- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысы: Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы
Жамбыл облысы: Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы
Биылғы жылы облыс әкімі мен аудан әкімі арасында 25 индикатор, облыстық басқармалар мен аудан әкімі арасында 95 индикатор және аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдері арасында 9 индикатор бойынша меморандум бектілген. Қазіргі таңда барлық индикаторлар бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылып, орындалуы тұрақты бақылауға алынған.
Биылғы жылдың 9 айында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 11440,2 (8681,9) млн. теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 107 пайызды құрады. Оның ішінде өнеркәсіп өнімін өндіруге үлес қосқан ірі кәсіпорындарды атап өтсек:«Central Asia Gold Production» ЖШС – 1109,3 млн. теңгеге 81 кг алтын және 11 кг күміс, «Ақтас» ЖШС – 2279,3 млн. теңгеге 773,1 мың тонна әктас және 60,4 мың текше метр шағал тас.
Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөленің айтуынша, Мемлекеттік «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы ауданымызда жалпы құны 112,3 млн. теңгені құрайтын 5 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілген.

«Ал бағдарламаның жүзеге асырылуынан бастап (2011 жылдан бері) барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 12389,6 млн. теңгені құрайтын 80 жоба іске асырылды. Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап аудандық бюджетке 1628,7 млн. теңге төленіп, жалпы 616 жұмыс орыны ашылды», - деді әкім.
Сондай-ақ, ауданда бөлшек сауда субъектілері арасында азық-түлік, азық-түліктік емес тауар бағаларын тұрақтандыру және ең аз сауда үстемелерін қолдану туралы 196 меморандум жасалды.
«Бұл ретте, аудан аумағында 33 негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына және 53 азық-түлік емес тауарларға мониторинг жүргізілді. Жыл басынан бері ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында өнім арзандатылған бағамен саудаланатын бірнеше ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілді», - деді Болатбек Байтөле.
Әкім атап өткендей, су үнемдеу технологиясын 1000 га енгізу жоспарланған, нақты суарылатын - 1140 га, оның ішінде: тамшылатып суарылатыны - 918 га, жаңбырлатып суарылатыны - 222 га.
«Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарына көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 1646 тонна дизель отыны бөлініп, (оның ішінде наурыз айына 921 тонна, сәуір айына 57 тонна, мамыр айына 366 тонна және маусым айына 302 тонна) шаруашылықтар тарапынан нақты 1506 тоннасы алынды немесе 91,5 пайызды құрады», - деді ол.
Әкім атап өткендей, кооперативтердің өндірген өнімдері бойынша биыл ауданда сүт бағытындағы «Болашақ-2018» және «Майсуп тегі» атты 2 кооператив ашылды.
«Қазіргі таңда, жалпы жұмыс істеп тұрған кооперативтер саны 5. Оның ішінде 4 кооператив сүт бағытында жұмыс атқарады. Қазіргі танда 70 тонна сүт өткізілді. 1,6 тонналық танкері орнатылған. Барлық өткізілген сүт көлемі 379 тоннаны құрайды», - деді ол.
Сондай-ақ, өткен жылы құрылыс жұмыстарын бастаған «Медет» ШҚ 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңын, «Диас-2017» АШК астық қоймасын, «Каз Меат» ЖШС 7000 басқа мүйізді ірі қара малына арналған бордақылау алаңының құрылыс аяқтады.
«Ауылдық округтер бюджеті бойынша 376,2 млн. теңге жоспарланып, нақты орындалғаны 438,8 млн. теңге немесе 116,6 пайыз, артық орындалғаны 62,6 млн. теңге. Ауданның кіріс бөлігі жоспардағы 12829,9 млн. теңгенің орнына 13102,1 млн. теңгеге немесе 102,1 пайызға орындалды. Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспардағы 12967,6 млн. теңгенің орнына 12942,4 млн. теңгеге немесе 99,8 пайызға игерілді, соның ішінде республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер сәйкесінше 99,9 және 99,7 пайызға, аудандық бюджет 99,9 пайызға орындалды», - деді ол.
Шығыс бөлігі жоспардағы 12967,6 млн. теңгенің, 12942,4 млн. теңгесі немесе 99,8 пайызға игерілді. Облыстық қаржы басқармасының және аудан әкімінің арасындағы келісім бойынша 3 тоқсанға индикатор 98% белгіленген, яғни индикатор орындалды. Сондай-ақ, жылдық көрсеткіш (99,9%) орындалады деп болжануда. Шығындар бойынша игере алмаушылық жалпы 25243,1 мың теңгені құрады.
Мемлекеттік мәдени-демалыс ұйымдарымен 41 елді мекеннің 26-ы немесе 63,4 пайызы қамтылған.
Аудан бойынша 41 ауылдық кітапханалар жұмыс істейді. 41 кітапхананың 35 интернет жүйесімен қамтылған.
Жер қатынастары саласында жер учаскелерін жеке меншікке сатудан аудан бюджетіне 103218,4 мың теңге түсті, 2017 жылмен салыстырғанда 24147,0 мың теңгеге ұлғайды, ал жер учаскелеріне жалдау құқығын сатудан 1240,9 мың теңге түсті немесе 561,2 мың теңгеге өсті.
Аудан көлемінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте 13365 азамат тіркелген, оның 7735-і Қордай ауылы бойынша.
2018 жылы Қордай ауылында жеке тұрғын үй құрылысы үшін 216 жер учаскесіне ауыл әкімінің шешімі беріліп, мемлекеттік актілері дайындалуда. Оның ішінде 29 өтініш бойынша комиссияның теріс қорытындысы қабылданды. Сонымен қатар, Степное ауылдық округі Арал ауылында 47 азаматқа кезегіне сәйкес жер учаскелері беріліп, құжаттары рәсімделуде.
Айта кетейік, елдегі игі бастамалардың жарқын жалғасына айналған кезекті Жолдауында Президент халық табысының өсуіне, тұрмыс сапасының жақсаруына, өмір сүруге қолайлы және қауіпсіз ортаның қалыптасуына, азаматтар сұранысына сай бейімделген мемлекеттік аппараттың құрылуына, кәсіпкерлік секторының дамуына ден қойды. Сонымен қатар, «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың жер-жерлерде орындалуына ерекше мән берді.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда