Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Орталық Азия ынтымақтастығы қалай дамиды?

Орталық Азия елдері арасындағы этно-әлеуметтік заманауи үрдістерді дамыту бойынша пікір алмасу белсенді жүргізілуде. Сондай-ақ, аймақта қоғамдық сананың жаңғыру жағдайындағы этно-мәдени диалог дамуының өзекті трендттерін анықтау бойынша іс-шаралар жоспары қарастырылған. Орталық Азия елдері ортақ даму үшін қандай тетіктерді қарастырып отырғанын келесі материалдан оқи аласыздар.
Нұр-Сұлтан30 Қазан , 16:11

Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі Мансур Бекмуродов келесі жылы Өзбекстанда Қазақстан жылын мерекелеу бойынша бірқатар ірі шаралар жоспарланып отырғанын жеткізді.

«Орталық Азия мен Қазақстан халықтары толеранттылық пен өзге халықтарға құрмет пен мәдениеттерін сыйлауымен ерекшеленеді. Бүгінгі шара Орталық Азия мен Қазақстанға қандай бағыттар бойынша дамып,әлеуетті мүмкіндіктерді нақты қарауға үлес қосады. Биыл Қазақстанда Өзбекстан жылы болып жарияланған. Бұл да елдер арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайта түседі. Келесі жылы Өзбекстанда Қазақстан жылы болады. Ірі шараларды өткізу жоспарланған», - деді Мансур Бекмуродов.

Сондай-ақ, елші Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы өзара мәдени қарым-қатынас белсенді жүзеге асырылып жатқанын айтты.

«Тілдердің ұқсастығы да бар. Менталды жақындастық өте жоғары деңгейде дамыған. Қазір Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасында ынтымақтастықтыңжаңа деңгейі басталды. Өзбекстанда 1,5 млн этникалық қазақ тұрады. Сондай-ақ, бізде 100 жуық қазақэтномәдени орталығы мен 500 орта білім беретін мектеп жұмыс істейді. Қазақ тілінде кадрлар дайындалады. Сонымен қатар, Өзбекстандағы этникалық қазақтар өздерін Отанында сияқты сезінеді. Жақында әлеуметтік зерттеу жүргізген едік. Өзбекстандағы тұрғындардың7 пайызы елді өзінің туған елі деп есептейді. Жергілікті халық тарапынан ешқандай шеттету сезілмейтінін жеткізген. Сондықтан да, өзге елдерге адамидан басқа көзқарас жоқ. Оны Қазақстанға келіп те байқап отырмыз», - деді ол.

Ал,  өз кезегінде  Қазақстан Республикасындағы Тәжікстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Ализода Назирмад Кеңес одағы күйрегеннен кейін Орталық Азиядағы елдердің этномәдениқарым-қатынасы өзекті сипатқа ие болғанын атап өтті.

«Бұл Кеңестік жүйенің ұлттық саясаттың кемшілігіне негізделеді. Кейбір өңірлер ұлтаралық қайшылықтармен көрінді. Орталық Азия елдері Тәуелсіздік алған соң, қалыптасу мен даму қарқындыжүзеге асырылуда. Бұл кезеңде ұлтаралық сана қалыптасты. Орталық Азия елдерінің өзіндік ыңғайландыру үрдісі қалыптасты. Бұл толыққанды және басымды болмыс болды», - деді ол.

Сондай-ақ, елші Орталық Азия мемлекеттерінің көпұлтты халықтарының тарихын ескере отырып, біздің алдымызда этникалық, этно-мәдени, этно-әлеуметтік мәселелердің алдын алатын этносаяси жағдайды қалыптастыру міндеті тұрғанын атап өтті.

«Орталық Азиядағы республикаларда ауқымды кемшіліктер жоқ деп айтуға болады. Қазіргі таңда өңір елдерінің саяси және халықаралық бірлікте болуы этномәдени саясатқа сәйкес басқарылады. Әлеуметтік және саяси, мәдени, гуманитарлық демократиялық байланыстардың негізгі тетігі болып отыр. Бұл өңірдегі қалыптасқан мәдени көзқарастардың даму жақындығының нәтижесінде жүзеге асырылып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, елші Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы өзара мәдени қарым-қатынас белсенді жүзеге асырылып жатқанын айтты.

«Қазақстан мен Тәжікстанның ынтымақтастығы білім, ғылым жәнемәдени салаларда дамып жатыр. Екіжақты даму өзара түсінушілікпен алға жылжып жатыр. Орталық Азия бойынша соңғы жылдары жүргізіліп жатқан барлық шаралар елдердің дамуы бойынша барлық тетіктерді қамтамасыз етеді деген ойдамын. Этномәдени қарым-қатынасты нығайту біздің еліміздің негізгі тұғырнамасы болып табылады», - деді Тәжікстан елшісі.

Айта кетейік, Орталық Азия елдері жаңа әлеуметтік жағдайлардың факторларын талдау мен этнодемографиялық үрдістердің өзекті мәселелерін талқылауды да қарастырып отыр.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика