- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы ҚР-ның 160 аудан орталығында КҚО ашылады – Б.Жәмішев
2014 жылы ҚР-ның 160 аудан орталығында КҚО ашылады – Б.Жәмішев
«Барлық 16 ірі қала мен Семей қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылды. Барлық 27 моноқалаларда кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс істеп тұр. 2014 жылы Қазақстанның барлық 160 аудан орталықтарында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылады», - дейді министр.
Оның айтуынша, елімізде халыққа жақын ақпараттық-кеңес беру орталықтар желісі құрылады және оқыту бағдарламалары бойынша жұмыстар жандандырылады.
«Атап айтар болсақ, бастауыш кәсіпкерлерге арнайы «Бизнес-кеңесші» бағдарламасымен қатар өз кәсіптері бар кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-өсім» жобасы ашылады. Барлық КҚО-да Жас кәсіпкерлер мектебі қызмет ететін болады», - дейді Б.Жәмішев.
Министрдің айтуынша, телевидение мен ғаламторда бірқатар визуалды бағдарламалар енгізілу жоспарлануда.
«Біз кәсіпкерлер жетістіктерінің тарихын көрсетеміз. Олардың өз еңбектерімен жеткен биіктері жайлы, әр саладағы бастауыш кәсіпкерлік жайлы мағлұматтар береміз. «Даму» қоры «Жетістік тарихы», «Арнайы репортаж», «Бизнес аумағы» атты бағдарламаларды дайындап қойды», -дейді министр.
Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен бизнес идеяларының жинағы кеңінен таратылады. Онда 100 модельді қанатқақты жобалар енгізіледі.
«Бұл кәсіпкерліктің беделін арттыра түседі. Нәтижесінде халықтың бизнесті тек тендер арқылы жүргізуге болады деген ойынан арылтады. Елдегі кәсіпкерлік мамандануды кеңінен таратады», - дейді министр.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»