«Елдегі нарықтардың тиімділігі өзге елдермен салыстырғанда жақсы жұмыс істеп тұр деп айтуға болмайды. Бұл көрсеткіштер реттелмейтін нәтиже емес. Мысалы, жақында Қазақстанда бизнесті енгізу бойынша өз көрсеткіштерін жақсартқан болатын. Бұл Дүниежүізілік банктің жыл сайын рейтінгі. Заңнамалық тұрғыда бизнесті енгізуге барлық мүмкіндік бар. Алайда, белгілі бір себептермен ол компаниялар өсіп жатқан жоқ. Қажетті көлемде ашылмай отыр. Бұл фактілік және шынайы экономика табыс деңгейіне сай болмай отырғанын көрсетеді», - деді Хулио Ревилла.
Ал Дүниежүзілік банкінің макроэкономика жөніндегі жаһандық тәжірибесінің жетекші экономисі Дженнифер Келлер рейтінгтердің барлығы соңғы жылдары Қазкақстандағы өнімділіктің төмендеуіне не себеп болғанына орай жасалғанын жеткізді.

«Қазақстанда дағдарыстан кейін даму нарықтарындағы өнімділіктің түсіп кетуінен зардап шегіп отыр. Өзге елдер де дағдарыстың салдарын тартты, алайда өнімділіктің күрт төмендеуі осы елде ерекше сезіліп отыр. Сондықтан да, өнімділікті арттырып, Қазақстандағы осы саланы арттырудың қозғаушы күші не екеніне көз жеткізу қажет. Елдегі өнімділікті арттырудың екі қралы бар. Олар, математикалық әдіс бойынша лезде өсетін ішкі секторларда жұмыс істеу керек, сондай-ақ, жұмыс тобының ауысуына қатысты елдердің мүмкіндігін ескерген жөн. Елдегі өнімділікті арттыру үшін жұмыс тобын тарту үлкен мүмкіндік болып отыр», - деді экономист.
Маман айтып өткендей, Қазақстанда жеке сектордың қарқынын арттыру қажет. Қазіргі болжамдарға қарағанда, өнімділік деңгейін көтермесе Қазақстан жан басына шаққандағы табыс деңгейінің тұрақты төмендеуіне ұшырайды. Қазақстанға 2050 жылы әлемдік 30 экономиканың қатарына кіру мақсатына жету үшін ЖІӨ-нің 60 пайызынан асатын инвестиция қажет.
«Бизнес жүргізу рейтінгіндегі озық отыз елдің қатарына кіру үшін Қазақстанға өнімділікті арттыру бағытын ұстану аса маңызды. Қазір – өнімділікті арттыруға бүкіл күшті жұмылдырудың ең қолайлы сәті, бұл Қазақстан экономикасының өсуін жаңа белеске жеткізеді», - деді Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Френсис Ато Браун.
Айта кетейік, «елдік экономикалық меморандум» — бұл Дүниежүзілік Банкінің сараптамалық баяндамасы, онда елдің экономикалық даму нәтижелері, келешегі мен саяси күн тәртібі жан-жақты талданып, экономиканың негізгі секторларына арналған саяси реформалар көрсетілген.
Аягөз Құрмаш
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай