• Басты
  • Үнемді өндіріс жүйесінің кәсіпорындарға әсері қандай болмақ
2 Қараша, 2018 13:41

Үнемді өндіріс жүйесінің кәсіпорындарға әсері қандай болмақ

Цифрлық дәуірде өндірісті үнемді қылу үшін қандай жұмыс жүргізу керек? Осы мәселе ірі компаниялардың басшылығын толғандыратыны сөзссіз. Жаһандану кезеңінде заманауи технологияларға ілесіп, трендттен қалмау кез келген өнеркәсіптік кәсіпорынның табысты болуын қамтамасыз етеді. ERG Еуразиялық топтағы инноваторларға арналған дәстүрлі инноваторлар форумында заманауи компанияларға өнідістік жүйенің қаншалықты қажетті екенін талқылады. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Үнемді өндіріс жүйесінің кәсіпорындарға әсері қандай болмақ

Топ инноваторларға арналған диалог алаңын құру  идеясы  2016 жылы пайда болған.  Сол кездегі алғашқы форум  Топ ішінде  инновацияларды  басқарудың жаңа жүйесін  құруға  жағдай жасаудың бастапқы межесіне айналды.  Ал былтыр шара халықаралық форумға  айналып, үлкен өзгеріске ұшырады, қатысушылардың саны арта түсті.

ERG-дің  инновациялар және операциялық тиімділік жөніндегі директоры Сергей Опанасенко үнемді өндірісті енгізу жаңашылдық емес, осыған дейінгі тәжірибені жинақтап, тиімді жұмыс істеу екенін атап өтті.

«Біз бұл жүйемен  2016 жылдан бастап белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бүгін компания тұрақты қаржы жағдайында тұрғанда жүйелік-мәдени өзгерістерді бастау үшін қолайлы  уақыт деп шештік. Ол әрбір қызметкерді қамтиды. Үнемді және цифрлық жүйе компанияның барлық кәсіпорындарында қолданылатын әртүрлі құрал болып табылады. Бүгінде ең басты кәсіпорын ретінде «Қазхромда» пилоттық жоба іске қосылады. Жақын айларда құралдардың барлығымен жүйелі түрде жұмыс істеуді бастаймыз», - деді С. Опанасенко.

Сондай-ақ, оның айтуынша,жұмыс  2019 жылы басталады. Бұл жүйені енгізу жұмыстың жыл сайын жақсаруына, жетілуіне мүмкіндік береді.

«Әрбір қызметкер өзінің маңыздылығын сезінеді. Қаржылық тұрақтылыққа ие болып, компанияның  болашағына сенімді болады. Қызметкерлер өз жұмыстарына басқа тараптан қарап, мәдени өзгеріс те болады. Цифрлық форматтың да әсері аз емес. Ол бірқатар үрдістерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Уақытты үнемдейді. Оған қоса, өнімділік те артады», - деді ол.

Сонымен қатар, директор  автоматтандыру қызметкерлерді қысқартпайтынын айтты. Керсінше, ол қызметкерлерді ұсақ-түйек міндеттерден алыстатып, жұмысына шығармашылық әдісті енгізуді талап етеді.

Оның айтуынша, үнемді өндіріс жүйесі жапондық Тойота компаниясы ойлап тапқан.

«Ол  жұмыстағы  тиімсіз артықшылықтарды жоюға көмектесетін тәжірибелік  құрал. Жапондықтар тұтынушыға қажет емес дүниенің барлығын тиімсіз санайды. Оның ішінде, артық қор, қажетсіз орын ауыстыру бар. Кез келген өндірісті алсақ, көп жерде осы сынды тиімсіз жұмыстар кездеседі. Үнемді өндіріс осы сынды кемшіліктерді жоюға бағытталған», - деді С. Опанасенко.

Сондай-ақ, маман  ERG компаниясы белгілі бір дайын  модельді енгізуді қарастырмайды. Компания бұл философияны жұмыста қолданып, қазіргі жағдайға бейімдеуді  қарастырып отыр.

«Үрдістерді бірқатар құралдармен толықтырып, оны одан да тиімді ету қажет. Цифрландыру сол құралдардың бірі  болып табылады. Бізде тиімсіздіктер жойылып, оның үстіне ол автоматтандырылса, тиімділік арта түседі», - деді ол.

С. Опанасенко айтып өткендей, тиімсіз жұмысты анықтауды компанияның өндірістегі қызметкерлері жүзеге асырады.

«Себебі, өндірісте күн сайын жұмыс істейтін адам, барлық жағдайды біледі. Тиімсіз жұмыстардың қай жерде барын біледі, оларды жою жолын да ұсынады. Сондықтан, біздің мақсатымыз тиімсіз шараларды іздейтін топ құру емес, қызметкерлерді барынша оқытып, олардың тиімсіз жүйелерді жоюларына ықпал ету», - деді ол.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, ERG құрамындағы компаниялар желісін үнемді өндіріс жүйесіне  2 жыл ішінде көшіруді жоспарлап отыр.

Ал  Сколково бизнес-мектебінің  стратегия және  операциялық тиімділік  тәжірибесі  жөніндегі профессоры Андрей Шишаковтың айтуынша үнемді өндіріске қатысты барлық құралдар тиімді әсер береді.

«Үнемді өндіріс арқылы жұмыс  жүретін   ортаны оңтайландыруға мүмкіндік береді. Ол айдан бір күнге дейін ауысуы мүмкін. Бұл қызметкерлерді кәсіби тұрғыдан дайындауға да үлкен септігін тигізеді. Бұл әртүрлі шаралардың ортақ негіздегі спекторы болып табылады", - »еді А.Шишаков.

Биыл форумға  300-ге жуық делегат  пен қатысушы  бас қосып отыр. 

Сонымен қатар,  форум аясында ERG қызметкерлері  арасында негізгі өндірістік үрдеріске басты көңіл  бөле отырып,  операциялық тиімділікті  арттыруға бағытталған  ең үздік новаторлық  бастамалар бақыауы өтті. Байқауға қатысқан жобалар жабдықтың өнімділігін немесе қызметкерлер еңбегін  жақсартуы тиіс  немесе шығын  материалының  нормасын, оларға жұмсалатын шығындарды азайтуы керек.

Айта кетейік, ERG инноваторлар форумы – топтағы кәсіпорындардың кез келген қызметкері  өзінің бастамалары мен  жобаларын  өзгелерге ашық  ұсына алатын компанияның  келешек мақсаттарын  жүзеге асыру барысын кеңінен талқылауға болатын  инноваторларға арналған диалог алаңы. Коимпания  Қазақстанның тау-кен, металлургия   саласының үштен бірін құрайды.  Сонымен қатар, ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің  бірі және ірі теміржол операторы.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды