• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы ҚР-да урбанистік орталықтардың даму стратегиясы әзірленеді – Б.Жәмішев

2014 жылы ҚР-да урбанистік орталықтардың даму стратегиясы әзірленеді – Б.Жәмішев

20 Қаңтар, 2014 16:44
Қазақстанның басты урбанистік орталықтары Астана, Алматы, Шымкент пен Ақтөбе қалалары болады, деп мәлімдеді ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев ОКҚ брифингінде.

«Биылғы жылы осы агломерацияларды дамыту бойынша тиісті кестелерді, тиісті стратегияларды дайындау тапсырылды. Алдағы уақытта Ақтау, Қарағанды мен Өскеменнің агломерациясын құру мәселесі қаралатын болады», - дейді министр.

Оның айтуынша, қазірде республикада халықты ірі қалалардың маңайына шоғырландыру процесі жүргізілуде. Сөйтіп агломерация табиғи түрде орындалады.

«Осындай әдіс Астана, Алматы мен Шымкентке қолданылады. Биыл осы бағыттағы жұмыстар басталып кетті. Қазірді Өңірлік даму министрлігі айтып жатқан өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы тиісті стратегия – агломерацияларды дамыту стратегиясы  қарастырылуда», - деді министр.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, 2014 жылы Астана мен Алматының 2030 жылға дейінгі агломерациясының стратегиясы дайындалады. Шымкент пен Ақтөбенің агломерациясы Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар