• Басты
  • Жолдау - жүзеге асырылып жатқан стратегиялық бастамалардың заңды жалғасы – депутат
24 Қазан, 2018 14:51

Жолдау - жүзеге асырылып жатқан стратегиялық бастамалардың заңды жалғасы – депутат

Мәжіліс депутаттары Жолдаудың басым бағыттарына, оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру саласына баса назар аударады. Атап айтқанда, зейнетақы, жалақы, денсаулық сақтау, білім беру салаларының қолжетімділігін арттырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ерекше мән беріп, өңірлерде түсіндіруде.

Жолдау - жүзеге асырылып жатқан стратегиялық бастамалардың заңды жалғасы – депутат | Strategy2050.kz

Мәжіліс депутаттары М.Чирков, А.Тасболатов, Б. Ізмұхамбетов және А. Мурадов Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесуде. Депутаттар облыстағы сапарлары барысында Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылындағы «Шлюмберже» мега-базасының жұмысымен танысты.

Шлюмберже компаниясы әлемнің 80-ге жуық елдерінде істейтін, 140 түрлі ұлттан тұратын 100 мыңға жуық жұмыскерлері бар дүниежүзілік ірі мұнай саласындағы қызмет көрсету корпорациясы.

Шлюмберже сейсмикалық ақпарат пен формацияның дамуы процесі, ұңғы тесті мен тура бұрғылау, ұңғы цементтеу мен қоздыру, жасанды көтеру, ұңғыны аяқтау және консалтинг, бағдарламалар мен ақпаратты басқару сияқты кең ауқымды өнімдер мен қызметтер ұсынады.

 Бүгінгі таңда компанияның Маңғыстау облысындағы базасында 300-ге жуық адам еңбек етуде.

Кездесуде еңбек ұжымы халық қалаулыларына өз-ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.

Сондай-ақ,  өз кезегінде  Мәжіліс депутаттары Серік Үмбетов, Бақытжан Ертаев, Зағипа Балиева, Нұрлан Дулатбеков, Жексенбай         Дүйсебаев Алматы облысындағы сапарлары барысында Талғар ауданындағы Кеңдала ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты – Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың халқына арналған Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау және түсіндіру.

«Биылғы Жолдау осыған дейін жүзеге асырылып жатқан стратегиялық бастамалардың заңды жалғасы. Халқымыздың әл-ауқатын, тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелер нақты шешімін табатын болады. Яғни, әр отбасының, әрбір адамның жағдайын, тіршілік ортасын жақсартуға арналған. Елбасының дәстүрлі Жолдауында білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті дамыту, сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру, мемлекеттік қызметтің тиімділігін көтеру сияқты күнделікті өмірдегі мәселелерге ерекше мән беріліп отыр», - деді депутат Нұрлан Дулатбеков.

Кездесуде Талғар қаласындағы №1 орта мектеп директоры Замзагуль Мушрапилова ұстаздар қауымының беделін көтеруге қатысты пікір білдірсе, ауыл жастары да «Жастар жылына» байланысты келер жылға жоспарланған шаралар туралы айтты.  

«Елбасы Жолдауының әр тармағы халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеріп, табысы мен тұрмысын жақсартуға бағытталған. Біз бұл жұмысты бірлесіп жасауымыз керек. Ауыл тұрғындарының әлеуетін көтеру, жастарға демеу көрсетіп, болашағына дұрыс бағыт-бағдар берсек қана, егемен еліміздің тұғыры бекем, тіршілігі бейбіт болмақ. Елбасы ұсынған «Ауыл – ел бесігі» жобасы Кеңдала ауылының тұрғындарының көңілінен шықты. Біз жоба аясында келер жылға қойған мақсат міндеттеріміз көп, азаматтарымыздың қолдауы да бар», - деді Кеңдала ауылының әкімі Алмас Өмірзақов.

Ауыл тұрғындары бірқатар өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеріп, айтылған барлық ұсыныс-пікірлер Мәжіліс депутаттарының назарына алынды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды