• Басты
  • Нұрлы жер: Биыл 12,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
6 Қараша, 2018 17:39

Нұрлы жер: Биыл 12,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 8,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 11,6%-ға жоғары. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Нұрлы жер: Биыл 12,1 млн  шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі | Strategy2050.kz

ИДМ басшысы Жеңіс Қасымбек айтып өткендей,  77 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты, оның ішінде 9,5 мыңға жуық отбасы мемлекеттік қаржы есебінен салынған баспанаға қол жеткізді.

«Тұрғын үй құрылысына салынған  инвестиция өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ға артып, (507,8 млрд. теңге) 818,9 млрд. теңгені құрады.Мемлекеттік инвестицияның 1 теңгесіне жеке инвестициялардан 8 теңге салынды», - деді Ж.Қасымбек.

Министр айтып өткендей,  биыл 12,1 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде 1,3млн. шаршы метр немесе 22 мың пәтер мемлекеттік инвестицияесебінен тапсырылады.

«Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі жағынан Астана (1,8 млн.ш.м), Алматы (1,3 млн. ш. м) қалалары мен Маңғыстау облысы (910,5 мың. ш.м) алда келеді.Тұрғын үйлерді пайдалануға беру өсімінің қарқыны Шымкент қаласында (+48,6%) және Алматы облысы(+59%) мен Маңғыстау облысында (+37%) байқалады», - деді Ж.Қасымбек.

Сонымен қатар, 2017 жылмен салыстырғанда тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқыны 2 өңірде төмендеді. Олар Астана қаласы(-10,3%)мен Қызылорда облысы(-13,7%).

Жалпы, 2018 жылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 148,6 млрд.теңге бөлінді.

«Қаржыландырудың негізгі бөлігі 69,4 млрд. теңге тұрғын үй салынатын аудандарға инженерлік-коммуникация тартуға қарастырылды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға жалға берілетін тұрғын үй салу үшін (сатып алу мүмкіндігінсіз) 26,9 млрд. теңге, «Қазақстан Тұрғын үй Құрылыс Жинақ Банкі» Акционерлік Қоғамы салымшыларын несиелендіруге 24 млрд.теңге, Астана қаласында апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді жою бойынша пилоттық жобаға 20 млрд. теңге көзделді. Сондай-ақ, 7,9 млрд. теңге халықтың ипотекасын және жеке құрылысшылардың займдарын субсидиялауға бөлінді», - деді Ж.Қасымбек.

Министр атап өткендей, тұрғын үй салынатын аудандарға инженерлік-коммуникация тартуға бөлінген қаржының 44,6 млрд.теңгесі аударылды, оның ішінде 40,8 млрд.теңге немесе 91,7%-ы игерілді.500 км инженерлік желі салынды.

«Бөлінген қаржыны игеру қарқыны  Маңғыстау (68,4%), Ақмола (90,5%), облыстарында  және Шымкент (77,8%)  Астана (75,3%) қалаларында төмен.Биылғы 12,1 млн.шаршы метр тұрғын үй салу міндетін ескере отырып, барлық әкімдік бөлінген қаржыны уақтылы игерулері керек», - деді ол.

Халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша  биыл бағдарламаның осы бағыты бойынша (184,5 мың ш. метр) 3470 пәтер салу жоспарлануда.

«Биыл 1 қазандағы есеп бойынша жалға берілетін 1176 пәтер (61,5 мыңш.м.) тапсырылды.Бөлінген 26,9 млрд.теңгенің өңірлерге 21,3 млрд.теңгесі жеткізілді. Оның 20,1 млрд.теңгесі немесе 96,7%-ы игерілді.Жалпы, Мемлекет басшысының жолдауы аясында жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды 50 млрд.теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Сондай-ақ,  кредиттік тұрғын үй құрылысы  бойынша  кредиттік тұрғын үй салу үшін облигациялық займдардың бір бөлігі ретінде 2 жыл сайынайналымға 207 млрд. теңге бағытталады.

«Аталған бағытты іске асыру үшін Ұлттық қордан Бәйтерек холдингі арқылы 2016 жылы әкімдіктерге 67 млрд. теңге бөлінді.2017 жылдан бастап әкімдіктерге Бәйтерек холдингі(63 млрд. теңге) мен Самұрық-Қазына қорынан (77 млрд. теңге) бөлінген қосымша қаражаттар қайта бағытталды.Биыл 141 жобаны іске асыру үшін әкімдіктерге 100,9 млрд. теңге қаржы беру жоспарлануда, бұл 9 793 пәтердің құрылысына жұмсалады», - деді ол.

Облигациялар кестеге сәйкес сатып алынуда.

Биыл 5-ші қарашадағы есеп бойынша әкімдіктер 93 млрд. теңге тартқан. 180,5 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3 096 пәтер пайдалануға берілді. Биыл жылдың аяғына дейін 6 697 пәтер халық игілігіне беріледі.

«Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту аясында биыл шамамен 40 мың жер учаскесі инженерлік коммуникациямен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта  шамамен 16,5 мың жер учаскесі берілді.Жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелерінің ең көбі Ақтөбе (15 392), Алматы (5 697), (4 772), Қарағанды облыстарына тиесілі (3 617)», - деді Ж.Қасымбек.

Жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысына ынталандыру  операторы Даму Акционерлік қоғамы.

«Дамудың деректері бойынша жеке құрылыс салушыларға 152 млрд. теңге субсидияланған кредит беру жоспарланған.Бұл 600 мың шаршы метр тұрғын үй салуға жетеді. Бүгінгі күні жеке құрылыс салушылар 138,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берді (2017 жылы – 8,4 мың ш.м, 2018 жылы – 112,2 мың ш.м)», - деді ол.

Жалпы, бағдарлама басталғалы бері банктер 67,2 млрд. теңге кредит сомасына 77 жобаны қолдады, оның ішінде 42,9 млрд. теңгеге 46 субсидиялау шарты жасалды (2017 жылы – 26,1 млрд. теңге, 2018 жылы – 16,8 млрд. теңге).

Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарту арқылы тұрғын үй салу  бағдарламамының бұл бағытында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бұрын басталған жобалар бойынша тұрғын үй құрылысын аяқтауы қарастырылған.

««Бәйтерек девелопмент» Акционерлік Қоғамы 2016 жылы Ұлттық қордан бөлінген қаржының 95,6 млрд. теңгесіне шартжасасқан болатын.  Қазір оның 93,5 млрд. теңгесі немесе 97,8 %-ы игерілді. Бүгінгі күні 578,4 мың шаршы метр немесе 9 669 пәтер тапсырылды.«Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы 2016 жылы бөлінген 97 млрд. теңгенің 75,9 млрд. теңгесіне коммерциялық тұрғын үй салу шартын жасасты», - деді ол.

Жылдың соңына дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» Акционерлік Қоғамы қалған 50,3 млрд. теңгені қайтаруы тиіс. Бұл қаржы кредиттік тұрғын үй салу үшін жергілікті атқарушы органдарға беріледі.

«Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы жеке құрылыс салушыларға 68,8 млрд. теңге аударды (96,9%), бүгінгі таңда оның 64,2 млрд. теңгесі (93,3%) игерілді.Жылдың соңына дейін тұрғын үйлерді пайдалануға беру (жылдық индикатор 12,1 млн. ш.м) қарқынын (11,7%) төмендетпеуіміз керек.Пайдалануға берілген (77 мың.) үйлерді қоспағанда тағы 23 мың тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда (оның ішінде мем.инвестиция есебінен 13 133 пәтерден астам).

Жалпы, тұрғын үй құрылысы мен қаржының игерілуі тұрақты бақылауда. Тұрғын үй құрылысы барынша дамып келеді. Бұл азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, құрылыстың қарқынын арттыруға, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев қаражатты игеруге ерекше көңіл бөлу керектігін айтты.

«Жаңа баяндамадан тыңдағандай, бірқатар өңірлерде өткен жылғымен салыстырғанда қаражатты игеру қарқыны төмендеген. Алып отырған жоспарымыз  былтырғымен салыстырғанда  10 пайызға жоғары. Сондықтан да жылдың соңына дейін тұрғын үйдің жоспарланған  бөлігін тапсыру және жоспарланған қаражатты игеруді қадағалауды тапсырамын», - деді Б.Сағынтаев.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды