• Басты
  • Рухани жаңғыру: Былтыр 49 790 адам ауылдардан көшіп кеткен
25 Қазан, 2018 14:09

Рухани жаңғыру: Былтыр 49 790 адам ауылдардан көшіп кеткен

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында АӨК алдына еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын 5 жыл ішінде кемінде 2,5 есе арттыру жөнінде қойған міндеттерді орындау бойынша нақты істер жүзеге асырылуда. «Astana AgroForum 2018» шарасында АӨК-ні дамыту және оның салалық бағыттарын дамытуды көздейтін 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы талқыланды. Өңірлерден жиналған сарапшылар Жолдаудағы АӨК саласына қатысты бастамаларды қалай жүзеге асырудың алғышарттарын талқылады.
Рухани жаңғыру: Былтыр  49 790 адам ауылдардан көшіп кеткен | Strategy2050.kz

Форумда  алғаш рет  мемлекеттік бағдарламалардың   Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеуіне ерекше көңіл бөлінді.  Елбасы биылғы Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісу қажеттігін айтып,  ол үшін  арнайы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске қосылуын тапсырған болатын. «Рухани жаңғыру»  аясында жүзеге асырылатын   жобаның өзге жобалардан қандай ерекшелігі болатынын ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов айтып берді.

«Бүгінде елдің  мыңдаған азаматы үлкен қалаларға ұмтылады. Қалаларға шоғырландыру  үрдісі  жаһандық  болып есептеледі. Алайда, бұл үрдіс тек бір жаққа ғана бағытталғаны дұрыс емес. Яғни,  ауыл аймақтарында  да  даму әлеуетін қалыптастыру қажет.  «Серпін», «Қолжетімді баспана» мен  «Жұмыспен қамту», «Дипломмен ауылға»  сынды бағдарламалар  жұмыс істеп жатыр. Бірақ, ауылдардағы көрініс қазір басқа. 2017 жылы 49 790 адам ауылдардан көшіп кеткен. Бұл ресми статистика болып саналады.   Орта мектепті бітірушілер де ауылдың әлеуеті төмен  деп санап,  ірі қалаларға асығады», - деді С.Қалқаманов.

Кеңесшінің айтуынша,  оларды үлкен қалаларда ешкім күтіп тұрмайды.  Сол үшін ауылда  тұрған қаладан кем деген таптаурынды  бұзу керек. 

«Жастар ауылда  әлеуетті даму көздерін көре алмай отыр. Ол үшін мемлекет пен азаматтық қоғам, агробизнес және Үкімет бірігіп маңызды қадам жасауы керек. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлердің мәртебесін көтеру керек. Себебі, ауыл шаруашылығы саласында қызметкерлердің жұмысы өте ауыр. Біз осы бағдарламаны іске асырып,  оларға өз кәсібін ашып, ауылда дамуға мүмкіндік жасауымыз керек», - деді ол

С.Қалқаманов айтып  өткендей,  белсенді әлеуметтік  бизнес өкілдерін адами капиталдың өсуіне, жұмыс істейтін ауылдарда ел санының өскені  де көрініп отыр.

«Солтүстік Қазақстан, Алматы  және Павлодар облысында  осындай өзгерістерді байқап отырмыз. Біздің жастар ауылға барған кезде олардың өзіне деген құрметі де арта түседі. Елбасы айтқандай, ауыл шаруашылығы саласында біз серпіліс жасауымыз керек. Бұл жерде жаңа технологиялар мен трансферттерді тартуымыз керек. Болашақтағы аграрлық сектордың алға жылжуы адамдардың көзқарасын  өзгертуге байланысты деп ойлаймын. Табиғи ресурстар да шектеулі. Олар да таусылады. Ал, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі мемлекеттік қолдау көрсеткен жағдайда дамиды. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасын  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында екіге бөлдік. Ол ауылым- тағдырым. Ауылдық аймақтарды дамыту мәселесін де қарастырып жатырмыз», - деді С.Қалқаманов.

Оның айтуынша, «Ауыл-ел бесігі» аясында біз 60 әртүрлі шара ұйымдастырылады. Оның барлығы «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

«Тәрбие  және білім деген бағыт бар. Онда белгілі бір әлеуетті береміз. Балаларға  мамандық таңдауда ықпал етеміз деп ойлаймын. Оларды кәсіби  бейімдеу мәселесі алға тартылып отыр. Ауыл шаруашылығы аясында  жұмыстағы өз болашағының әлеуетін көрсете алу керек. Ауылға жаңа техника апаруымыз керек, жаңа технологиялы техникамен қамтамасыз етсек, тартымды болады. Бұл саланы дамыту үшін инновациялар мен кәсіпкерлікті тартуымыз  қажет», - деді С.Қалқаманов.

Ауылдарды дамытуға қатысты  2-3 жыл сайын жаңа бағдарламалар шығады, алайда ауыл тұрған жерінде сол қалпы тұр. Бұл бағдарламаның  өзге бағдарламалардан тиімділігі қандай? Деген сұраққа кеңесші былай жауап берді.

«Бұл бағдарламаның ерекшелігі мен жүзеге асатынының кепілдігі  біздің осылай жиналғанымыз. Бұрын-соңды азаматтық қоғам, министрлік пен бизнес, жергілікті атқару органдары  ашық проблемаларды шешу   үшін басқосу өткізбеген  еді. АӨК-нің бағдарламасы өзгеріске ие болды. Ол мүлдем жоғалған жоқ. Тек, қазіргі кезеңге сәйкестендірілді. Біз жоғарыдан, министрлік тарапынан қашан бұйрық келеді деп күтпеуіміз керек. Бірлесе отырып, білек сыбана кірісуіміз керек. Қалалық тұрғындар дүкенге барғанда отандық өнімдерді сатып алады. Тіпті, балық, сүт өнімдерін тұтына алады. Біз ештеңеге қол жеткізбедік деп арыздана  бермей, жұмыс істеуіміз керек. Көженің қоюын қою, сұйығын сұйық деп айтуымыз керек», - деді С.Қалқаманов.

Сонымен қатар, ауылда өз кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің де айтары бар.

«Галицкая» ЖШС бас директоры  Александр Кастицын  оның шаруашылығы Павлодар облысының орталығынан  145 шақырымда орналасқанын айтты.

«Біздің ауылымыз  Алтай мен Ресей өңірімен шекаралас жатыр. Ауыл шаруашылығы үшін онша ыңғайлы емес, 42 мың жер көлемі, қазақтың ақбас  ірі қарасынан   5 мың бас бар. 1500 жылқы,  4 мың қаз өсірілуде. Күнбағыс майын өндіретін зауыт пен  2 наубайхана бар», - деді ол.

Маман бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне  тоқтады.

«93 жылдан бері осы шаруашылықтың басшысы болып жұмыс істеймін. Біз үнемі  әлеуметтік мәселелерге өте көп көңіл бөлеміз. Қазіргі кезде ауылдағы барлық тұрғындардың үйлері  орталық жылу жүйесіне қосылған. Үйлерінде де барлық жағдай бар. 2 орта мектеп пен  2 балабақша бар», - деді ол.

А.Кастицын айтып өткендей, Елбасы өз Жолдауында еңбек өнімділігінің арттыру мен азаматтардың ыңғайлы өмір сүруін қамтамасыз ету.

 «Кеңес кезінде ауыл мен қалада тұратын  тұрғындардың айырмашылығы болмау керек деп айтатын еді. Қазір өкінішке қарай, ауыл мен қаланың айырмашылығы үлкен. Ауылда жүзеге асырылатын бағдарламалардың басым бөлігі бизнеске байланысты. Менің ойымша, ол ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын дамыту  үшін жақсы. Қазіргі кезде мемлекетте қабылданып жатқан бағдарламалар қала тұрғындарына қатысты. Солардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Осы орайда, бізге арнайы бағдарлама керек сияқты», - деді ол.

Айта кетейік, шарада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Қазақстан Азаматтық Альянсының» заңды тұлғалар бірлестігі арасында меморандумға қол қойылды.  Бұл қадам  жыл сайынғы Елбасы Жолдауындағы «Ауыл-ел бесігі» тапсырмасының арнайы  жобасын орындау  аясында мемлекеттік органдар мен азаматтық  қоғам күш-жігерін біріктіруге бағытталған. 

Естеріңізге салайық, Astana AgroForum  2018 – жаһандық мемлекеттік жоба, басты мақсаты АӨК саласындағы еңбек өнімділігін арттыру және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын алдағы  5 жылда  2,5 есе  ұлғайту болып табылады. Шараға  800-ден аса адам, халықаралық сарапшылар, ауыл шаруашылығы  өнімін өндірушілер, жергілоікті атқарушы билік басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды