• Басты
  • Қазақстандағы туризм 2025 жылы қандай болады?
26 Қазан, 2018 11:33

Қазақстандағы туризм 2025 жылы қандай болады?

Қазақстан Республикасының кіру және ішкі туризмін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жарияланған болатын. Оның басты мақсаты 2023 жылға Қазақстан Республикасының ЖІӨ жалпы көлемінде туризмнің үлесін кем дегенде 8 % деңгейінде қамтамасыз ету. Бағдарламадағы басты басымдылықтар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстандағы  туризм 2025 жылы қандай болады?

Әлемдік экономиканың дамуының заманауи жағдайларында туризм жетекші және қарқынды дамып жатқан салалардың біріне айналады. Бюджетке салықтық түсімдердің, шетел валютасының ағынының, жұмыс орындары санының өсуінің есебінен туризм экономиканың басты секторларының дамуына үлес қосады.

Қазақстан тиімді геосаясаттық жағдай ала отырып, маңызды тарихи-рекреациялық ресурстарға және әлемдік мәдени және тарихи мұра нысандары не (ЮНЕСКО бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне 11 нысан енгізілді), бірегей табиғи алуан түрлілікке ие бола отырып, жаңа турөнімдерді дамыту әлеуетіне және әлемдік туризм картасында ірі ойыншыға айналуы үшін барлық қажетті алғышарттарға ие.

Алайда қазіргі уақытта туризм саласы орташа қарқынмен дамып жатыр, ұлттық ауқымда әлеуметтік-экономикалық әсері болмашы. Қазақстан Республикасына туристік  ағындарды ұлғайту мақсатымен тосқауылдарды төмендету және саланы стратегиялық жоспарлау арқылы саланың әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау керек.

Осы Бағдарлама туристтер қызығатын орындарды дамыту және еңбек ресурстарын туризм саласына жаппай тарту, сыртқы және ішкі туристік  ағынды түбегейлі өсіру, қолайлы туристік  климат жасау арқылы туристік  салаға инвестицияларды ұлғайту, ішкі және халықаралық нарықтарда Қазақстанның туристік  әлеуетін танымал ету, елдің туристік  саласын толыққанды институттандыру арқылы туристік  қызметтер мен өнімдердің қолжетімділігін және сапасын, сондай-ақ республика халқының өмір деңгейін арттыруға бағытталған.

Туризм әлем шаруашылығының ірі, сондай-ақ ең жылдам дамып жатқан саласы болып табылады, оның өсу қарқындары экономиканың басқа салаларының өсу қарқындарынан 2 есе асады. Басты көрсеткіштері бойынша, оның ішінде инвестициялық салымдардың тиімділігі бойынша, туризмді мұнай шығару өнеркәсібімен салыстыруға болады.

Туризм саласына әлемдік жиынтық өнімнің шамамен 10 %-ы, қызметтердің әлемдік экспортының 30 %-ы, әлемдік инвестициялардың 7 %-ы, жұмыс орындарының 10 %-ы және барлық салық түсімдерінің 5 %-ы келеді.

Бір шетел туристінен түсетін табысты алу үшін әлем нарығына шамамен 9 тонна тас көмірін немесе 15 тонна мұнайды, немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды шығару керек. Сонымен бірге шикізатты сату елдің энергия тасымалдаушыларын тоздырады, ал туризм ресурстарды жаңғыртады. Елге келетін әрбір турист әрбір сағат сайын шамамен 20 доллар шығындайды, 30 турист 1 жұмыс орнын береді.

Қызметтермен экспорттық-импорттық операцияларды орындайтын сыртқы сауданың маңызды сегменті бола отырып, туризм «көрінбейтін» экспорт қасиетіне ие. Өнімінің тұтынушыға тасымалданатын экономиканың басқа салаларынан ерекшелігі сонда туризм адамдардың рекреациялық ресурстар шоғырланған орындарға көші-қонын тудырады, бұл ресурстар белгілі бір жерде тұтынылады.

Қазіргі уақытта туризм бизнестің әлемдегі ең табысты түрлерінің бірі болып табылады. Әлемдік капиталдың шамамен 7%-ын пайдалана отырып, туризм мұнайды, мұнай өнімдерін және автокөліктерді экспорттаудан кейін үшінші орынды иеленді.

БҰҰ Бүкіләлемдік туристік  ұйымының (UNWTO) бағалаулары бойынша 2030 жылға қарай танымал курорттарға және тарих пен мәдениет ескерткіштеріне шамамен 1,8 млрд. адам барады деп күтілуде, қонақүй- туристік  қызметтерден түскен табыс шамамен 2 трлн. АҚШ долл. құрайтын болады, туризм саласында 550 млн. жұмыс орындары ашылады.

Іскерлік туризм индустриясы (МІСЕ) заманауи ұғымында экономиканың ең перспективалы секторларының біріне айналды. Бүгінгі күні ірі шетел компаниялары іскерлік сапарларына жылына шамамен 2 трлн. АҚШ долл. жұмсайды, бұл шығындар кадрлық қамтамасыз етуден, салықтан, жалға алудан, ІТ және байланыстан кейін шығындардың басты баптарында қарастырылған.

WorldTravel & TourismCouncil (WTTC) мәліметтері бойынша 2015 жылы іскерлік туризмнің әлемдік нарығының көлемі 1,106 трлн. АҚШ долл. асты. 2016 жылдың қорытындылары бойынша бизнес-сапарларға кеткен шығындар 1,150 трлн. АҚШ долл. дейін өсті, ал 2017 жылы бағалау мәліметтері бойынша 3,7 %-ға ұлғайды және 1,192 трлн. АҚШ долл. дейін жетті.

2026 жылға қарай іскерлік туризмнің жаһандық нарығы 1,658 трлн. АҚШ долл. бағаланады, ал жылсайыңғы өсім орташа есеппен 3,7 %-ды құрайтын болады.

Туризмнің ең жылдам өсуі Қытайда, Үндістанда және Ресейде байқалады. Ресей мен Қытайдың ең жақын көршісі ретінде, Қазақстан да іскерлік және оқиғалық туризм бойынша әлемде өз орнын алуы мүмкін.

UNWTO болжамдарына сәйкес, келесі екі онжылдықта экотуризм қарқынды дамитын болады, ал экотуризмге кететін жаһандық шығындар жалпы туризм индустриясымен салыстырғанда жоғарылау қарқындармен өсетін болады.

Одан басқа, бүгінгі күні әлемде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жыл сайын 8 млрд. адам барады, олардың 80 %-ы Еуропаға және Солтүстік Америкаға тиесілі. Нәтижесінде тікелей шығындар түрінде 600 млрд. АҚШ долл. және тұтынушылық шығындар түрінде 250 млрд. АҚШ долл. пайда келеді. Сонымен қатар, Халықаралық экотуризм қауымдастығының бағалаулары бойынша, нарық жыл сайын 25 %-ға өседі және 470 млрд. АҚШ долл. көлемінде табыс әкеледі.

Баруға болатын жаңа аумақтардың пайда болуының есебінен туризмнің өсуі күтіледі, өйткені әлемдік туристік  нарықтың дәстүрлі аудандары рекреациялық мүмкіндіктерінің шегіне жетті.

Азиялық сапарлар мониторингінің болжамдарына сәйкес, 2050 жылы ең қарқынды дамитын туристік  нарықтар Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Мексика, Оңтүстік Корея, Малайзия, Тайланд болады.

Материалдық жағдайға сүйенетін болсақ, жалпы туристік  ағында орта топ өкілдері басым. Сонымен бірге әлемде сапарлардың құны арзан авиарейстердің таралуының, сапарлардың мерзімдерінің қысқаруының (1-3 түн), орналасудың және көліктің балама құралдарын таңдаудың есебінен төмендей береді.

Туристік  ресурстар туристік  инфрақұрылымды қалыптастырады. Туристік  инфрақұрылымның құрамында екі негізгі элемент бөлінді. Бірінші элемент – орналастыру және тамақтандыру қызметтерін, қонақжайлылық қызметтерін ұсынатын кәсіпорындар. Екінші элемент – туристік  өнімді қалыптастыруға қатысатын кәсіпорындар. Олар туристтерсіз де жұмыс жасай алады, алайда туристік  ағын дестинацияда ұлғайған кезде олардың экономикалық қызметінің көрсеткіштері айтарлықтай жоғарылайды. Осындай нысандарға ойын-сауық орындарын, мәдени-оқиғалық нысандарды, ұлттық парктерді және т.б. жатқызуға болады. Бұл дестинациялардың туристік  ресурстары болып табылады.

Жеткілікті мөлшерде дамыған туристік  ресурстар туристік  дестинацияның қолжетімділігін, туристтердің орналасу жайлылығын қамтамасыз етеді, мемлекетке және кәсіпкерлерге табыс әкеледі.

Қазақстан туризмінің статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыруда туристік  инфрақұрылым нысандарының қызметінің көрсеткіштері маңызды рөл атқарады, олар: нысандардың саны, олар қызмет көрсеткен келушілердің саны, көрсетілген қызметтер көлемі. Сондай-ақ туристік  инфрақұрылым кәсіпорындарының көрсеткіштері сала ретінде туризмнің елдің ЖІӨ-не үлесін есептеу кезінде маңызды.

Қазақстанның туристік  инфрақұрылымының кәсіпорындарының саны жыл сайын тұрақты түрде өсіп келеді. Алайда, қонақүйлер жыл сайын 8,5%-ға ұлғайғанымен толтырылудың орташа пайызы бұрыңғы деңгейінде қалып отыр (соңғы бірнеше жылда орташа есеппен 22-25 %-ға).

Демалысты және ойын-сауықты, мәдениетті және спортты ұйымдастыру қызметтерін ұсынатын нысандармен өндірілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің көлемі де жыл сайын 10-15 %-ға өсіп келеді.

Сонымен бірге өңірлерде туризм жүйесіз түрде дамып келеді, ең перспективалы туристік  дестинацияларды және туристік  өнімді дамыту бойынша өңірлік, сондай-ақ жалпы елге ортақ стратегия жоқ.

Тұрақты туристік  ағынды қамтамасыз ету және халықаралық туристік  ағындардың бір бөлігін Қазақстанға бағдарлау үшін туристік  ресурстардың даму деңгейін арттыру керек. Елге келу сұранысының басты генераторы ретінде туристік  ресурстарды дамытуға мемлекет пен бизнестің негізгі күші жұмылдырылуы тиіс.

Республикалық және өңірлік деңгейдегі Туристтендіру Картасының нысандары нің тізбесі қоса тіркеледі (2 және 3-қосымшалар).

ТОП-10 енген ең перспективалы бағыттар ретінде Қазақстанның келесі 10 басым туристік  аумақтары қарастырылады:

1. Алакөл көлі – әлеуеті бір жылда 2 500 000 турист (ағымдағы ағын – бір жылда 772 000 турист);

2. Алматы өңірінің тау кластері–  әлеуеті бір жылда 2 500 000 турист (ағымдағы ағын – 500 000);

3. Щучинск-Бурабай курорттық аймағы – әлеуеті бір жылда 2 000 000 турист (ағымдағы ағын - 750 000);

4. Баянауыл курорттық аймағы – әлеуеті бір жылда 450 000 турист (ағымдағы ағын - 200 000);

5. Имантау-Шалқар курорттық аймағы – әлеуеті бір жылда 400 000 турист (ағымдағы ағын - 130 000);

6. Балқаш көлі – әлеуеті бір жылда 400 000 турист (ағымдағы ағын - 130 000);

7. Шарын каньоны – әлеуеті бір жылда 1 000 000 турист (ағымдағы ағын - 100 000);

8. Түркістанның тарихи-мәдени туризмін дамыту – әлеуеті бір жылда 1 500 000 турист (ағымдағы ағын - 500 000);

9. Маңғыстаудың жағажай туризмін дамыту - әлеуеті бір жылда 750 000 турист;

10. Астана қ. МІСЕ туризмін дамыту – әлеуеті бір жылда 1 000 000 турист;

Айта кетейік, Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жобалық басқару негізінде ұйымдастырылады, оған сәйкес мәселелерді шешу және шараларды жүзеге асыру жоба түрінде нысандандырылады.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың ұйымдық құрылымы Мемлекеттік бағдарламаның Басқарушы кеңесін, Мемлекеттік бағдарламаның басқару кеңсесін, Жобалық жұмыс топтарын, Мемлекеттік бағдарламаны басқарудың өңірлік кеңселерін ашуды қарастырады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды